Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ойыншықтар достығы -

Ойыншықтар достығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4233 | Размер: | Автор: гость
. Аманжол Дәуренгүл
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
II санатты тәрбиеші

«Таңшолпан» (2-3 жас) І кіші топ

Білім саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Ойыншықтар достығы»
Мақсаты: Ойыншықтар және олардың достығы туралы сюжеттік әңгіме құрастыра отырып, өзара татулық сезімін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. Ойыншықтардың түрлерімен аныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, ойыншықтар, қуыршақ, маймыл, аю, қоян.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбер:
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны салайық,
Достық мейірімін салайық,
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебізі
Достарымызға сыйлайық.

Балалар қазір қай мезгілі?
Қыста қандай ерекшеліктер болады?

Қардың түсі қандай? Шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.

-Қыс мезгілі.
-Күн суық, аяз, боран болады. Даланың бәрі аппақ қарға малынған.
Аппақ болады.

Ұйымдастырушылық
ізденістік - Балалар, қараңдаршы, қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінді. Жұмсақ, қатты, резиналы, матадан жасалатын ойыншықтар болады.
- Балалар мынау не?
- Ол неден жасалған?

- Ал мынау қандай ойыншық?
- Бұл неден жасалған?

- Бұл ойыншықтар үлкендердің еңбегімен жасалады. Сондықтан оларды ұқыпты ұстау керек.
- Балалар сендерге «Ойыншықтар достығы» деген әңгімені айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.
- Баяғыда аю, қоян, маймыл үшеуі дос болыпты. Достар бір біріне әрдайым көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншілігі мол, бір бірлерін сыйлайтын жандар екен. Ал қуыршақ болса сұлу, әдемі болыпты. Ол өз әдемілігіне масаттанып, басқа ойыншықтармен ойнамапты. Достары аю, қоян, маймыл оны ойынға шақырса, бармапты. Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге құлап қалыпты. Оның әдемі көйлегі жыртылып, шашы бүлініп қалыпты. Оны көрген аю, қоян, маймыл қуыршақты аяп кетіпті. Қоян қуыршақтың көйлегін тігіп беріпті, ал аю болса қуыршақты жерден көтеріп орындыққа отыруына көмектесіпті, ал маймыл шашын жинап, сәндеп беріпті. Бұны көрген қуыршақ достарына қатты риза болыпты. Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып, сұлулығына мақтанбай, достарының барын қуана айта жүріпті. Сөйтіп, аю, қоян, маймыл, қуыршақ төртеуі айырылмас дос болыпты.
- Балалар сендерге достардың әңгімесі ұнады ма?
- Қуыршаққа кімдер көмектесті?
- Иә балалар сендер де осылар сияқты үнемі бір бірлеріңе көмектесіп, дос болып жүріңдер жарай ма?
Сергіту сәті: Санайық жаңаша,
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша
Достықта біздің күш!
Ойын: «Жоғалған ойыншықтар»
- Балалар бізге ойыншықтар дүкенінен хат келіпті. Онда былай деп жазыпы: «Қымбатты, балалар, біздің дүкеннен біраз ойыншықтар жоғалды, олар қояндар, аюлар, және машиналар. Соларды табуға көмектесіңдер». Кәне балалар жоғалған ойыншықтарды іздеп көрейік. Балалар мұнда қараңдаршы көптеген ойыншықтар мұнда жүр екен. Осы ойыншықтардың ішінен аю, қоян және машиналарды жинаңдар. Атын атап кәрзеңкеге салады.

Ойыншық күшік.
Жұмсақ матадан жасалған.
Машина.
Қатты ойыншық. Пластмассадан жасалған.

Балалар әңгімені тыңдайды.

-Иә

-Аю, қоян, маймыл.

-Жарайды.
Сергіту сәтін тәрбиеші-мен бірге қайталайды.

Ойынды қызыға ойнады.

Рефлексиялық-
түзетушілік Сұрақ- жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорытындылайды.
Жақсы қатысып белсенділік көрсеткен балаларды ерекше бағалап, дүкеншінің сыйлықтарын таратады. Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы орындайды.
Түсінеді: Достық пен бірліктің не екенін түсінеді.
Қолданады: Бір - біріне қол ұшын беру керек дағдыларын қолданады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.