.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Оқыту үдерісінде бағалаудың маңызды рөлі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2141 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfСарыағаш ауданы
№137 жалпы орта мектебінің
математика пән мұғалімі
Маденова Гульнара Абилкасимовна
Оқыту үдерісінде бағалаудың маңызды рөлі
Егемен еліміздің көркейіп дамуына ғылымның, білімнің және өнердің қосатын үлесі ерекше. Қазіргі қоғамдағы мамандар бәсекелестігіне төтеп беретін жан-жақты өнерлі, мәдениетті, жоғары білімді маман дайындау басты мәселеге айналып отыр. Мемлекетіміз қазір рухани байлығымызға, ертеңгі ұрпақ мәселесіне баса назар аударуда.
Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс.
Сондықтан, білім саласында жүрген ұстаз шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін меңгертуі қажет. Сонымен бірге мұнда жеке тұлға болып дамуына тек мұғалім ғана емес, ата-ана мен отбасы, қоғамдық қызығушылық орталарыныңда ықпалы, дамудың мақсаттарына да жауап береді. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады. Баланың таланты мен дарынын ескере отырып, болашаққа қызығушылығын арттыру мақсатында, мұғалімнің өз іс-тәжірибесінде жаңа әдіс-тәсілдерін көбейте отырып, шеберлігін дамыту басты міндет.
Ендеше біздің жастарымызға берілетін білім сапасы да өте жоғары болуы тиіс, ол үшін, отандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру үрдісіне сәйкестендіруіміз керек, бұл қазіргі заманның қойып отырған талабы.
Мектеп балаларымен жұмыс істеу, өздігінен дамып оқуына ықпал жасау – ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осы проблеманың туындауына бірден бір себеп, ол мұғалімнің оқушыны оқыту үдерісінде бағалауы. Қазіргі таңда біздің ұстаздарымыз оқушының тек білім дағдысын ғана бағалайды. «Немесе ол не нарсені біледі?», «Қандай нарсені жасап келді?» тек осы тұстарны ғана қарастырып бағалап өтеді. Сондықтан көп балалардың ынтасы мен жасаған еңбектері бағаланбағандықтан оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарының сөнуіне әкеп соқтырады. Ал мектеп оқушыларымен жұмыс жасау барысында олардың әрбір жасаған іс әрекеттері мен еңбектерін қатар бағалағаны дұрыс болар еді Ал Осыған байланысты қазіргі жаңа 3 айлық деңгейлік курстарында бағалауды екі бағытта қарастыруда:
• Оқыту үшін бағалау
• Оқуды бағалау
Ең алдымен кез келген шебер мұғалім баланы оқыту үшін нақты бағалау жүйесін құрып алған дұрыс. Яғни баланың әрбір іс әрекетін, оның жасаған еңбегін бағалап, марапаттап отыруға мүмкіндік беретін. Егер осы қарастырылып отырған бағалауларға жеке тоқталатын болсақ, онда «Оқыту үшін бағалау» баланың ешқандай қысымсыз, кедергісіз өзінің қызығушылығымен талпына отырып оқуына мүмкіндік жасауы. Сонымен қатар қызығушылығы мен оқуға деген талпынысын ояту керек. Мұндай бағалау тек мақтап, марапаттап қана емес, сонымен қатар сұрақ қоя отырып оқушыға бағыт-бағдар беру. Түрткі сұрақтар бере отырып, оқушының әрі қарай талпынып дамуына ықпал жасау. Немесе сұрақ қою, салыстыру арқылы баланың мотвациясын жоғалтпай оған жасаған жұмысының кемшілігін түсіндіріу. Қазіргі таңда көп балалар тек баға үшін оқитындарын жасырып қала алмаймыз. Мұндай кезде алынған білімнің бала жадында көп уақытқа сақталмай ол алған білімді өз мүддесіне қолдана алмай сапасыз болатыны анық. Сондықтан баланың баға үшін емес, өзінің қызығушылығына қарай ізденіс жүргізгені дұрыс.
Мұндай бағалаудың түрлерін әртүрлі жағдайларға қарастырғаны жөн. Атап айтқанда: шағын топтармен жұмыс, үлкен топтармен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке тапсырмалар, өзіндік бағалау жұмыстары сияқты бағыттарды қарастыру керек. Қазіргі педагогикада кең тараған топтық жұмыстарға байланысты ДЖИГСО және Мозайка әдістерін атап айтуға болады.
Егер мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызығушылықтарын артыратын немесе жарыс түрлерінде ұйымдастыратын болса, онда баланын өздігінен пәнге деген қызығушылығы бет бұрып, көшбасшы болуға мотивацияларының жоғарылағанын байқауға болады.
Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі шешімге тоқталғым келеді. Яғни бағалау барысында мақтау, мадақтауларды пайдалана отырып бағалау түрлерін жасау. Осыған қоса түрлі сауалнама, ашық тест, жабық тест, өзара бағалау, өзіндік бағалау, кері байланыстар түрлерін жасай отыру. Яғни оқушылардың өз беттерінше талпына отырып оқыту үшін жасалатын бағалау түрлері. Мұнда бір қоса кететін нарсе оқушылардың жасаған жұмыстары немесе берілген тапсырмалары нәтижесі құнды болу үшін, тапсырмаға нақты критерийлер белгілеп берген дұрыс болады.
Ал енді осы кезкелген бағалау түрлеріне байланысты мақтау, мадақтауларды да қорта жинақтап бағалау керек. Яғни қандайда бір нақты қойылған талаптарды (критерийлерді) ескере отырып бағалау. Баланың барлық өз бетінше жасаған іс әрекеттері мен еңбектерін критерийлерге сай бағалай отырып, жинақтап жиынтықты бағасын шығару. Бағалауға қойылатын критерийлер жан жақты қарастырылған болу керек, бірақ жасалып отырған бағалау жүйесінен шықпағаны дұрыс. Критерийлерді құру барысында баланын дарынын, алған білімі мен түсінігін және оның жасаған іс әрекеттерін анықтай алатындай етіп құрған дұрыс. Сонымен қорта келе оқыту үшін жасалған бағалауларды жинақтап оқуын бағалау, яғни оқуды бағалау.
• Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
• Балалар шығармашылық өнімдерін ескеру, жариялау;
• Игерілген нәтижелерді бақылау, бағалау
Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Соның нәтижесінде барлығын ескере отырып, жинақтап бағалау. Мұндай бағалау парақшалар көбінесе ата-ананың баланың деңгейін бақылап отыруға ыңғайлы. Мұндай жинақтап бағалау парақшаларын мұғалім өз қалауынша бағалауға болады. Мұнадай бағалауды мұғалімнің шеберлігіне қарай әр түрлі бағыттарда жиынтық бағалау парақшаларын жасап бағалауға болады. Мысалы, ата-анаға арнайы баласының білімін бақылап отыратын бағалауы. Немесе мұғалім өзінің пәніне, тәрбиесіне, талпынысына қарай жасауға болады. Тек мұнда, мұғалім өзінің шеберлігімен балаға осы мүмкіндіктерге жағдай жасай отырып, даму аймағын ұйымдастырса жеткілікті. Баланың бойындағы дарынын ашып, белсенділігі мен таным белсенділігін, тума қабілетін дамыту керек. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді. Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Осыған байланысты бірнеше бағалау түрлерін ұсынғым келеді
Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.