.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Оқушылардың біліктіліктерін қалыптастыру.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1100 | Размер: | Автор: гостьТүркістан қаласы
Мұхтар Ауезов атындағы
жалпы орта мектебінің
информатика пәніні мұғалімі
Ашимов Малик.
Ашық сабақ
Оқушылардың біліктіліктерін қалыптастыру.
Оқушылардың өткен тарау бойынша алған білімдерін инығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімін практикамен ұштастыру мақсатында «Paint графикалық редакторы» тақырыбына өткен сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.Сабақ графикалық редактормен жұмыс істеу негізіндегі сарамандық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру бағытында өрбіді.Сондай-ақ халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу,жауапкершілік,өз бетімен жмыс істеуге,жұмыс нәтижесіне жетуге де баса назар аударылды.
Сабақтың мақсаты:Бұрынғы алынған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіру.
Біліктілік:Графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.Редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа,жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық :Логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың білімнін кеңейтіп,компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері,математика.
Сабақтың түрі: қайталау, білім бекіту сайыс сабағы.
Керекті құрал-жабдықтар:компьютер,слайдтар,электронды тақта,суреттер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар бүгінгі сабағымызды психологифлық «Болулар сыры» ойынымен бастаймыз.Сендер алдарында тұрған түрлі түсті қарындашпен өздеріңе ұнайтын түсті жоғары көтеріңіздер.Мен сіздерге таңдаған түстеріңізге байланысты мінездеме айтып беремін.
Сап-сары мен жасыл дархандылық.
Ашық көк пен қызыл – білімділікке құштарлық,
Ақ пен қызыл – баянды бақыт,
Көгілдір мен қып-қызыл – қабілеттілік,
Ақ пен күрең қызыл – ержүректілік,
Ашық көк – құдайға сенушілік,
Жасыл – ақшыл түс- шыдамдылық ,
Қоңыр – ақылдылықтың белгісі.
2.Наурыз көже.Электронды тақтада Наурыз бейнелейтін суреттер тұрады.Оқушылардан Наурыз мейрамы туралы мәліметтер және де сол мерекенің басқа мейрамдардан айырмашылығын сұраймын.
Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы,яғни, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз бұған дейін мыңдаған бұрын шығыс халықтарының жыл басы мерекесі ретінде тойланып,ерекше күн ретінде аталып өтетін болған.наурыз – ежелгі мәдениетті,дамыған елдің бірі Парсының «нау –жаңа,руз- күн» яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққаны көпке бұрынан –ақ белгілі.
Наурыз көже. Наурыз – тойынан ғана тән,көпшілікке арналған мерекелік тағам.Оны әр үй жеті түрлі дәмнен:сүт ,су , ет, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып,мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады.Наурыз көженеің дәстүрлік,мерекелік,ұлыттық тағылымы өте зор.Ол барлық адамдарды жомарттылыққа ,ізгілікке, ұйымшылдыққа,татулыққа,бірлікке шақырады.
Олай болса балалар біз Наурыз мейрамына арнап Paint графикалық редакторында ойша наурыз көже пісіріп көрейік.
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар.
1.Редактордың іске қосу жолдарын көрсет?
2.Салынған суретті сақтау үшін?
3.Тұйық контурдың ішін бояу үшін ....пайдаланамыз.
4.Бояулар тақтасын жұмыс алаңына шығару....арқылы орындалады.
5.құралдар тақтасын пернетақта арқылы шығару.
6.Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою.....арқылы орындалады.
7.Бояулар тақтасындағы түстерді өзгерту.
8.Жаңа бетті қалай ашмыз.
3.Наурыз жұмбақ .
Табиғатқа , аспан әлеміне ,ауа райына, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осындай атпен аталған.Онда ақындар,қыз – жігіттер осы тақырыптарға ғана тән құбылыстар жұмбақтап өлеңдетіп айтысатын болған.
-Балалар мен сендерге Наурыз жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтың шешуін электронды тақтаға саламыз.
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі
Ұйықтайды ұлы түнде,қызы күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
Күн мен ай
Бір халық аспанда,ұшқан,аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерді кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
Бұлт
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып,дабылдатып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.
Жаңбыр,найзағай
Ұзын –ұзын сырғанақ,
Ұшағына кім жетер.
Алтын бесік күйкентай
Жұмыртқасын кім табар.
Күннің батуы,шығуы
Түр – түр кілем,
Төгіліп жатқан кір кілем.
Жайы-жайы жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем.
Көктемдегі жер
4.Сергіту сәті.»Наурыз-Думан» әнін оқушыларға айтқызу.
5. Наурызнама. Наурызнама шат –шадыманды ойын –сауық,той.Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып,наурызнама қыламыз деп той тамаша қылады екен.Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады.Бұл күні үлкен болсын,кіші болсын осы мейрамға келіп,көңілді ойын-сауықтар жасалады.Тойға ат жарыс,палуан күрес,басқа да спорт бәсекесі,айтыс түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар,ән,өлеңдер,наурыз жырлары айтылады.Әркім үлкендермен бата тілейді.
Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып бас қосы «ұйқы ашар» әзірлейді.Ол ет,сияқты дәмді тағамдардан жасалады.Жігіттер қыз- келіншектерге сақина,сырға,айна,тарақ сияқты сыйлықтар береді.Оны «селтеткізер»деп атайды.
-Балалар енді біз «селтеткізер» логикалық ойынын ойнаймыз.кестедегі сыйлықтарды таңдау арқылы,тапсырмаларды орындауымыз керек.Егер тапсырманы дұрыс орындасаңдар сол тапсырманың балын өздеріңе, алған сыйлықтарыңды сыныптағы кез кеоген оқушыға сыйға тартуларыңа болады.
Электронды тақтаға балдық жүйедегі кесте сыздым.
5-балдық жүйедегі сұрақтар:
2.Қолдарыңды жұмы үстелінен көтермей,мына суретті салыңдар.
3.Төмендегі берілген фигураларды құрастырып бейнелер сал.
4-балдық жүйедегі сұрақтар:
1.Үшбұрыш салып, -қа бұр.Үшбұрыш дегеніміз не?
2.Жол бойына ағаш отырғыз.
3.Фигураның жартысын салып,көшіру,бұру әрекеттерін орындай отырып қалпына келтіріңіз.
3-балдық жүйедегі сұрақтар.
1.Шаршының салып боя,Шаршы дегеніміз не?
2.Шеңбер салып боя.Фигурада тік төртбұрыш қиып ал.
3.Бүрку құралы арқылы кез келген бейне сал.
Оқушылар бұл тапсырмаларды электронды тақтада орындайды.
6.Наурыз бата.
Халықта батаның түрлері көп.Соның бірі-осы Наурыз бата.Мұнда наурызнама өткізгендерге,осы күнге арнап «Наурыз көже» пісіргендерге,қонақтарға тойда өнер көрсеткен ақын ,әнші тағы басқа өнерпаздарға , жас талапкерлерге бата беріледі.Және наурызда алған батаның орны бөлек.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап ,сыныптағы ер балалардың біріне бата бергізіп сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма.
1.Өткен тақырыпқа қайталау жасау.
2.Шығармашылық тапсырма «Наурызшешек» өсімдігі туралы мәліметтер жинап,суретін салу.
Бағалау.фишкалар жинау бойынша бағалау.
«Жұлдызша» - өте жақсы
«Төртбұрыш» - Жақсы
«Үшбұрыш» - Қанағаттанарлық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.