.
.
ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №42 Фұрқат Оқушының білім деңгейін көтеру
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1413 | Размер: | Автор: гостьатындағы ЖОМ –нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шатемирова Назира
Оқушының білім деңгейін көтеру
Заманауи әлемде жаңашылдық мағынасының ауқымдылығы, маңыздылығы соншалық, бүгінгі қоғам, білім саласының дамуын оның жаңашылдық экономикасының деңгейімен анықтайды. Білім саласы мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі. Елдің өсіп-өркендеуі мен қоғамдық жетістіктерге қол жеткізудің негізі болып есептеледі. Кез келген мемлекет ең алдымен білім саласына айрықша көңіл бөледі. Адамзат тарихындағы осындай заманда «Оқушының білім деңгейін көтеру ушін не істеу керек?» Бұл сұрақтардың жауабы түрлі болуы мүмкін. Біріншісі-мектепте осыған дейін қолданылып келген кеңестік кезеңдегі «дәстүрлі сабақты» ары қарай жалғастыру, екіншісі-жаңалықтар енгізу,реформа жасау. Республикамыздағы ақпарат құралдарында да осы мәселелер туралы көптеген материалдар жарық көріп жатыр. 2012 жылдан бастап оқуға жаңа технология енгізіліп, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3 айлық деңгейлік курстарының идеялары қолданылса, кейбірі әлі де «дастүрлі сабақты» қолданып жатыр. Жаңа технологияға өту жаңаша сабақ беру, оқушыларды өмірге сай тәрбиелеу әрбір мұғалімнің міндеті, заман талабы болып есептеледі. Бізге қымбатқа түсседе бүгінгі күнде жаңа технология қажет екендігі сөзссіз. Өркениеті дамыған елдер де осындай тығырықтан шығудың жалғыз жолы - білім беру саласына жаңа идеяларды енгізу арқылы елдің экономикасын да, мәдениетін де көтеру болып есептеледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел болашағы білім беру саласына тәуелді екендігін көрегендікпен айтып батыл қадамдар жасап келе жатыр. Мұғалімдердің білім деңгейін көтеру басталғаныға 3 жыл болғанына қарамастан кей бір мектеп мұғалімдері өз білімдерін жетілтіру үшін оқушыларға сапалы білім беруды онша қолдап жатқандары жоқ.
Біз осыған дейін қолданып келген «дәстүрлі» білім беруді іске алғысыз етіп көрсеткіміз келмейді. Ол білім беру жүйусі заманында өз функциясын тиісті атқарды. Қаншама адамдар сол дәстүлі сабақ бойынша білім алып әлемге Қазақстанны танытты. Ал «Сындарлы тәсілдің» ең тиімді ерекшеліктерінің бірі оқушылар көпшілік жағдайда топтық, жұптық жұмыс істейді. Олардың топтық, жұптық жұмыс істей отырып бірін-бірі бағалауы өз кластастарына сыни пікір мен құнды ойлар айта білуі болашақта ұжым болып қалыптасуына сөзсіз көмектеседі. ХХІ ғасырда топтық жұмыс істеу дамып ол бастапқы нәтижелерін көрсете бастады. Топтық жұмыстың тағы бір ерекшелігі, сабақ барысында оқушылардың 70-80 пайызы белсенділік танытады. Оқушылардың жаңа тақырыпты өзбетінше меңгеруі олардың алған білімдерін өмірде пайдалануы үшін көмек береді. Сындарлы оқыту үлгерімі нашар, талантты оқушылармен жұмыс істеуге ыңғайлы. Сабаққа үнемі қатыспайтын оқушылар топтан артта қалмау үшін тырысады. Бүкіл әлемге танымал қазақ халқының жазушысы Абай Құнанбайұлы «Он тоғызыншы қара сөзін» адамның қайткенде білімді болатындығын көрсетуге арнаған, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, ұстап, көріп, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады....» деп айтқан.
«Білім беру жүйесінің негізгі міндеті - адамды ойлай білуге үйрету» дейді американдық педагог-ғалым Джон Дьюи. Ойлауды қажет етпей өмір сүріп болмайды.
Біздің мектепте де мұғалімдер өз білім деңгейлерін мүмкіндіктерінше арттыруға тырысып жатыр. Олар сабақтарында оқудың жаңа технология элементтерінен пайдаланып қана қоймай оқушылардың алған білімдерін өмірде тиімді пайдаланулары үшін қолдарынан келгенше сапалы білім беруде. І-ІІ деңгей бойынша курстарды бітірген мұғалімдер коучинг сабақтар ұйымдастырып мұғалімдерге өз білімдерін жеткізуде.
Сабақ өту – өте күрделі процесс. Мұғалім сабақ барысында оқушыға білім берумен шектеліп қана қоймай,оның жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Сабақ барысында талантты және дарынды оқушыларды анықтауға болады. Ойларын еркін жеткізіп, ойлау қабілеті дамиды.
Менің жаңа технология элементтерін пайдаланумен сабақ өте бастағаныма онша көп болмаса да оқушыларар асындағы өзгерісті байқадым. Сабақ барысында оқушыны жан – жақтан бақылап оның қыр-сырларын білуге болады екен. Оқушылар бір-бірлерімен тіл табысады, бірге жұмыс істеуді үйренеді, еркін өз ойларын жеткізуге тырысады, өз білім деңгейлерін бағалап салыстыра алады. Барлық ауруды емдейтін дәрінің жалғыз түрі болмайтыны сияқты, білім алудың да жалғыз тәсілі жоқ. Біз сындарлы тәсілдерді жұмыс тәжірибемізде қолданудамыз. 3 айлық курста алған білімімізді,тәжірибемізді мектебіміздегі әріптестермен бөлісіп жатырмыз. Апта сайын жиналыста мектептегі курсқа барған мұғалімдер бір-бірлерімізбен пікірлесіп көптеген мәселелерді талқылаймыз. Пән апталықтары барысында ашық сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалануға тырысамыз. Президентіміздің болашақ ұрпақтың дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді жаратып бергені үшін біз мұғалімдер сол жастардың сапалы да терең білім алып мемлекетімізді биік шыңдардан көрінуіне үлесіміз тисе екен
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.