.
.
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы Оқушылардың оқу жылдамдықтарын арттыру
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2482 | Размер: | Автор: гость№28 Абай атындағы жалпы орта білім
беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Досбаева Нұргүл Қабдығалиқызы
Оқыту іс-тәжірибеден
Оқушылардың оқу жылдамдықтарын арттыру
Бала тәрбиесіне қай елде болмасын,қай кезеңде болмасын,ерекше мән берілгенін тарих парақтарынан білеміз.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу.Себебі,жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушысы ғана емес,еліміздің ертеңгі тірегі,болашағы. Болашақ ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл-парасаты мол,мәдени-ғылыми өресі озық адамзат етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой-өрісін,сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау,тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылуда. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өреннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналары мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғаны да сондықтан. Бұл-білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Атақты ғалым Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деп тегін айтпаған. Сондықтан сабақта шешендік сөздер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдерді жиі қолдансақ,біртіндеп оқушылардың тіл байлығын арттырып,өмірге көзқарасын қалыптастырса,екіншіден ой-өрісін кеңейтіп,сөздік қорын байытады,үшіншіден балаларды жақсыға үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелейді,яғни жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана,білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді.
Бастауыш мектеп-бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,қайталанбайтын кезеңі.Осыған сәйкес белгілі көлемдегі білім,білік,дағдыларды меңгертумен бірге табиғат,қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Бұл әрине мұғалімнен көп ізденісті талап етеді.Бастауыш сыныпта жаңа көзқарас негізінде оқыту үшін заман талабына сай оқулықтармен қамтамасыз ету керек.Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту,сөздік қорын молайту,мәтіннің мазмұнын ашуда адамгершілік тәрбиелеу бір-бірімен байланыстыра жүргізгенде ғана нәтиже бермек.
Бастауыш сыныптарда сабақ түрлерін өткізу баланың жасына,біліміне,
сөйлеу қабілетіне қарап жүргізіледі.Оқушы білімінің тиянақты,сапалы болуы сабақтың шебер ұйымдастырылуына байланысты.Ұстаздың сан-саналы,алуан қырлы ізденіс-толғанысы,білім деңгейі,ұстаздық біліктілігі,шеберлігі сабақтан көрініс табады. Сабақты жаңаша ұйымдастырып,өзіндік тың ізденістерге талпынған ұстаздың ұтары анық. Мен шәкірттерімнің ой-өрісін дамытуда әр тақырып мазмұнына сай ойын элементтерін,ребус және сурет бойынша әңгіме құрастыру т.б. құралдарды пайдаланып отырамын.
Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін,білімді,іскер,адамгершілігі мол,парасатты,мәдениеті жан-жақтан жетілген ұрпақ дайындауға міндетті екенін біледі. Ол үшін мұғалім өзі беретін пәндерінен оқушыларға үздіксіз білім беру бағытында гуманистік сипат пен демократиялық ұстанымды жүзеге асыра отырып сапалы білім беруі тиіс. Бұған жеке пәндердің ғылыми-әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда ғана сабақта әр түрлі әдіс-тәсілді пайдалана отырып,жүйелі жоспар жасағанда ғана қолы жетеді.
Қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында ата-бабамыздың жақсы дәстүрлерін шәкірттер бойына дарыту үшін мақал-мәтелдерді,шешендік сөздерді,аңыз-әңгімелердің жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Әр пән мұғалімі өз сабақтарында әр түрлі шеберлік әдіс-тәсілдерін қолданады. Қазақ тілі мен ана тілі пәнін оқушыларға саналы меңгертуде тіл дамыту мен шешендік өнерге үйрету жұмысының маңызы зор.
Бүгінгі күнде сабаққа үлкен дайындықпен ой елегінен өткізілген,сөзіміз бен ісімізге жас ұрпақтың алдында үлкен жауапкершілікпен қарап,бойдағы білім мен күш жігерді аямай ынтамызбен беріп,ғылым жолына жетелейтін-дей дәрежеде болуды қазіргі уақыт талап етеді. Ал сабақтың ең тиімді жолдарына келсек,ол бастауыш сыныптар үшін,баланы шаршатпай,
қызықтыра отырып жүргізетін әр түрдегі,әр деңгейдегі дидактикалық ойымен астасып жатқан баланы біліммен сусындыратын еңбек етуге үйрететін сабақтар дер едім.Сабақ беру әдісін жетілдіру,оның біліктілігін,іскерлігін көтеру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырамын.Атап айтқанда ана-тілі сабағында ерекше көңіл бөлетін мәселенің бірі-оқушылардың тілін жетілдіру,дамыту.
Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде Донецкілік ғалым В.И.Зайцевтің әдіс-тәсілдерін басшылыққа ала отырып жұмыс жасаймын. Ол өзінің лабораториясында «Жылдам оқуға үйрету» деген тақырыпта жан-жақты тәжірибе жүргізіп,мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынды.
5 минуттан бірнешеге бөліп оқыту
Әр сабақтағы 5 минуттық оқу
Ұйқы алдындағы оқу
Жаттығуды ұзақ жүргізгеннен де жиі,бірақ қысқа жаттықтыру
Оқу темпі нашар болса үзіп-үзіп оқу
Оқушылардың оқу
жылдамдығын
арттыру
Бірнеше рет қайталап оқу,мәнерлеп оқу
Көру диктантын тиімді өткізу
В.И.Зайцевтің 8 методы
Семья болып отбасында жиналып оқыту
Соныме бұл әдіс-тәсілдерге қосымша мынадай жұмыстар жүргізіп отырамын.
1. Жылжымалы карточка арқылы оқыту;
Мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырса оқушылар сауатты жазып,оқуға тырысады.Өз іс-тәжірибемде оқушылармен жеке жұмысты күнделікті сабақ барысында ұтымды қолдануға тырысамын.Балалардың жас мөлшері қатар болса да,сабақты түсінуі,қабылдауы әр түрлі болады. Мысалы: біреуі сыпайы,тәртіпті,тіл алғыш,сезімтал, айтқаныңды бірден меңгеріп кетеді,ал екіншісі айтқаныңды баяу қабылдайды,сылбыр,жалқау,үй тапсырмасын орындамай келеді.Өйткені олар әр түрлі отбасынан әр түрлі дайындықпен келеді,соның нәтижесінде сыныпта сатаққа ынтасы төмен,
үлгермейтін оқушылар кездеседі. Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу-мұғалімнің қиын да, абыройлы міндеті. Бұл міндетті орындау үшін жылжымалы карточканы пайдаланудың маңызы зор.
2.Ертегі суреттері бойынша әңгімелеу.(есте сақтау қабілеттерін арттырады)
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту,сөздік қорын молайту,
мәтіннің мазмұнын ашуда адамгершілікке тәрбиелеу бір-бірімен байланыс-
Р/с Мәтіннің тақырыбы Мерзімі Уақыты Неше сөз оқыды Мұғалімнің қолы Ата-ананың қолы
1 Бала Тұрар 15.11. 1 мин 92
2
3
тыра жүргізгенде ғана нәтиже бермек. Ертегі суреттері бойынша әңгімелеу оқушының сөздік қорын молайтумен қатар есте сақтау қабілетін арттырады.
3.Күнделік жазу (1 минутта қанша сөз оқыды)
Бұл күнделіктің пайдасы өте зор.Өйткені оқушының сыныпта оқығанымен,
үйде оқығанын ата-ана болсын, мұғалім болсын байқап айына екі-үш рет
1минутта неше сөз оқығанын біліп отырады.Сонымен қоса плакатқа биік таудың суретін салып, әр оқушының аты жазылған қішкене қағаздарды таудың баурайына орналастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамын. Онда оқушы таудың басына шығуға талпынады және оқу дағдысы қалыптасып,шапшаң оқуға тырысады. Осындай әдіс-тәсілдерді жүргізе отырып оқушыларды сауатты жазуға,қатесіз оқуға үйретемін. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау,елестету,шығармашылық жұмысқа талпынысы басым. Сонда ғана біздіңше,тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелейміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.