.
.
Оқушыларды «Сыни тұрғыда ойлануға» дағдыландыру Оқушыларды «Сыни тұрғыда ойлануға» дағдыландыру
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1144 | Размер: | Автор: гость«Нағыз шәкірт белгілінің көмегімен
белгісізді дамытуды үйренеді де,
сол арқылы ұстазына таман жақындай түседі»
И.Гете.
Астана қаласында педагогикалық шеберлік орталығында Кембридж тәсілінің негіздері бойынша Үшінші деңгейдегі белсенді өмірлік ұстамы бар шығармашыл пән мұғалімдеріне арналған Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің арттырудың 1-ай бетпе- бет кезеңінде ,біліктілікті арттыру бағдарламасының жеті модулъімен танысып, әрбір модулді сабақ барысында қалай пайдаланатынымызды теория жүзінде және практикада,пікір алмасып,талдадық. Жеті модулдің ішінде менің пәніме тиімдісі «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»
Бұл модулъді сабақта пайдаланғанда ,әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау,қиялын дамыту,сенімділікке тәрбиелеу,жеке тұлға ретінде өз пікірін қалыптастыру мұғалімнің міндеті. Оқушылар мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім алу қызметін өздері басқарады. Мен «Маған айтып берсең ,ұмытып қалармын,көрсетіп берсең ,есте сақтармын,өзіме жасатсаң ,үйреніп алармын,» деген шығыс нақылын ұстанып,оқушылардың өз бетінше ізденіп оқуына бағыт-бағдар бердім.«Ұстаз ізденгіш болуы ,ойлай білуі, қандай істі болсын ,бар ынтасымен атқара білуі керек,»-дейді орыстың ұлы ақыны В.Маяковский.Өйткені қазіргі оқыту,үйретудің мазмұны да,сипаты да,соған орай,амал-тәсілдері де күрделене түсті.Бұрын сабақты жалпылама негізде баяндап,мағлұмат-түсінік беріп,аяқтайтын едік.Қазіргі күрделі техника және жалғаспалы жаңа технология,сондай-ақ білім-біліктің көп тармақтылығы бір нәрсені болса да,ізденімпаздықпен жете үйретуді талап етуде. Ұстаздықтың мәні осыған орай жаңа сипаттарға ие болуда.Демек,ұстаздың білім мен тәрбиенің қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы шәкірттің оған зейін қойып ,қызыға ,ойын,қабілетін,икемділік дағдыларын жұмылдыра білуін талап етеді. Мұғалім шәкірттің бойында ынта мен ой күшін жұмылдыра біліп соған қуанып дем береді.Олай болмағанда,оқушы алға баспайды,онда даму болмайды,бір орында тұралап қалады,бұл өскелең талаптарға қатысты алғанда,кері кету деген сөз.Сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан мұғалімнің мақсаты оқушыны өз деңгейіне жеткізу ғана емес,өзінен озып,ілгері кетуге негіз қалау. Дана халықмыз бұл тұрғыдада :«Шәкірт ұстаздан озса,игі»-деп,тегін айтпаған. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту»модульі қазіргі таңдағы талаптарға сай, қалыптан тыс ойлай алатын жеке тұлғаны дамыту мақсатында алатын орны ерекше.Бұл модульдің құрылымында ерекшеліктер бар.Білімнің болашақта пайдаға асуын қажетке жарауын қалыптастырады.Көп ақпаратты қабылдай отырып және жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау кезеңдері :
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны ашу.
3.Ой толғаныс.
-Қызығушылықты ояту,үйрену процесі бұрынғы білетін жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Оқушы жаңа ұғымдарды ,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады.Сабақ оқушы не біледі,соны сұраудан ,анықтаудан басталады.
Екінші кезеңі –ойлау мен үйренуге бағытталады.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды,өз бетінше жұмыс жасап,белсенділігін арттырады.
-Ой толғаныс кезеңінде оқушының ой толғанысын ұйымдастыру өзіне,басқаларға сын көзбен қарап,баға беруге үйренеді.Оқушылар өз ойларын ,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Оқушылар бір-бірімен ой алмасып ,басқалардың пікірін біліп үйренеді. «Сын түзелмей,мін түзелмес» деген дана халқымыз.Сын айтып,сын көзбен қарап талдап,зерттеп,нақты мәлімет беру,ойын бір сөзге,нақтылыққа түйіндеу біздің ұлттық тәрбиемізге қалыптасқан және ол қасиет қанымызға сіңген . Сөздің тобықтай түйінін ата-бабамыз бір ауыз сөзге сыйдырып, бір ауыз сөзбен елді тоқтатып,істі оңынан шеше білген емеспе.Сондықтан да біз де барынша оқушылардың ойлау қабілетінің ашыла түсуіне бағыт беріп,сабақты жаңа қырынан ізденуіне жол көрсетіп,жан-жақты білім алуына жағдай жасауымыз қажет.Ол үшін ақпарат алатын көздер;яғни оқулық, көркем әдебиет,электронды оқулық,көрнекіліктер,интербелсенді тақталар,сабақ тақырыбына байланысты бейне таспалар т.б. Біз тек бір жақтама болмауымыз қажет.Себебі әр баланың өз ерекшеліктері,қабылдауы бар емеспе. Бір оқушы қолмен ұстап,көркем әдебиеттен,оқулықтан алған мәліметін кең көлемде жеткізіп,оған интернет желісінен,т.б ақпарат көзінен алған ақпаратын қосып айта алады.Біреуі оңай интернет ақпараттарына жүгініп,соны ғана меңгеруі ,сабақтағы айтылған ақпаратты қолдануы мүмкін. Бір баланың тіптен оқуға,танып,ізденуге құлқы болмайды.Бірақ есте сақтау,логикалық ойлау қабілеті жақсы, шығармашылыққа бейім келеді. Сол үшін оқушының естігенін есте сақтап қалу , кітаптарды өз бетінше оқу, жан-жақты ақпарат жинақтауға да қызықтыра отырып,бейнелеу өнерін сабақта қолдану барысында дамытып,бала қабілетін ашу үшін жан-жақты жұмыс жасауымыз керек.Сонда ғана оқушы көзімен көріп,қолымен ұстап,санасымен түйсініп,өз бетінше білім ала алады.«Ақпаратсыз қозғалыс жоқ,қозғалыссыз ілгері басу жоқ» деген ақпарат алмасу,талдау,сыни тұрғыда ойлауды дамыту қажеттілікке жатады.
Шымкент қаласы. Алия Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта мектебінің Тарих пәнінің мұғалімі Роза Асабайқызы Тұрғынова.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.