.
.
Базарбаева Б. музыка 4 сынып Қобызшы Ы.Дүкенұлы Қобызшы Ықылас Дүкенұлы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1715 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfСабақтың тақырыбы: Қобызшы Ықылас Дүкенұлы.
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың музыка өнеріне сүйіспеншілігін оята отырып, ұлттық өнерге, әдет -ғұрпын сақтауға, адамгершілікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу. Атақты күйші Ықылас Дүкенұлының күйлері арқылы оқушылардың білім-танымын қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: Күйшінің портреті, домбыра, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ал, қанеқи, балалар,
Сәлемдесіп алайық,
Сабағымызға керекті
Кітап, дәптер алайық.
Тыныштықты сақтайық,
Тазалықтан қашпайық,
Даусымызды жаттықтырып,
Ән сабағын бастайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Қаратаудың күй алыбы Төлеген Момбеков.
Төмендегі сұрақтарды бере отырып, оқушылардың білімін, үй тапсырмасын орындалуын тексеремін.
1. Күй дегеніміз не?
2. Күйлер қандай аспапта орындалады?
3. Төлеген Момбеков кім?
4. Домбырашылық өнер кімнен дарыған?
5. Төлеген Момбековтың ұстаздары кімдер?
6. Ол кімнің күйлерін шебер орындаған?
7. Сүгір Әлиұлы кім?
8. Сүгірдің "Бес жорға" күйі туралы кім әңгімелейді?
3. Қима қағаздар тарқату.
Отан, Ана, Астана, сөзжұмбақтарын шешу.
Сұрақ жауап: Оқушалардың өз ойларын білу.
4. Сергіту сәті:
Қазақтың халық әні "Қарағым-ай" хормен орындау.
Музыка сауаттылығы: Домбырашы, қобызшы, скрипкашы деп кімдерді атайды?
Вокал, хор, дуэт, квартет, оркестр, соло дегеніміз не?
5. Әнді тап ойны:
Суретте көрсетілген суретті шешіп, қандай әннен алынған сөздер екенін ажырату.
Жаңа тақырып: Ықылас Дүкенұлы
Ұяшық сұрақтары арқылы қобыз аспабын табу.
1. Ән, әнші дегенді қалай түсінесің?
2. "Әнші балапан" әнінің композиторы кім?
3. Композитор деп кімді айтамыз?
4. Күй дегеніміз не?
5. Күйші деп кімді айтасым?
6. Күйші -композитор дегеніміз кім?
1. Ықылас кім?
2. Оның қандай күйлері бар.
3. Дәулет Мықтыбаев Ықыластың "Шыңырау" күйін былай әңгімелейді.
Жаңа негізгі ұғымдар
Музыка сауаттылығы: Би түрлері
Қазақ, украин, грузин, орыс, өзбек, татар
7. Үйге тапсырма:
Ықылас Дүкенұлы тақырыбын оқу
Ән "Ақ көгершін" жаттау
Музыкалық сөздіктерді жаттап келу.
Сабақтың тақырыбы: Филармония – өнер ордасы.
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың музыка өнерін, сүйіспеншілігін оята отырып, ұлттық өнерге, әдет -ғұрпын сақтауға, адамгершілікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: Филармония суреті, домбыра, үнтаспа,ноталар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сыбызғы неден жасалады,қандай аспап?
2.Театрда қалай отыру керек?
3.Театрда отырудың неше ережесі бар?
4.Күй дегеніміз не?
5.Ноталарды әріптермен оқу.
Ұлттық аспаптарды табу ойыны.
1.Домбыра
2.Асатаяқ
3.Дабыл
4.Дауылпаз
5.Сыбызғы
6.Қобыз
Музыка сауаттылығы: Әуен.
Домбыра сөйлегенде одан күмбірлеген дыбыстар шығады,ол дыбыстарды әуен деп аталады.Әуендер әр түрлі болып шығады.Бірде көңілді,бірде мұңды болады.
Музыка – ән,әуен,ырғақ.
Жаңа тақырып: Филармония – өнер ордасы.
Ән «Домбырасыз сән қайда»
Үйге тапсырма: Филармония – өнер ордасы сабағын оқып келу.
Әнді жаттау,музыка сөздіктерін жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.