Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқшау сөздерді қайталау -

Оқшау сөздерді қайталау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3550 | Размер: | Автор: гость
. Қазақ тілі
8 сынып
Сабақтың
тақырыбы: Оқшау сөздерді қайталау
Жалпы мақсаттары: Оқшау сөздердің негізгі белгілеріне қарап түсінік беру,түрлерін ажырату, тыныс белгісіне тоқталу,өз бетімен талдау дағдысын қалыптастыру; тапсырмаларды беру арқылы қорытынды шығаруға үйрету; логикалық ойлау әдістерін қлыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге баулу;
Оқшау сөздерді ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем,бейнелі сөз ретінде пайдалану,ұшқырлыққа тәрбиелеу; Өз ойларын еркін жеткізуге, көркем сөйлеуге дағдыландыру, іскерлігін арттыру.
Ұйымшылдыққа,өзгенің пікірін толық тыңдауға, өзін-өзі бағалауға бейімдеу.Топтық жұмыс жасау барысында оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау және оқушыларды өздерінің оқудағы жетістіктерін критериалды бағалауға үйрету.
Сілтеме: Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде (21 бет)
• Мұғалімге арналған нұсқаулық.
• 8-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы // авторлары Г.Т.Тұрсынова,
• А.А.Қасымбек, А.Н.Нұрғазы 81-87 б. 2012. Арман-ПВ
Оқу нәтижесі: Теориялық: Әр түрлі дерек көздерден алынған оқшау сөздер туралы қосымша ақпараттарды пайдалану арқылы талқылау жүргізіледі, білімдерін толықтырады. Нақыл сөздерді ұғынып, саралайды, түсінеді.
Грамматикалық:
Оқшау сөздер бойынша меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді.
Негізгі идеялар: • Смайлик қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлу
• Топта жұмыс істеуге дағдыландыру;
• Сыни тұрғыда ойлануға дағдыландыру;
Оқушылар өздері жұмыс жасап білім алып, күнделікті өмірде қолдануға бағыттау және өз еркілерімен білімдерін пайдалану.
Сабақта қолданылатын материалдар: • АКТ: Компьютер, проектор, Microsoft Office Power Point бағдарламасы бойынша слайдтар
• Түрлі-түсті қағаздар (стикерлер)
• сызба
• бағалау парағы
Оқыту әдістері: СТО
Интерактивті оқыту әдістері
(Баяндау;Мәнерлеп оқу;
Кестені толтыру;Өзіндік жұмыс; Сұрақ-жауап.) «Топтау»
«Ойлан,Жұптас. Талқыла» (Kagan,1997)
Дерек көздері: «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде».Интернет көздері мен әр түрлі дерек көздері
Сабақтың өту барысы:
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. (1-3 мин.).
Сабақ басталмас бұрын әр түрлі оқшау сөздерді алу. Оның түрлі іс-әрекеттерін өткізу. Немесе әр оқушы өзіне мақсат, міндет қояды.
Мен - не істеймін (тырысу)
Мен – үшін керек (талаптану, жақсы жауап беру)
Мен – істей аламын (сенімділікпен тапсырмаларды қарау, жақсы орындау)
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатымен таныстыру.
Сыныпты топқа бөлу. Бейджиктер арқылы топқа бөлу. Топтық жұмыс барысында оқушылардың өздерінің оқудағы жетістіктерін бағалайтынын айту.
Топқа арналған оқушылармен бірлесе отырып ереже құру.
Адал болу керек;
Жауапкершілікті болу керек;
Кедергі келтірмеу керек;
Тыңдау мәдениетін ұстану керек;
Әділ болу.
Тапсырманы орындау
Ойын ашық айту
Бірін-бірі бағалау
1-тапсырма.Тест тапсырмалары арқылы өткен сабаққа шолу жасау, ережесін еске түсіру.
Тест сұрақтары:
1. Оқшау сөздердің негізгі қызметі не?
А) сөйлем мүшесі болады
В) сөйлемге түрлі мағына береді
2. Қыстырма сөз деген не?
А) Тыңдаушының назарын аударады
В) Сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді
3. Одағай сөзді белгіле.
Тәйірі сол да қиын ба?
А) сол да
В) тәйірі
4. Сөйлемдегі қыстырма сөздің мағынасы.
Менің байқауымша,ол- сабырлы,ілтипатты адам.
А) сенер-сенбестік
В)мойындау
5. Қаратпа сөз қатысқан сөйлем қайсы?
А) Сөйлей бер, ақ домбырам, күмбірлеген.
В) Сабақ басталып, біз тапсырма орындай бастадық.
6. Одағай сөздің неше түрі бар?
А)5
В)3
7. Қыстырма сөздің орнын көрсет.
Күннің суытатын сыңайы бар, сірә.
А) басында
В)соңында
8. Оқшау сөздің тыныс белгісі.
А)үтір
В)сызықша
9.Одағай сөзден жасалған есімшені тап
Зал ішінен алақайлаған сәбилердің даусы шықты.
А) зал ішінен
В)алақайлаған
10. Қаратпа сөзді тап.
Ал, Бәке, бұған не дейсіз?
А) ал, Бәке
В) бұған не дейсіз

2-тапсырма. «Кім әрі тапқыр, әрі ойлы, әрі жылдам?»
Оқшау сөздерді табу, түріне ажырту,қай шығармадан алынғанын айту.
1. Ана керек, о адамдар,ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда ( Т.Айбергенов «Ана»)
2. –Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?! ( М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»)
3. –Бұрынғыдан мұнысы қиын боды, Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік?
4. –Е,шырағым, жасым секесенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын? (Мадан ханның шешесінің сөзі)
5. –Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды,-деп жауап берді ( Жиреншенің сөзі)
6. –Апырмай-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің? ( Мадан ханның сөзі)
7. Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтіп қоярсың?
( қаратпа )
8. Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар? («Кел, балар, оқылық»)
9. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузына түсті мұртың.
(Абай)
10. Махамбеттің қай өлеңі оқшау сөзден басталады? ( «Қызғыш құс»)
11. Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын! (Абай).
12. Тыңда, дала, Жамбылды,
Тыңда, Қастек, Қаскелең,
Сөйлесін кәрі бауырың
(Жамбыл).

Сергіту сәті. Рөлдік ойын.
- Әй, кемпір! Ертең дәулер қонаққа келеді.
- Ойбай, немізді береміз?
- Тәйт! Ойбайламай:- Үйде ет жоқ,нені асамыз?- десең болды. (дәулер келеді)
Кемпір:- Ойпырым-ай, шал-ай, нені асамыз,үйде дым жоқ?
- Түу, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын, ортаңғы дәудің төсін ас,болмаса, досым дәудің өзін ас!
Дәулер:- Астапыралла, қашайық! (бәрі шығып кетеді)

Әйтеке би:
Асқар тау, сенде бір мін бар –
Асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар –
Өткел бермейсің,
Билер, сендерде бір мін бар –
Басқаға сөз бермейсің!

4-тапсырма. Талдау-табыс кілті ( сөйлем талдау)
Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру, тыныс белгісін қою
1) Түс ауа үйге Рахат келді.
2) Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды.

5-тапсырма. Ғылыми ізденіс.Постер қорғау.
1-топ
1. Қаратпа деген немене,
Сөзбе, әлде сөйлем бе?
2. Тұрақты орны бола ма,
Қаратпаның сөйлемде?
3. Қай тұлғалы қай сөздер
Қаратпа болып келеді?
Мысалмен сипаттап,
Кім оны айтып береді?
4. Қандай тыныс белгісін,
Қаратпа керек етеді?
5. Талдағанда сөйлемді,
Қаратпа қайда кетеді?
6. Сөз бөлшегіне талдап көр,
Түбірін тауып байқап көр,

2-топ
1.Қыстырма деген немене,
Сөзбе, әлде сөйлем бе?
2. Тұрақты орны бола ма,
Қаратпаның сөйлемде?
3. Қай тұлғалы қай сөздер
Қаратпа болып келеді?
Мысалмен сипаттап,
Кім оны айтып береді?
4. Қандай тыныс белгісін,
Қыстырма керек етеді?
5. Талдағанда сөйлемді,
Қыстырма қайда кетеді?
6. Сөз бөлшегіне талдап көр,
Түбірін тауып байқап көр,
Неше түрлі онда мағына бар?
6. Графикалық диктант алу. Мәтінді интерактивті тақта арқылы беремін.
(Әр сөйлемнен оқшау сөзді тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі оқшау сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек)
1. - Сіздіңше, теміржолға тіке тартқан дұрыс па?
2. – Бетіңнен тайма, қызым!
3. Дау жоқ, келісімді орындау керек.
4. Өрт болмағай еді, ойпырмай - ай!
5. – Мектепке қарауылшы керек деп едіңіз, аға, сол рас па?
6. – Шырағым, байқағайсың, құлап қалма.
7. - Пәлі! Ақын ғой мынауың! – деді Қоржынбай.
8. - Ал, Бәке, бұған не дейсіз?
9. «Бәрекелді! Батыр!» - деп, шуласып жатыр.
10. - Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой!
11. – Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып.
12. - Апыр-ау, бұл кімнің қызы болды екен?
13. Оның айтуынша, Шеген хатты сирек жазады.
14. Бүгін,меніңше, қоймаға он жеті арба тары кетті.
15. Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? – деді.

Одағай

қыстырма

қаратпа

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

Бағалау: Өзара бағалау (кесте)
Рефлексия: Оқушылар өтілген сабақтан қандай әсер алғандығын, сабақтың қалай өткендігін смайликтер арқылы жеткізді. Рефлексия алынды.
Оқушылармен жүргізген сауалнама
1.Топтық жұмыста не ұнады?
2. Қойған мақсатыңа жеттің бе?,
3.Не қызықты болды?
4.Не нәрсе ұнамады?

Нені біліп, нені меңгеру керек.
Оқшау сөздер деген не?
Олар сөйлем мүшесі бола ала ма?
Оқшау сөздердің сөйлемге қандай қатысы бар?
Қаратпа сөз деген не?
Қаратпа сөзді бастауыштан қалай ажыратамыз?
Қаратпа сөздердің жасалуы, құрамы, орын тәртібі, тыныс белгілері туралы айт.
Қыстырма сөз деген не?
Қыстырма сөздің қаратпа сөзден айырмашылығы Қыстырма сөз деген не?
Қыстырма сөздің қаратпа сөзден айырмашылығы неде?
Қыстырма сөздердің жасалуы, құрамы, орын тәртібі, тыныс белгілері туралы айт.
Одағай сөздер қандай жағдайда қолданылады?
Одағай сөздер тұтас сөйлемге қандай мағына үстейді?
Одағайдың сөйлемдегі орын тәртібі мен тыныс белгілерін айтып беріңдер.

Бағалау парағы Оқушылардың аты-жөні_______________________________

Іс-әрекет тапсырмалар

Міндеттерді бөлісуге қатысып, өз міндеттерін орындайды.
Түрлі идеялар ұсынады.
Топтағы талқылауға белсенді қатысады (дамытады, ұсынылған идеялар мен айтылған ақпаратты жалпылайды)
Топ мүшелеріне көмектеседі.
Мұқият тыңдап, тиісті сұрақтар қояды.
Талқылау жүргізе алады (сыпайы қарсылық білдіреді, дау тудырған сұрақтар бойынша дегеніне жетеді, басқалардың келісімін алады).
Бар көңілі мен ықыласын берілген оқу тапсырмасына жіберіп жұмыс жасайды.
Баға

Бағалау парағы Оқушылардың аты-жөні_______________________________

Іс-әрекет тапсырмалар

Міндеттерді бөлісуге қатысып, өз міндеттерін орындайды.
Түрлі идеялар ұсынады.
Топтағы талқылауға белсенді қатысады (дамытады, ұсынылған идеялар мен айтылған ақпаратты жалпылайды)
Топ мүшелеріне көмектеседі.
Мұқият тыңдап, тиісті сұрақтар қояды.
Талқылау жүргізе алады (сыпайы қарсылық білдіреді, дау тудырған сұрақтар бойынша дегеніне жетеді, басқалардың келісімін алады).
Бар көңілі мен ықыласын берілген оқу тапсырмасына жіберіп жұмыс жасайды.
Баға

Бағалау парағы Оқушылардың аты-жөні_______________________________

Іс-әрекет тапсырмалар

Міндеттерді бөлісуге қатысып, өз міндеттерін орындайды.
Түрлі идеялар ұсынады.
Топтағы талқылауға белсенді қатысады (дамытады, ұсынылған идеялар мен айтылған ақпаратты жалпылайды)
Топ мүшелеріне көмектеседі.
Мұқият тыңдап, тиісті сұрақтар қояды.
Талқылау жүргізе алады (сыпайы қарсылық білдіреді, дау тудырған сұрақтар бойынша дегеніне жетеді, басқалардың келісімін алады).
Бар көңілі мен ықыласын берілген оқу тапсырмасына жіберіп жұмыс жасайды.
Баға

Бағалау парағы Оқушылардың аты-жөні_______________________________

Іс-әрекет тапсырмалар

Міндеттерді бөлісуге қатысып, өз міндеттерін орындайды.
Түрлі идеялар ұсынады.
Топтағы талқылауға белсенді қатысады (дамытады, ұсынылған идеялар мен айтылған ақпаратты жалпылайды)
Топ мүшелеріне көмектеседі.
Мұқият тыңдап, тиісті сұрақтар қояды.
Талқылау жүргізе алады (сыпайы қарсылық білдіреді, дау тудырған сұрақтар бойынша дегеніне жетеді, басқалардың келісімін алады).
Бар көңілі мен ықыласын берілген оқу тапсырмасына жіберіп жұмыс жасайды.
Баға
6.Код арқылы диктант алу. (Әр сөйлемнен оқшау сөзді тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі оқшау сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек)

Одағай

қыстырма

қаратпа

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

6.Код арқылы диктант алу. (Әр сөйлемнен оқшау сөзді тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі оқшау сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек)

Одағай

қыстырма

қаратпа

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

6.Код арқылы диктант алу. (Әр сөйлемнен оқшау сөзді тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі оқшау сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек)

Одағай

қыстырма

қаратпа

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

Ұйғыр ауданының білім бөлімі

Оқшау сөздерді қайталау
(Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы)

№4 Шонжы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Жұмағожаева Камшат Құлжабекқызы

Шонжы – 2014 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.