.
.
Сабақтың тақырыбы: «Ол ақын болар ма еді?!» Ол ақын болар ма еді?!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1167 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға ел басынан откен желтоқсан оқиғасы жөнінде әңгімелей отырып оның құрбандарын атап, еске түсіру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорын жаңа сөзбен байыту, еркін сөйлеу дағдысын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды тазалыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Қайраттың портреті
2. Желтоқсан буклеті
3. Кітаптар
4. Ту
5. Әнұран
6. Нақыл сөздер
Сабақтың әдісі: оқулықтармен жұмыс жасау
Сабақтың түрі: «Тәй - тәй» бағдарламасы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақ жоспарымен танысу
А) ертеңгілік шеңбері
Ә) оқу орталығы
Б) ғылыми зерттеу орталығы
В) математика орталығы
Г) жазу орталығы
Д) Өнер орталығы
3. Оқушыларды топқа бөлу
Адасқан әріп арқылы тортың атын анықтаймыз
4. Ертеңгілік шеңбер
А) үй тапсырмасын сұрап тексеру
Төрт топқа төрт сұрақ беріледі
1. Биыл жеңістің неше жылдығы тойланды? 62 жыл
2. Батырлар туралы өлең білесің бе?
3. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды атаңдар?
4. Әңгіме неліктен «Музейдегі зеңбірек» деп аталған?
5. Жаңа сабақ
Мәтінді баяу оқи отырып түсіндіріледі. «Желтоқсан желі» баяу оқылады.
1986 ж. 16-18 желтоқсандағы Алматыдағы жастардың көтерілісі – республикаға беймәлім Партия қызметкері Г.Колбинның Қазақстан Компартиясының бірінші секретары болып сайлануы және мәскеудегі саяси орталықтар озбырлығына көнбеу, ұлттық саяси экономикалық түйінді мәселелердің дұрыс шешілмеуіндегі наразылық білдірудің айқын көрінісі еді.
6. Сергіту кезеңі
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім,
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім,
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.
7. Орталық (оқу орталығы)
Мәнерлеп оқу, 4 – оқушы келген жерінен жалғастырып оқиды.
8. Зерттеу орталығы (Кеспе қағаздар тарату)
1. Қ.Рысқұловтың өмірбаяны
2. Мақала неліктен «Ол ақын болар ма?» делінген?
3. Біздің қаламызда Қ.Рысқұлбеков атында не бар?
4. Қ.Рысқұлбеков неліктен аз ғұмыр кешті?
5. Қазақстан қай жылы өзінің тәуелсіздігін жариялады?
9. Өнер орталығы
Екі милиция екі жағында Қайратты темір тордан алып шығады. Сонда жаралы қайрат былай дейді.
Мен не етермен, не етермін,
Мен келмеске кетермін
Көрмеген хош бол, таңдарым
Көре алмай енді өтермін.
Хош аман бол артымда
Ағайын туған азамат
Артымда қалған ата –анам
Ел жұртым саған аманат
10. Математика орталығы
Қайрат Рысқұлов 27 жаста
Лаззат - ? 5 жас кіші
Ш: 21-5=16
Жауабы: Лаззат 16 жаста
11. Жазу орталығы
Мақалды жазып, мағынасын ашу
Жүк ауырын нар көтереді
Ел ауырын ер көтереді
12. Сабақты бекіту, қорытындылау
Оқушылар өз орталықтары туралы қорытындылайды
13. Оқушыларды бағалау
Оқушыларды кесте арқылы бағалаймын
14. Үйге тапсырма
1. Мәтінді оқып түсінігін айту
2. «Ер есімі – ел есінде» шығарма жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.