Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қоғамдық пәндерінде АКТ-ні тиімді пайдалану» -

«Қоғамдық пәндерінде АКТ-ні тиімді пайдалану»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1313 | Размер: | Автор: гость
. «КЕЛІСЕМІН»
МДОІЖО:

____________________И. Ешенкулова «БЕКІТЕМІН»
Ю. Гагарин атындағы ЖОМ директоры:

_______________________Г. Теньгибаева
КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫ
Тарих пәні мұғалімі Е. Жолдыбаев, Ю. Гагарин атындағы ЖОМ

Тақырыбы: «Қоғамдық пәндерінде АКТ-ні тиімді пайдалану»
Жалпы мақсаты: Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктері туралы білімін кеңейту, іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау, оқыту процесінде АКТ-ны мақсатты және тиімді қолдана білуге үйрету, тыңдаушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуге ықпалдастық ету.
Оқу нәтижесі: - Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күрделенірек пайдалана алады;
- АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығын түсінеді;
- Іс-тәжірибесіне енгізуді үйренеді;
- АКТ қолданудың жақсы жақтарын біледі.
Негізгі идеялары: АКТ-ны қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады және оқушылардың шығармашылық потенциалының қарқынын арттыруға мүмкіндік туғызады.Оқу үрдісінде АКТ пайдалану оқушыларды шығармашылық әлеуетін белсендіреді, дүниетанымын кеңейтеді, оқушы ойы, уәжі жинақталады, компьютермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.
Қолданылатын рeсурстaр: Ноутбуктар, интербелсенді тақта, стикeрлер, маркерлер, флипчарттар, слайдтар, видеоматериалдар, доп, жіп, мозайка, «Алақан» (A4 фoрмaты)

КОУЧИНГ БАРЫСЫ:
Сабақтың кезеңдері Уақыты Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Ресурстар
Психологиялық көңіл күй қалыптастыру 3 мин. «Комплимент» активити (тренинг) жасау арқылы қатысушылардың жақсы көңіл – күйлерін, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығы ортаға шығып шеңбер құрды. Мен және қатысушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу. Доп
Топқа бөлу 3 мин. «Мозайка».
Топқа мозайка жинақтау арқылы бөлу. (ДК жинақталуы керек )
ДК құрылғыларының жинау арқылы бір топқа бірігеді. (процессор, монитор, пернетақта)
Коуч: Мен сіздерге ұсынғалы тұрған жаттығу бүгінгі топтың жұмыстың тақырыбын, негізгі түйінін табуға мүмкіншілік береді. Сонымен біз не жөнінде ой бөліседі екенбіз?
(Коучинг тақырыбы айтылады) Қатысушылар өз қалауларымен кескіндерден алып, мозайканы жинақтап топқа бөлінеді. Мозайка
Кіріспе бөлімі 2 мин. «Ужасно интересно» бейнекөрінісін қарау
Коуч: Бейнекөріністің біздің сабағымызбен қаншалықты байланысты деп ойлайсыздар?
Коуч: АКТ аббревеатурасын қандай құрылғылармен ассоциялай алар едіңіз? Бейнекөрініс бойынша мұғалімдер өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді. «Ужасно интересно»
видео
Белсендіру 5 мин. «Идеялар қоржыны»
Тапсырма: «Өзіңіздің мұғалімдік іс-тәжірибеңіздегі АКТ қолдануыңыз туралы» Коуч: Өзіңіздің мұғалімдік іс-тәжірибеңіздегі АКТ сабақ үрдісінде қолдануыңыздан мысал келтіріңіз.
Қатысушылар жазылған стикерлерін озып, қоржынға салады. Бұл жеке жұмыста әркім өз іс тәжірибесі мен білімін нығайтады, тақырып бойынша не білетіндігін, қатысушылардың не ойлайтындығын көрсетеді. Стикерлер, қоржын
Топтық жұмыс
5 мин. «Миға шабуыл»
Тапсырма: «Сабақ үрдісінде коммуникативтік құрылғыларды пайдалану» классер құрастыру
Коуч: Сабақта АКТ-ны және қай кезеңінде тиімді пайдалануға болады? Топ мүшелері өз ойларын ортаға салады флипчартқа кластер құрастырады. Спикерларын дайындайды. Флипчарттар, маркерлер
4 мин. «Зигзаг»
Топ спикерлері сағат қозғалысы бойынша келесі топқа таныстырылым жасайды. Спикерлар топ жұмысын келесі топқа таныстырады. Кластер флипчарттары
Түйінді таныстырылым 7 мин. «Ақпараттық–коммуникативтік технологияларды оқу мен оқыту үрдісінде пайдалану» бейнероликті қарау. Бейнероликті көре отырып талдау жасайды, қайсы әдіс – тәсілдер тиімді екенін өздеріне түртіп алады. Технологии будущего
Практикалық топтық жұмыс 15 мин. Мұғалімдердің АКТ-ны дұрыс пайдалану үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу, әр топқа ноутбук беріледі.
Тапсырмалар:
Слайдтар жасату.
Берілген ресурстар (суреттер, видео, мәтін) бойынша күнделікті өмірде жасап жүрген слайдтарын жасайды.
Жасаған слайдтарын топта талдайды және ең жақсысын аудиторияда көрсетеді, қорғайды Слайдқа видео орналастыруды, суретті қалай қиып алуды, көркемдеуді үйренеді. Ноутбуктар, ресурстар (суреттер, видео, мәтін)
Сергіту 2 мин. «До чего дошел прогресс» (Приключения Электроника) бейнероликті көрсету. Көңілдерін көтереді. «До чего дошел прогресс»
Презентациялау 5 мин. Топтардың ноутбуктарын интербелсенді тақтаға қосылуын қамтамасыз ету. Топ мүшелері жасаған слайдтарын интербелсенді тақтада көрсетіп, аудиторияда жариялайды. Интербелсенді тақта, ноутбуктар, слайдтар
Қорытынды 3 мин. «Құндылықтар спектрі»
Тапсырма: Сабақ үрдісінде АКТ қолданудың «+» және «-» көрсетіңіздер.
Коуч: Пайдалы деген пікірлер көп пе, әлде зиянды деген пікірлер көп пе? Неліктен? Қандай қорытынды жасар едіңіз? Жіптің бір жақ ұшына пайдалы, екінші жақ ұшына зиянды пікірлерді жапсырады. Жіп, стикерлер
Болмыс 2 мин. «АКТ» слайды бойынша өз ойыңмен аяқтау. Қатысушылар керек ақпарат алады. Слайд «АКТ»
Кері байланыс
(рефлексия) 2 мин.
(1 сағ.) «Алақан»
Бас бармақ: Не ұнады?
Балан үйрек: Жаңа не білдім?
Ортан терек: Не жөнінде ойландыңыз?
Шылдыр шүмек: Өз қоржыныма не аламын?
Кішкентай бөбек: Не білгім келеді? Толтырады. Бүгінгі сабақтан алған әсерін сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді. Алақан макеті
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.