Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Негізгі және туынды зат есім -

Негізгі және туынды зат есім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1757 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің тұлғасына қарай негізгі және туынды зат есім болып бөлінетінін, туынды зат есім жұрнақ арқылы жасалатынын меңгерту
Табыс критерийлері сабақтың мақсатын түсіну үшін:
1.Зат есімнің негізгі және туынды болып бөлінетінін білемін.
2. Негізгі және туынды зат есімнің ережесін білемін.
4.Сөйлем арасынан негізгі және туынды зат есімді таба аламын.
5.Түбір сөзден жұрнақ арқылы туынды сөз жасай аламын.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«Мен ризамын» жаттығуы, «Веер» әдісі, «Сұрақ-жауап» әдісі, «Ребус» ойыны, Сызбалық тест, «Сәйкестендіру тест» әдісі, «Қысқа тест сұрақтары» ойыны, «Фишбоун» әдісі
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе кезеңі: 1.« Мен ризамын» жаттығуы арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып алу.2 минут.
2.«Туынды сөз, Зат есім және түбір сөз» –сөздері арқылы топқа бөлу.1-минут
3.Табыс критерийлері арқылы сабақтың мақсатын түсіндіру.
3.Табыс критерийлері оқушылар өз-өзін бағалау үшін:
5.Фишбоун әдісі арқылы жауап бере аламын.
4.»Сызбалық тест» әдісі арқылы сөйлем құрай аламын.
3. «Сәйкестендіру тесті» арқылы сөйлемді сәйкестендіре аламын.
2.Ребусты шеше аламын.
1. Сұрақтардың барлығына жауап бере аламын.
0. Үй тапсырмасына «Веер» әдісі арқылы сұрақ жазып, жауап бере аламын.
Бағалаудың жемістер арқылы топт және табыс кпитерийлері арқылы өз-өзін стикер жапсыру арқылы бағалаланатынын түсіндіру. «Жүзім-3 балл», «өрік-2 балл», «алма-3 балл» болып есептелінетінін түсіндіру.2-минут
Үй тапсырмасын «Веер» әдісі арқылы оқушылар параққа өткен тақырыптар бойынша сұрақ жазып бір топ келесі топқа береді.Келесі топ жауап жазады. Дұрыс жауапты бағалайды.8-минут
ІІ. Тұсаукесер кезеңі: «Сұрақ- әдісі» арқылы сұрақтар қою.5-минут
1.Түбір сөз дегеніміз не?
2.Туынды сөз дегеніміз не?
3.Жұрнақ деген не?
4Зат есім деген не?
Әр топ жауапты плакатқа жазып, топтан бір оқушы оқиды. Оқушылар тапсырманы дұрыстығын тексеріп, топты бағалайды.
ІІІ. Негізгі бөлім.1. «Ребус» ойыны арқылы оқулықтағы жасырын сөздерді оқушыларға таптырып, түбір мен жұрнақты оқушыларға таптыра отырып жаңа сабақты түсіндіру.Зат есімнің негізгі және туынды болып бөлінетінін өздері түсініп айтуға жағдай жасау. Ережені айту .6-минут
2. «Сәйкестендіру тесті» арқылы үш топқа тапсырма беру . 7-минут
Жылқы лық кітап лық жазу шық
оқу шы сый хана ойын шы
Оқушылар тапсырманы топ болып орындап бір оқушы қорғайды. Негізгі зат есім мен туынды зат есімді ажыратады. Жұрнақтарын айтып көрсетеді.
3. «Сызбалық тест» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма беру. Жұрнақтарға түбір
сөзді тауып жазуы

-шы -ші -хана
.
3. Берілген жұрнақтарға түбір сөзді тауып жазуы керек. Орындаған тапсырманы тақтаға шығып бір оқушы оқиды. 6минут.
.1. «Фишбоун» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар жазған парақты беремін оқушылар топ болып ережені толықтырып, жазып шығады. Әр топтан бір оқушы оқиды. 7минут

1Зат есім дегеніміз не? 2.Неігізгі туынды зат есім дегеніміз не?
3.Туынды зат есім дегеніміз не?
4.Екеуінің айырмашылығы неде? Мысал келтір

ІҮ. Қорытынды. 1.«Қысқа тест сұрақтары» ойыны арқылы оқушыларға 5-сұрақ беріп жауабын тақтаға іліп тексерту. Тест жауабы арқылы жиынтық бағасын оқушылар айтады.Жиған жемістері арқылы топты бағалап мадақтау.
2. Рефлексия: «Менің үшбұрышым» ойыны арқылы
Нені түсіндім? -жасыл түс .
Нені түінбедім?-қызыл түс.
Сабақтың қай жері ұнады? Келесі сабақтың қалай өткенін қалайсың?-сары түске жауап жазып үшбұрышқа іледі.
Үйге тапсырма: 5-жаттығу.Күнделікке үй тап-
сырмасын жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.