Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАСЫНА БАУЛУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ -

ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАСЫНА БАУЛУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1613 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы , Түркістан қаласы,
«Қарашық» жалпы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Нишанбаев Гулам
ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАСЫНА БАУЛУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазіргі кезде білім беру саласының алдына білім берудің жаңа жүйесіне көшу, және оның сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім берудің сапасын көтеру міндеті қойылып отыр.
Көп жылғы тәжірибеден оқушылардың білім сапасы «ескі», дәстүрлі тәсілдермен артпайтындығы белгілі болды. Білім беруде неғұрлым жоғары нәтижелерге жету үшін оқытудың пайдалы әсер коэффиценті төмен ескі әдіс тәсілдерін тиімділігі жоғары жаңа технологиялармен алмастыру қажеттігі туып отыр.
Осы орайда мына алдарыңыздағы жұмысқа орта мектептердің мұғалімдерін оқытудың жаңа технологиялармен біршама таныстыруды көздеп отырмын. Жаңа технологиялардың саны да әжептеуір бар. Жаңа технологиялар озық, тиімді идеяларға негізделген.
Атап айту керек, осы технологиялардың көпшілігі оқушының оқу үрдісінде дамуына негізделген. Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпау керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы керек. Сонда ғана білім сапасы көтеріледі, біз қоғамымыздың лайықты азаматын, тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Атап айтатын екінші мәселе, жаңа технологияны енгізу еш уақытта кеш болмайды. Мен мынандай сыныпқа кеп қалдым немесе біздің оқушылардың білімі жаңа технологияларды ендіруге жарамайды деген сияқты күдікті ойларды ысырып қойып оқыту жұмысын жаңа технологиялардың бірі бойынша бастаңыз.
Ал керітартпалыққа салынып, жаңалықты мойындамай жүрген мұғалімдердің еңбектерінің нәтижесі әрине төмен болмақшы.
Бұл жағдай кейін мұғалімнің жұмыс нәтижесін есепке алғанда кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан жаңалықты жасырқамай өз жұмысымызды жаңа технологияларға сәйкестеп құрайық. Қазіргі кезде оқушыларды еңбекке даярлау технологиясына оқыту процессінде ғана емес, сонымен қатар мектептің бүкіл оқу-тәрбие іс-әрекеті процесінде жүзеге асатыны белгілі.
Оқушыларды еңбекке даярлау мектепте ғылым негіздері бойынша білім және кейінгі тіршілік әрекетінің саласын таңдап алудың интеграциялау кезеңі ретінде әрекет етеді.
Жалпы орта мектептерде еңбек технологиясына оқытудың бұл тұжырымдамасында ғылым негіздері бойынша оқушылардың білім деңгейінің төмен екендігін бірыңғай ұлттық тестілеу мәліметтері қорытындыланған ресми құжаттарда келтірілген.
Сондықтан, еңбек технологиясына оқыту мұғалімі ғылым негіздері пәндері мұғалімдерінің берген және оқушылардың осы пәндер бойынша алған білімдері мен іскерліктеріндегі кемшіліктерінің орнын толтыруына тура келеді. Әйтпесе, ол еңбек даярлығының алдында тұрған мына мәселелерді шеше алмайды: оқушылардың әрбірінің мүддесіне, қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес олардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған еңбекке оқытудың дамытушылық сипатын қамтамасыз ету; оқушылар мүдделі болған әртүрлі материалдар өңдеудің техникасы мен технологиясы жөнінде білім алуға мүмкіндік беру; мектептердің өндірістермен экономикалық серіктестікке негізделген өзара қарым-қатынасының формаларына көшу.
Еңбек технологиясына оқыту процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы мынадай бірқатар дидактикалық арнаулы талаптардың қанағаттандырылуын қажет етеді: еңбек білімдерін қалыптастыру мен практикалық тапсырмаларды орындау процесінің шығармашылыққа бағытталуы; еңбектің инвариантты политехникалық жалпы еңбектік бөлігі мен кеңінен өзгеретін арнаулы бөлігін оңтайлы үйлестіру; оқушыларды еңбек іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгеруге бағыттау.
Келтiрiлген кәсіби еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану теориясы мен әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде кәсіби еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану оқушының потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. Кәсіби еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай, әрi жаңа технология негiзiнде жүргiзудi ұсынамын.
Шығармашылық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану әдістемесін жасау.
Жұмыстың обьектісі: Орта мектептерде оқушыларын ауылшаруашылық техникасына баулудағы оқу-тәрбие үрдісі.
Шығармашылық жұмыстың зерттеу пәні Орта мектептерде ауылшаруашылық техникасы еңбегін баулу сабақтарында оқушылардың жаңа технологияларын пайдаланудың әдіс тәсілдері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Орта мектептерде оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында жаңа технологияларды толық, әрі тиімді пайдалансақ онда оқушыларды кәсіби еңбекке баулу үрдісінің жұмыстары жетілдіріле түседі.
Шығармашылық жұмыстың зерттеу міндеттері:
- Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда пайдаланылатын оқытудың жаңа технологияларының актуалды мәселелерін анықтау.
- Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияны пайдаланып оқыту мазмұны мен әдістемесін зерделеу.
- Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияны пайдаланып, олардың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру.
- Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияны қолдануға бағытталған дидактикалық тапсырмаларды әзірлеу.
Шығармашылық жұмыстың ғылыми-әдістемелік және практикалық құндылығы: Орта мектептерде оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында оқытудың жаңа технологиясын пайдалану әдістемесі жасалынды.
Зерттеудiң теориялық мәні мен практикалық маңыздылығы:
- зерттеу жұмысында ұсынылып отырған вертуалды лабораториялық жұмысы ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту оқушылардың білім сапасының жоғарылауына септігін тигізеді;
- ұсынылып отырған оқытуға арналған ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі әдістемелерді жоғары оқу орындарында, орта мектептерде және педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.
Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемелік негізі
1.Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру
Казіргі заманғы білім берудің басты мақсаты - мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды кұбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе - жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни - болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі - проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект - объект - субъект» қарым-қатынастарына түседі.
Оқушыларды ауылшаруашылық техникаларына баулуда жаңа технология мен компьютерді тиімді пайдаланып оқыту жайындағы осындай әдiстемелiк көзқарастар мен ғылыми-практикалық жұмыстардағы жетiстiктердi, нәтижелердi талдай отырып, қазiргi кезде мектептің компьютерлiк сыныптарындағы мүмкiндiктердiң артуына байланысты оқыту процесiн ұйымдастыруға, оқушының оқып-үйренуiне жағдай жасауға, оқыту процесiн қадағалап, басқаруға мүмкiндiк беретiн кешендi компьютерлiк оқыту құралын жасау қажеттiлiгi туындайды.
Бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасында: “Бұл саланы реформалаудың стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениетi биiк адамдардың жаңа легiн, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершiлiкпен қарай бiлетiн, бiлiктiлiгi жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиiс” – деп көрсетiлген болатын.
Осыған байланысты мектептерде оқу процесiнiң сапасын жоғарылату, оқушылардың танымдық мүмкiндiктерiн белсендi түрде дамыту, бiлiм мазмұнын толықтырып жетiлдiру бағытында жаңартылуда. Елiмiздегi бiлiм жүйесi дүниежүзiлiк бiлiм кеңiстiгiне дизельді іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш жүйесін вертуальды жұмыс кiрiсе бастауына байланысты, бiлiм мазмұнының мақсатты компоненттерi өзгертiлуде, оқушының оқу белсендiлiгiн жекелеген ұғымдарды игеруден бастап өз бетiмен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыруға дейiн дамыта оқыту жолдары қарастырылуда.
Біздің қарастырып отырған оқушыларды ауылшаруашылық техникасына оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдістемесі қарастырылды.
Компьютер көмегімен дизельді іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш жүйесін вертуальды жұмыс ұсынып отырмын.
Жұмыстағы ұсынып отырған оқушылардың белсенділігін арттырудағы қолданылатын дизельді іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш жүйесін вертуальды жұмысы жоғары сынып мұғалімдеріне оқу-тәрбие процессінде көмегі тиіп жататын болса, автор жұмыс мақсатына, міндетіне жетті деп біледі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Атутов П.Р. Связь трудового обучения с основами науки: Книга для учителя. -М.: Просвещение, 1983. - 125с.,
2.Атутов П.Р Политехнический принцип в обучении школьников М., 1976.
Родичев В.А., Родичева Г.И. «Тракторлар және автомобильдер» аударғандар Айнабеков Т, Мусин Ж, Алматы . Мектеп 1986-336бет.
3.Бабкин Н.И., Васильев О.Н.Связь трудового обучения с основами наук. М.Просвещение 1993.
4.Батышев С.Я.Трудовая подготовка школников.Вопросы теории и методики. М.Педогогика.1981.
8.Тулеков П. Ауыл шаруашылық техникасымен байланыстыра оқыту. Қазақстан мектебі 1989, 46-48.
15.Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы. “Windows” операциялық жүйесі. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент, 1997, 62-бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.