.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Нысандарды өшіру, өшірілген файылдар мен бумаларды қалпына келтіру
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1321 | Размер: | Автор: Публикатор«Қаратөбе» негізгі орта мектебінің мұғалімі
Қонарова Алтынай Орынбасарқызы
Ашық сабақ
(7 сынып)
Сабақтың тақырыбы:
Нысандарды өшіру, өшірілген файылдар мен бумаларды қалпына келтіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға нысандарды өшіру, өшірілген файылдар мен бумаларды қайта қалпына келтіру жолдарын үйрету;
Дамытушылық: өз бетінше компьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, компьютерді қолдана білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: өз бетімен ізденуге баулу, жарыс түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тест тапсырмалары,кескін плакаттар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: ағылшын тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а). Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу.
ә). Сабаққа дайындықтарын тексеріп, құрал саймандарын түгелдеу.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
а). Өткен сабақ бойынша сұрақ жауап. Біз өткен сабақта жаңа қапшық құру, және аттарын өзгерту тәсілдерін үйрендік, олай болса жаңа қапшық құру үшін не істейміз оқушылар ауызша тұрып жауап береді. Сонымен өткен сабақ бойынша екі топқа тест тапсырылады тест 10 сұрақтан тұрады. (5минут) уақыт беріледі. Тест тапсырып болған соң бір-біріне тест парақтарын ауыстырады да, өздері тексеріп шығады. Тақтада жауап парағы ілулі тұрады.Өздері тексеріп алдарындағы параққа балдарын есептеп жазады.
Сергіту сәті бойынша оқушыларға Кім жылдам? Ойыны арқылы тақтада ілулі тұрған кескін плакаттағы сөздерді кері кодттау тәсілімен жасырылған сөзді табу керек, табылған сөзге түсінік беру крек.
К - 8А - 1000 1010 И – 88 – 1000 1000
о- АЕ – 1010 1110 н - АD – 1010 1101
м- АС- 1010 1100 т - Е2 - 1110 0010
п –АF- 1010 1111 е - А5 - 1010 0101
ь – ЕС- 1110 1100 р - ЕО - 1110 000
ю – ЕЕ -1110 1110 н – АD – 1010 1101
т- Е2 - 1110 0010 е - А5 - 1010 0101
е – А5- 1010 0101 т - Е2 - 1110 0010
р –Е0 – 1110 0000
Компьютер Интернет
Екі сөз дұрыс табылған жағдайда бірінші болып дұрыс тапқан оқушы сөзді айтады егер дұрыс болса, мен сол сөзді тақтаға жапсырамын. Ал оқушы сол сөзге анықтама береді. Оқушыға қосымша сұрақ қойып бағалаймын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жою операциясы тек оқытушының бақылауымен ғана жүргізілуі керек!
Нысандарды немесе нысандар тобын жоюдың бірнеше жолы бар.
1.Объектіні белгілеп Del пернесін басу.
2. Белгіленген объектіде тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, динамикалық менюден удалить командасын таңдау.
3. Объектіні белгілеп, қапшық терезесі менюіндегі Файл удалить командасын орындау.
4. Нысанды таңдап, жұмыс үстеліндегі Корзина (себет) белгішесінде апару. Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысын пайдалансаңдар да экранда «Өшіру қажет пе? Деген сұрау терезесі шығады Егер сендер Да (Ия) батырмасын шертсеңдер, онда өшірілген объектілер автоматты түрде Корзинаға салынады. Егер Жоқ (нет) батырмасын шертсеңдер онда жойылмайды.
Біз жойған нысан корзинада оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады.Корзинадағы объектілерді көру үшін, оның белгішесінде тышқанды екі рет шертіп, корзинаны ашу керек. Экранда корзинаның жойылған объектілер аттарының тізімі бар терезесі пайда болады.
Корзинадағы обектіні қайта қалпына келтіру үшін, оны белгілеп файл----восстановить командасын орындау керек, немесе тышқанның оң жақ батырмасымен объектіні шертіп, динамикалық менюден востановит командасын таңдау.
Жаңа сабақты қорыту: жаңа сабақты қорыту бойынша сұрақ жауап.
Екі топтан бір, бір оқушы шығып компьютердегі интернет, және компьютер деген объектілерді жойып, және оны қайта орнына келтіру тәсілдерін үйренеді.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 100 -102 бет оқу.
Тест 7 сынып І нұсқа.
1. Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді?
а. 4 ә. 2 б. 3
2. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
а. Компютер ә). Интернет б). Информатика
3. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалық жүйесі.
а). Жүйелік блок ә). Операциялық жүйе б). Программа
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас.
а). Интерфейс ә). Драйвер б). Модем
5. Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс.
а). Кодтау ә). Сигнал б). Ақпарат.
6. Информатиканың атасы.
а). Ада Лавлейс ә). Чарльз Бэбидж б). Блез Паскаль
7. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.
а). Жүйелік блок ә). Пернетақта б). Принтер
8. Марк-1 есептеуіш машинасы қай жылы шығарылды?
а).1982 ә).1945 б). 1944
9. Түрлі түсті монитор қай жылы шықты.
а). 1982 ә). 1945 б). 1950
10. Пернетақта неше бөліктен тұрады?
а). 5 ә).3 б). 4
7 сынып ІІ нұсқа.
1. Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.
а). Модем ә). Тышқан б). Принтер.
2.Принтердің қанша түрі бар.
а). 5 ә). 4 б).3
3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрылғы.
а). Интернет ә). Компьютер б). Информатика
4. Табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпарат
а). Бейнелі ә). Таңбалы б). Жасанды.
5. 1949 жылы қандай машина құрастырылды?
а). Бэбидж машинасы ә). Холлерит машинасы б).EDSAC машинасы
6. Компьютердің ішкі жады.
а). Тұрақты жад ә). Операциялық жүйе б). Жедел жад
7. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ.
а).себет ә). Қапшық б).терезе
8. Графикалық редактор
а).Excel ә).Paint б). Word
9. Қағаздағы кескінді, жазуды, суретті, түсіріп дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
а). Сканер ә). Тышқан б). Терте
10. Paint терезесінің элементтері қанша бөліктен тұрады.
а). 3 ә).5 б). 8
І нұсқа.
Жауап тілше.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
ә б ә а ә ә ә б а б
ІІ нұсқа.
Жауап тілше.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
б б ә а б б б ә а ә
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.