Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқушылардың танымдық, шығармашылық  қабілеттерін  дамыту -

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1857 | Размер: | Автор: гость
. Оқушылардың танымдық, шығармашылық
қабілеттерін дамыту

Қазіргі білім берудің басты мақсаты- шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту- мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.Мақсат- оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет. Осы мақсатта қазіргі таңда оқыту үдерісіне Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші(негізгі) деңгей бағдарламасын зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Бағдарламада күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық техонологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Орта білім беру жүиесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы(конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Теориялық білім мен біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.
Бағдарламадағы жеті модульдің бірі «Сыни тұрғыдан үйрету». Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша оқушыға білім дайын күйінде беріле салмайды, мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сын тұрғысынан ойлау әдісінің жаңа сабақты түсіндіру барысында берері мол.. Сабақ үдерісінде баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды баста назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әректтенеді. Сабақ үдерісінде мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде болуы тиіс. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Жаңа тақырып бойынша мұғалім түймедей ой тастаса балалар жеке ойланады кейін топ болып, келісімге келеді. Осы үдерісті «Топтастыру» әдісі бойынша жазып көрсетеді. Ары қарай тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамытады.Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен салыстыру кезеңінде «Венн диаграммасы» әдісі арқылы салыстырып, ортақ қасиетін анықтайды. Бұл әдістер топпен де, жеке оқушыларға беріліп те орындала береді.
Адамзат баласының тіршіліктегі бар мұраты – білім.Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу - өнер! Білім – оқушының ақыл-ойын дамытатын, парасаттылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең шешуші құрал. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» дегенді ойдан шығармайық. Өз ісімізге сын көзбен қарап, ұстаздықтың ауыр жүгін адал көтере білейік!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.