.
.
Сайыс сабақ. Өнерің болса қолыңда, Жарқырап жатар жолыңда.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1373 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: Өнерің болса қолыңда,
Жарқырап жатар жолыңда.
Сабақтың мақсаты: Ата бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне мән беретін қыз балаларға ұғындыру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін жоғарлатуға, іскерлікке, шеберлікке үйрету.
Дамытушылығы: Қолөнер сырын түсіне отырып ізденуге, танымдылық қабілеттерін арттыруға ықпал ету. Эстетикалық тәрбие беру, өнерге ынтасын, қабілетін, шапшаңдығын дамыту.
Тәрбиелік: Халқымыздың асыл мұрасын түсіне біліп, сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, жақсылыққа, ізгілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пән аралық байланыс: Математика, әдебиет, бейнелеу, технология, тарих
Көрнекіліктер: Таблицалар, үлгілер, қағаз түрлері, ыдыс-аяқтар, қайшы, желім, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар!
«Өнерің болса қолыңда,
Жарқырап жатар жолыңда» ‒ атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
1-ші әділ-қазылар алқасын сайлап алайық;
2 топты ортаға шақырайық
1-топ өнерлі, 2-топ іскер.
І. Сәлемдесу, эмблемаларын таныстыру;
ІІ. Кім шапшаң (картоп тазалау, түйме қадау);
ІІІ. Шеберліктің белгісі (қағаз қалдықтарынан құрақ құрау, атауын түсіндіру);
ІV. Дастархан сәні көкөніс (салат әзірлеу, атауы, жасалу жолдары);
V. Сөзқумақ (12 әріптен 21 сөзқұрау, сағат бейнесімен);
VІ. Сөздің көркі мақал (оқу, білім, өнер, еңбек туралы);
VІІ. Кім тез (ою-өрнек қию, атауын түсіндру);
VІІІ. Қолөнер-мол өнер (қолөнер бұйымдарын көрсету, өздері жасағаған);
ІХ. Әнді сүйсең құлай сүй (ұстаз, өнер, ана, туған жер, туыстық туралы әндер);
Х. Жұмбақ шешу. Олардың жауабын 2 тілде түсіндіру (қазақша, орысша);
ХІ. Қай жақ тез ойланып айтса, сол жаққа ұпай қосылады.
Сөзжұмбақ «Өнерлі бол»
Сұрақтары:
1. Үй жылытатын қара тас. (Көмір-уголь)
2. Қадірлі ас. (Нан-хлеб)
3. Жалқау адам. (Еріншек-лентяй)
4. Мақта неше жылдық. (Бір-один)
5. Бағалы металл. (Алтын-золото)
6. Тағамның дәмін айыратын мүше. (Тіл-язык)
7. Мата түрі. (Барқыт-бархыт)
8. Іс тіккенде қолға киетін зат. (Оймақ-наперсток)
9. Үйге құратын бұйым. (Кілем-ковер)
к Ө м і р
Н а н
Е р і н ш е к
б і Р
а Л т ы н
т І л
Б а р қ ы т
О й м а қ
к і Л е м
Жүргізуші:Еркін ойлап қолөнерді меңгердік,
Мақал айтып, жұмбақ айтып іздендік.
Біліміңді шыңдасаң, ынта болсын өзіңде.
Қиын іс жоқ ғаламда дегендей ендігі сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
Қорытынды сөз: Жеңімпаз топ мүшелерін марапаттау.
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Теректі ауылы
№ 30 Теректі орта мектебінің жоғарғы санаттағы технология пәні мұғалімі Мизамбаева Күлзия Рахымбековна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.