.
.
Гагарин атындағы №34 жалпы орта мектеп Ой қозғау- ынталандырудағы танымдық тәсілдің бірі»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2763 | Размер: | Автор: гостьБАЯНДАМА
«Ой қозғау- ынталандырудағы танымдық тәсілдің бірі»
Пән мұғалімі: Сараубекова Э.К.
Шымкент қаласы
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екендігін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя отырып салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастарымен тепе- теңдікті ұстап зерттеу, оларды жеңіл синтетикалық ойларға қарсы қоя салыстыру, оларға сеніммен қарайтын белгілі бір жүйелілікке түсіріп қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау- идеялармен бар мүмкіндікті шығармашылықпен қарап, жақындастыратын концепциялар мен ақпараттарды қайтадан түйіндеп, тұжырымдайтын құбылыс. Бұл әр түрлі деңгейде бірдей және бір кезде болатын екпінді де өзара дамуға негізделген іс- әрекет. Көбінесе сын тұрғысынан ойлау процесі негізгі мәселеге бағытталғанымен, ол межеге аса мән бермейтін шығармашылық тұрғыдан қарайды.
Сын тұрғысынан ойлау- шыңдалған ойлау. Көбінесе бұл ойлау ересек студенттерге ғана тән деп айтылады. Бұл аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларда өз даму деңгейіне байланысты ойы шыңдалып, кез- келген мәселеге сын көзбен қарай алады. Оқушылар да күрделі мәселелердегі тапсырмаларды шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштар болып тұрады.
Шындығында сын тұрғысынан ойлауды зерттеу және үйрену, менің пікірімше, оқшауланған дағдылар мен нақты фактілерді үйренуге мән беретін үлгілер сыншыл ойлауды мектеп қабырғасынан бастайды. Үйрену мен ойлауды ауқымды етіп түсіндіретін және қолдай білетін зерттеу салалары- танымдық психология, философия және әр түрлі мәдени білім орталықтары. Оның негізгі мәні мына төмендегідей:
1. Жаңа ситуацияда қолдана алатын ұтымды және ұзақ мерзімдік оқу негізінен ақпараттар мен идеялар туралы қолма-қол ой, пікір айту. Егерде оқу белсенділікпен үйреніп, талданса және берілген ақпараттардың соңында, оның өз тәжірбиесінің, білімінің бір бөлігі ретінде айта қалсақ- бұл іс- әрекет өте жақсы жасалынады.
2. Егер оқушы ойлау іс- әрекетінде үнемі тұрақты стратегияны қолданып отырса, онда оның білімі даму деңгейіне жетеді.
3. Оқушының жаңа үйренгенін нағыз өмірде қолдану мүмкіндігі болса, онда оның үйренуі мен сын тқрғысынан ойлау дәрежесі өседі.
4. Шәкірттің білім деңгейі өседі, егер ол оны өзінің байырғы білімі мен іс- тәжірбиесі негізінде жасаса; оқушыға байырғы білімі мен жаңа ақпаратты сабақтастыруға мүмкіндік жасалса.
5. Мұғалім ой мен тәжірбиенің әр түрлілігін және мәнін түсінсе, сонда ғана сын тұрғысынан ойлау мен жазу іс-әрекеті болады.
Ұстаз өз сабағында шәкірті сын тұрғысынан ой ойлап, жаза білу үшін төмендегідей мүмкіндікті туғызу керек.
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудырту үшін уақыт беріп, қолайлы мүмкіндік жасау керек.
2.Шәкірттің ойланып, толғануына рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдай білу.
4.Дұрыс шешімін таппай тығырыққа тірелген балаға осы жағдайдан шығудың жолын көрсете алу.
5.Әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқущының мынадай жетістіктерге жеткізді.
1.Өзіндік ойын ортаға салуға дағдыланды.
2.Алдына нақты мақсат қоя білді.
3.Тапсырманы жауапкершілікпен атқаруды үйренді.
4.Пікірталасқа белсенді түрде ат салысты.
5.Шығармашылық деңгейде сұрақ қоя білді.
6.Өзгелердің пікірін құрметтей алды.
7.Жұппен, топпен жұмыс істей білуге үйренді.
8.Мәдениетті, көркем тілде сөйлей алатын болды.
9.Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды.
Орыс сыныптарындағы шәкірттердің сөз байлығын дамытуда, оларды қазақша саутты жазып, дұрыс сөйлей білуге үйретуде ең алдымен мынадай талаптар атқарылуы керек.
1.Әрбір сөзді тұрақты түрде естерінде сақтаулары керек.
2.Оқушыға үйрететін сөздің көпшілігі күнделікті өмірде кездесіп отыратын сөз блуы керек.
3.Әрбір үйретілген сөз қайталанып отыруы шарт.
4.Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйретуіміз керек.
Жоғарыда аталған шартты орындау мақсатында біз- ұстаздар қауымы қандай әдіс- тәсілдерді қолданбақпыз. Ең алдымен, әрине баланың сабаққа деген ынтасын арттыру. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда ынталандыру дегеніміз- адамның ішкі іс- әрекетінің басқару үрдісі болып табылады. Ынталандырудың өзі мынадай нақты төрт бөлімнен тұрады. Олар: эмоционалдық, танымдылық, еріктік және әлеуметтік.
Төменгі сынып оқушыларының, яғни 5-6 сынып оқушыларының қызығушылығы тек эмоционалдық болып келеді. Мұнда шәкірт пен ұстаздың арасындағы қарым-қатынас, оқушының тек жақсы баға алуы үшін, ұстазына ұнау үшін, сол пәнге деген қызығушылығы басым болып келеді.
Танымдық қызығушылық 7-8 сыныптар аралығында шығармашылық жұмыспен айналысу, өткен іс- тәжірбиесіне сүйену басым блады.
Еріктік қызығушылыққа 8-9 сынып оқушыларының оқуға деген жауапкершіліктің артуы, өз-өзінің жеткен нәтижесін бағалау, танымдылық кедергілер, болашаққа деген жорамалы итермелемек.
Әлеуметтікке Отаны мен қоғамына қажет бола білу, алдыңғы қатардағыларға еліктеу, өзгелермен байланыс, өзара көмек, ұжымдық істің қортындысы, таңдаған мамандығына пәнінің қажеттілігі итермелеп отырмақ.
Сөзімді түйіндей келе, ұстаз ұтымды әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегін кеңейтеді. Оқушы бірте-бірте қстаз дәрісін жалыға тыңдаушыдан белсенді ойлаушы, ізденімпаз шәкіртке айналады. Шәкірт жүрегіне жол табу үшін сабақтың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу қажет. Бала тек белгілі мәліметті қабылдаушы емес, сонымен бірге терең ой иесі, жеке тұлға.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.