Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқушы шығармашылығын сабақ барысында жетілдіру -

Оқушы шығармашылығын сабақ барысында жетілдіру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: гость
. Баянкүл Онбаева,
№22 жалпы орта мектеп директорының
бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары,
Түркістан қаласы.

Сабақтың тақырыбы:Оқушы шығармашылығын сабақ барысында жетілдіру

Өркениеттің ұлы жемісі өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік толыққанды азамат болып тәрбиеленіп шығуында көрінеді. Қай ел болмасын өз қоғамындағы жас ұрпақтың жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай мәдениетті, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасуын басты негіз деп санайды.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет бүгін үлкен өзгеріс үстінде. Оқушыларға қажеттілік, олардың дайындық сапасын анықтаушы мемлекет тарапынан болып табылған болса, бүгін олардың білім сапасына деген сұраныс ата-ана, кәсіби қоғам, әлеуметтік орта, мемлекет тарапынан айқындалып отыр. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы негізінде жүргізілген зерттеулерге тоқталар болсақ, өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастаудың қажет екендігін айқын көрсетеді.
Оқушы өз бетімен жұмыс жасау барысында ешқандай пәнге қатынасы жоқ ситуацияның шешілу жолдарының өзіндік вариантын жасай білуі қажет. Әр тапсырманың – шешімі нақты анықталмаған, өзіндік шешімді талап ететін өмірлік ситуация. Яғни, бір тапсырманы екі оқушы өз тәсілін пайдалана отырып, мүлдем басқа жолмен шешуі мүмкін. Бұл шешілу тәсілдерінің және тапсырма шешімінің тек белгісіздік жағдайында оқушының нақты шешім қабылдауындағы шығармашылығы, ол оқушының құзырлылығын көрсете білу деп қарауымыз керек.
Зерттеулерде ғалымдар құзырлылықты маманның «айналымға» түсудегі қажетті шарты деп қарастырады да, төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
Тұлғааралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;
- Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
- Қызметтің құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
- Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
- Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;
- Сын тұрғысынан ойлай білуі және тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Құзырлылықты, Джон Равен, танымдық, пәндік-практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі деп пайымдайды.
Қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесінде қандай да бір нақты қызметке дайындық деңгейін анықтау үшін «адамның бірнәрсеге дайындығы» негізгі критерий ретінде қарастырылып, ғылыми түрде бірнеше диссертациялық еңбектер арқылы дәлелденіп келген болатын.
Өйткені оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы арқылы өлшенетін сапа, қабілет – құзырлылық.
Бүгінгі тұлға жылдар өткеннен кейін тарих беттерінен табылып менталитетті қалыптастырады. Сонда кешегі тұлға тәжірибесі негізінде қалыптасқан менталитет бүгінгі ұрпақ үшін тұлға тәжірибесі ретінде үздіксіз білім беру жүйесі арқылы білім мазмұнына ендіріліп, тұлға тәжірибесінің, ұлттық менталитетіміздің тәлімдік мәні ашылады.
Кешегі өткен тұлғалар тәжірибесінен олардың тұлғалық қасиеттерін, адамдық болмыстарын, құндылықтарын оқи, зерттей, үлгі тұта отырып, өз тұғырындағы өмір талабына сай «мәдениетін» қалыптастырамыз. Бұған бүгінгі төл оқулықтарымыз толық жағдай жасап отыр.
Жеке тұлғалық парадигма – бұл қасиеттері алдын-ала анықтыалған тұлға қадыптастыру емес, тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттерінің жарық көруіне, тұлғалық дамуына жағдай жасау. Тұлғалық компоненттің мәні әр оқушының өзіндік тәжірибесі білім мазмұнына немесе оқулықта берілетін тапсырмаларға ендірілген жағдайда ғана ашылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті, авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Бастауыш сыныптар бірлестігі мұғалімдерінің мақсаты: бастауыш мектептің педагогикалық процесіндегі инновациялық технологияның тиімділігін арттыру.
Міндеттеріміз:
- Әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.
- Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке дара ерекшеліктерін ескеру.
- Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.
- Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайында бейімдеу.
Қорыта айтқанда, «Мектептің жаны мұғалім». Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, сол мектептен балалар көбірек білім алып шығады. Ең әуелі мектепке керегі – білікті маман, жаңашыл мұғалім. Әрбір ұстаз алдын ала өзін-өзі педагогикалық жұмысқа іштей бейімдеуі керек, инновациялық ынталық пен табандылыққы үйренуі қажет және өз сенімін оқушыға жеткізе білуі керек.
Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді», - деген.
Мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісін рухани, дамыта отырып, инновациялық ізденіспен жұмыс істеп, білігі мен білімі жоғары ұлағатты болуы керек.
Ал, ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.