.
.
Маңғытай Қадиша Ысқаққызы Оқу процесін Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі негізінде ұйымдастыру.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2097 | Размер: | Автор: гостьЖаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы
№7 орта мектеп математика пәні мұғалімі
Оқу процесін Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі негізінде ұйымдастыру.
Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып, білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі белсенді оқушылардың энергиясын кезекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік негізді, өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындауда еліміз бойынша біртіндеп енгізіле бастаған Кембридж университетінің оқыту Бағдарламасын негізге алу – білім саласына үлкен өзгеріс әкелмек.
Бағдарлама бойынша жұмыстану барысында мектеп оқушыларын бұрынғы дәстүрлі жүйедегі тек білімді қабылдап қана қоюдан , сол білімін теориялық көрсете білуден оны практикада пайдалану дағдысына көшіру басты мақсат болып отыр. Бұл жерде оқушының тек танымдық қызметі ғана емес, сонымен бірге эмоционалдық, психомоторлық қабілеттерінің де іске қосылып, материалдың игерілу деңгейінің де, пайдаланылу деңгейінің де арта түсетіндігі байқалды. Елбасы бастамасымен әрбір өңірде Назарбаев зияткерлік мектептері ашылды, басты мақсат орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептердегі оқыту деңгейіне жеткізуді көздейді. Сондықтан ұстаздар тәжірибесін әрдайым жетілдіруі керек.
Оқу үдерісі күрделі процес. Оны ұйымдастыру үшін барлық жағдайларды назарға алған жөн.Ұстаздың біліктілігі оқушының сапалы білім және өнегелі тәрбие алу кепілі болмайды,ол оқу үдерісін жақсы ұйымдастыру құралына айналдырғанда ғана нәтижелі болады.Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды.Зертеушілер оқитын пәніне қарамастан ,басқа оқу нысанында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп,соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр.Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптастарына анағұрлым көңілі толатын сияқты болып көрінеді.Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.
Ынтымақтастық оқу оқуды табиғы әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Оқудың ынтмақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі,өйткені олар түрлі көзқарасты тыңдап,өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды.Топтың жұмысы тиімді болу үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді.Бұл жұмысты сырттай бақылап жүргендей көрінетін ұстаз алдын ала өз қалауынша ұйымдастырады. Оқу процессін Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі негізінде ұйымдастыру үшін тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау қажеттілігі туындайды. Біздер оқушыларға білімді береміз және қайтып алатын едік,яғни оларға үйретпесек үйрене алмайды деген ой қалыптасқан еді. Егер жақсы үйрететін болсақ, онда неге оқушыларымыздың бәрі үздік және тәрбиелі бола бермейді?Оқушылар өздігінен оқи бермейді, оқитын болса оқулықта керекті ақпарат бар ғой, себебі зертеушілердің айтуы бойынша мектептен, ата- аналардан гөрі балаларға қоршаған ортаның әсері анағұрлым көбірек әсер етеді екен. Сондықтан оқу бағдарламасына сәйкес жазылған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын әрбір оқушының электронды жәшігіне жыл басында жіберген дұрыс болар еді.Оқушы қашан,нені және қалай оқу керектігін алдын ала дайындалатын болады.Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясаты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесіне деңгейлік бағдарламасының барлық жеті модулі (оқытуды басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес оқыту және оқу, қалай оқу керектігін үйрену, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту АКТ-ны пайдалану.) ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.
Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:
Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы.
Сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру.
Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу.
Оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау.
Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету.
Барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау.
Оқу мақсаты мен оның нәтижелері.
Мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табылады.Мақсат қол жетімді болу тиіс, яғни өлшенілетін 45 минута немесе 90 минутта үлгеретін қандай?,неше?,қаншалықты? сұрақтарға жауап беретіндей болуы керек.Осыған байланысты, оқыту және оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зертеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері:
Оқушыға бағытталуы керек
Белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек.
Оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болуы қажет.
Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі сабақты жоспарлаумен ғана шектеліп қана қоймай мектепті, зертеуші- мектепке қоғамды өзгертетін нысанаға айналдыруды көздейді. Балаға білім мен тәрбие беруді тек қана мектепке жүктей бермей оқушының-да, ата-ананың да жауапкершілігін арттыру керек. Мектеп басшысы күнделікті жұмысты жоспарлағанда өктемділік таныта бермей, оқу үдерісіне қатысатын барлық тараптардың ойымен санасуы тиіс. Мектептер қызметкерлердің ғана емес, оқушылардың, ата-аналардың да бағалы әлеуетін пайдалана алмайтын болса, оны пайдалануға құқылы болмаса, өткеннің қатесін қайталамақ. Бұл білім саласындағы басшылардың көшбасшылықты сауаты бөлісуі керектігін көрсетеді. Бөлінген көшбасшылық шын мәнінде білім беретін зияткерлік мектептердің қалыпты жағдайы болып табылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.