Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ойнайық, ойланайық. -

Ойнайық, ойланайық.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1523 | Размер: | Автор: гость
. Білім саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған
Оқу іс-әрекет түрі: Математика. Сабақтан тыс іс-шара
Тақырыбы: Ойнайық, ойланайық.
Мақсаты: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін,
формасын тікелей бақылай отырып, логикалық тапсырмаларға
толық жауап беріп, ойлау қабілетін дамыту.
Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау
қабілетін дамыту.
Қызықты ойындар арқылы баланы тапқырлыққа, алғырлыққа
тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: логикалық тапсырмалар, санамақтар, логикалық есептер,
Геометриялық пішіндер, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Әдістемелік тәсілдер: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Рефлексиялық - түзетушілік І. Ұйымдастыру
Тәрбиеші: Біздің топтың ұл-қыздары
Тату-тәтті ойнайды,
Айналаға, бар адамға
Тек мейірім сыйлайды.
-Балалар, бір-бірімізге, келген қонақтарға жылы сөздерден бастайық.

-Балалар, бугін сабақта ойнаймыз, ойлаймыз, есептер шығарамыз.
Ойын: «Қандай сан қалып қойды?»
Ойынның шарты: Тақтада сандар 1-ден 10-ға дейін. Балалар 1-ден 10-ға дейін санайды. Көздерін жұмады. Сол кезде бір санды алып коямын. Балалар санайды. Қандай сан қалып қойғанын айтады.
2 ойын: «Көрші санды ата»
Ойынның шарты: Тақтада сандар (2,4,7,1,3,5,9)
Балалар сандардың көршісін тауып және атауы керек.
«Санамақ» айтқызу.
3 ойын: «Топтастыру»
Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндерді тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру керек.

Сергіту жаттығуы:
1,2,3 құсқа ұқсап ұш.
4,5,6 күн жадырап салды.
7,8,9,10 өз ұяңа қон.
4 ойын: «Санның құрамын тап»
Ойынның шарты: Бос орынға сан жазу керек.



1 6 2 1

2 1 2

3 4 3

4 3
5

6
- Берілген тапсырманы дұрыс орындасаңдар, жақсы, әдемі сөз шығады. 7,5,4 сандарының астында «Ана» деген сөз жасырынып тұр.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде болатын алғашқы қандай мейрам?
- Ана туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Анашым әнін айтайық.

6 ойын: Логикалық тапсырмалар:
1.Әже дүкеннен немересіне үш доп, бір қуыршақ, екі машина сатып алды.
Сұрақ: Әженің неше немересі бар?

2.Гүлнәр, Сәуледен үлкен, бірақ Айнұрдан кіші. Қыздардың қайсысы Гүлнәр, қайсысы Сәуле, Қайсысы Айнұр?
«Сурет бойынша».

3. Екі дос екі сағат бойы доп ойнайды. Әрқайсысы доппен қанша уақыт ойнайды?

4.Неше баланың аяқ киімін көріп тұрсыңдар?

7 ойын:
Келесі тапсырма: «Көңілді есептер».
Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа
Бес сәбізден бірден жеп
Тойып алды тамаққа
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?

8 ойын: «Ойлан, тап!»
Ойынның шарты: Суретке қарап есептер
құрастырады. Шешуін табады.
а) Алаңқайда 5 мысықтың баласы ойнап жүр еді. Екеуі қашып кетті. Алаңқайда неше мысықтың баласы қалды?

9 ойын: «Бөліктерден геометриялық пішіндер құрастыр»
Ойынның шарты: Балаларға бөліктер таратылады.. Олардан геометриялық пішіндер құрастырады.

Қорытынды: - Балалар, бүгін сабақта не істедік?

Балаларға дөңгелектер ұсынылады.

Қызыл түс – жақсы көңіл-күй
Көк түс – орташа көңіл-күй



Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік.

Балалар 1-ден 10-ға дейін санайды.

Балалар сандардың көршілерін атайды, ретімен қойып береді.
1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Балалар барлығы қосылып санамақ айтады.
Балалар сәйкестендіріп топтастырады.

Жаттығу жасап демалады.

Үш бала тақтаға шығып жазады.

Балалар санның құрамын тауып, «Ана» деген сөзді оқиды.

Балалар көктем мезгілі келгенін, аналар мерекесінің жақындап қалғанын айтады.
Тақпақ айтады. Балалар «Анашым» әнін хормен айтады.
Әженің үш немересі бар.
Себебі, бір қуыршақ, екі машина алды, үшеуіне бір-бірден доп алды.
Балалар қолына доп ұстап тұрған Гүлнәр, Қолына гүл ұстап тұрған Айнұр және ортада тұрған Сәуле деп айтады.

Әрқайсысы доппен екі сағат ойнады.

3 баланың аяқ киімін көріп тұрмын.

Барлығы 10 сәбіз жеді.

Балалар есеп құрастырады, шығарады. Тақтаға жазады (бормен).
Балалар алаңқайда 3 мысықтың баласықалды деп айтады. Себебі 5-пен 2-нің айырмасы 3 болады.

Балалар бөлшектерден геометриялық пішіндер құрастырады.

Бүгін сабақта қызықты ойындар ойнадық, есептер шығардық.

Балалар, дөңгелектерді түсіне қарай таңдай арқылы өз көңіл күйлерін білдіреді. Дөңгелектерді ағашқа іледі.


Орындайды: логикалық тапсырмаларды орындайды, логикалық есептерді шығарады,
геометриялық пішіндерді топтастырады.
Түсінеді: жыл мезгілдеріне және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімді, анаға деген
құрметтің керектігін.
Қолданады: ойын, ана туралы ән, тақпақтарын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.