.
.
Тақырыбы: Ойыншықтар сыры. Ойыншықтар сыры.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1181 | Размер: | Автор: гостьТобы: Бірінші сәбилер тобы.
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорын молайту.
Балалардың қабылдау, есте сақтау қаблетін дамыту. Ойындар ойнату арқылы балалардың ынтасын арттыру.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар, үлгі суреттер, үнтаспа.
Әдіс -тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап ойыны.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыка әуенімен залға қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге күн сәулесін төгіп тұр. Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылулық алайық. Осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, күліп қарап жылы лебімізді білдіриік. Осы алған жылуды бәріміз бір ортаға жинап, топты нұрландырамыз.
Осы кезде әсем әуенмен Күлдірген келеді.
Күлдірген:
- Сәлеметсіздерме, балалар?
- Сәлеметсіз бе?
- Мен балалар күлдіргенмін.
- Балалар сендердің аттарын кім?
- Менің атым Назерке.
- Ал сенің атың кім?
- Менің атым Темірлан.
- Ал сенің атың ше?
- Менің атым Әсем.
- Ал сенің жасың ше?
- Менің жасым екі де.
- Ал сенің жасың нешеде?
- Менің жасым үште.
Ой қандай жақсы балалар аттарың да, дастарың да нешеде екенін біледі екен.
Күлдірген: Апай мен керемет сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға керемет көрсетіп берейн бе?
Тәрбиеші: Жарайды көрейік, кереметіңді көрсетші онда. Үстел үстінде түрлі-түсті әдемі ойыншықтар тұрады, беті жабулы, Күлдирген жапқышты ашып қалғанда...
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса қане балалар ойыншықтармен сырласайқ. Сендер қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар айтыңдаршы? Аю, қоян, ит, қой, сиыр, мысық.
Балалар, мысық қалай дыбыстайды екен?
- Мяу-мяу дейді,
- Қане балалар қайталаңдаршы мяу-мяу.
- Қой қалай дыбыстайды?
- Бә-бә дейді.
- Ал сиыр ше?
- Мө-мө дейді.
- Ал ит ше?
- Аф-аф дейді.
Балалар сендер қандай ойыншықтар жақсы көресіңдер?
- Мен мысықты жақсы көрем.
- Мысықтың түсі қандай?
- Сары.
- Бізге құлағын көрсетші?
- Құлағы міні.
- Дұрыс.
- Мысық не ішеді екен?
- Сүт ішеді.
- Осы мысық туралы тақпақ білесің бе?
- Иә.
Пеш түбінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Назерке сен қандай ойыншықтарды ұнатасың?
- Қоянды қнатамын.
- Қоянның аяғы барма?
- Иә.
- Құлағы ше?
- Иә бар, құлағы ұзын.
- Қоян не жейді?
- Сәбіз жейді.
- Қоян туралы тақпақ білесің бе?
- Иә.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен ,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Нұрсылтан сен қай ойыншықты алдың?
- Допты.
- Доптың түсі қандай?
- Көк.
- Дотың пішіні қандай?
- Дөңгелек.
- Доп туралы тақпақ білесің бе, айта қойш.
Добым, добым домала,
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды,
Жек көремін оныңды.
Балалар мына доп әдемі екен. Қане осы доппен ойын ойнайықшы.
Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөліп, бір- біріне жылдамдылықпен доп беру ойыны.
Қане балалар санаймыз бір, екі, үш дегенде бастаймыз. Енді балалар, бала-бала балақан әнімен серуен жаттығуын жасайық.
Бала-бала балақан,
Қане қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ болайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
Ойын: Күлдірген балалармен бірге пирамидалар құрастырады, балалармен бірге жарысып мұнара құрастырады.
Күлдірген: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Күлдірген балаларға ойын шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: Кіші пирамидаларды құрастырп жинайды. Күлдірген әр баланың алдына жеке-жеке пирамиданы беріп, содан мұнараны құрастырп жарыстырады. Өзі де балалармен жарысып ойнайды. Тез құрастырған баланы Күлдірген мадақтайды.
Тәрбиеші: Қане балалар осы ойыешықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыешықтар.
Күлдірген: Балалар мен сендермен қоштасайын, мені басқа да топта балала күтіп тұр. Әлі де сендерге қонаққа келемін.
Тәрбиеші: Балалар біз ойыншықтар сырымен таныстық. Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білесіңдер, ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет. Балалар, енді қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.