.
.
Білім беру саласы: Қатынас. Қонақтарды күтеміз:
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1386 | Размер: | Автор: гостьҰйымдастырылған оқу іс әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз:
Мақсаты: Балаларға заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, ыдыс – аяқ түрлерімен таныстыру. Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру;Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға , әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.Балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ыдыс - аяқтар – посуды, ас үй – кухня, асхана – столовая.
Қолданылатын көрнtкі құралдар: Доп ,Ыдыс-аяқ суреттері.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,триз әдісі.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивац- қ қозғау-қ
Балалар мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң бақшамыз
Саламатсыңдарма!
Здраствуйте!
Good morning!
Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң бақшамыз
Ұйымдас-қ іздену-к
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай айы?
-Қыс мезгіліндегі ауа-райындаға өзгерістерді айтайықшы?
-Дұрыс айтасыңдар балалар қыс мезгілінде күн салқын болғандықтан бүгін мен сендермен «Көңілді доп» ойынын топта ойнағым келіп тұр.Сендер ойнағыларың келеме?
Ойын: «Көңілді доп».
Мақсаты :Ыдыстардың аттарын атауды үйрету. Шарты: Тәрбиеші балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,допты лақтырады,қағып алған бала ыдыстың атын атайды.
-Жарайсыңдар балалар ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар.
-Балалар біз өткен оқу іс –әрекетімізде Әйгерімге дастархан әзірлеуге көмектескен болатынбыз. Қане есімізге түсірейікші.
-Жарайсыңдар балалар өткен оқу іс-әрекетін жақсы меңгеріпсіңдер.
- Балалар сендердің үйлеріңе қонақтар жиі келе ме?
- Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар?
Дұрыс балалар, амандасамыз, қал- жағдайын сұраймыз.
Үстел басына шақырамыз.
- Үстелге не төсейміз?
- Дастарқанға не қоямыз?
- Тағамдарды неге саламыз?
- Ыдыс –аяқтардың қандай түрлерін білесіңдер?
Жарайсыңдар балалар, қазір біз осы ыдыстырдың түрлерімен жақынырақ танысамыз.
Жаңа тақырып. «Қонақтарды күтеміз».
Таңғажайып сәт:(Дымбілмес келеді). Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге ертегідегі Дымбілмес қонаққа келді.
Дымбілмес өзінің атын білмейтінін қонақ емес екенін ,адасып қалғанын,ыдыстарды ұстап шатастырып айта бастайды.
Тәрбиеші: Дымбілмес сен асықпа біз қазір осы ыдыстар жайлы тақырыпта айтып жатырмыз сен де бүлдіршіндермен бірге отырып тыңда.
Ыдыс-аяқпен таныстыру.(суретпен жұмыс)
Кәстрөл – ет, сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс.
Шәйнек – шай ішуге арналған, оның ішіне сендер күнделікті ішетін табиғи шырын немесе кисель құюға болады.
Таба – жұмыртқа пісіруге, рожки, картоп пісіруге арналған.
Тәрелке – дайын тағамды салуға арналған.
Кесе – шай ішуге.
Қасық –тамақ жеуге.
Шанышқы – тамақ жеуге арналған.
Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы тиіс.
Пышақ – нан кесуге, ет турауға арналған.Пышақты балаларға қолдануға болмайды.
-Балалар қараңдаршы Дымбілмес ұйықтап бара жатыр ендеше орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту жаттығуы.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Допты алды қолына,
Қайта қойды орнына.
Оңға қарады,солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Дымбілмес, балалар біз ыдыс-аяқпен таныстық,сендердің бүгінгі тақырыпты меңгергендеріңді бақылау үшін қазір ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын:
«Түріне қарай топтастыр»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Шарты: Ыдыстар, қысқы киімдер, үй жиһаздарын ажыратып жинау керек.
Дымбілмес: Балалар мен шыныныда да ештеңе білмейді екенмін, мен сендерге қонаққа келіп көп затты үйреніп алдым.Балалар мен сендерге өтініш айтайын мені енді Дымбілмес деп атамаңдаршы.
Тәрбиеші: Расында да балалар біз енді Дымбілместі Саламат деп атасақ қалай болады.
Саламат қуанып қоштасып шығып кетеді.
-Балалар біз қазақ деген ұлтпыз я, қазақ ұлты өте қонақжай халық.Сондықтан да үйге келген қонаққа ілтипатпен қарау керек екен. -Қыс мезгілі.
-Желтоқсан айы.
Қар жауады,күн суық болады.Адамдар жылы киінеді.
-Ия
Балалар ойынды ойнайды.
Балалар өткен оқу іс-әрекетін естеріне түсіреді.
-Ия жиі келеді.
-Саламатсызба деп.
-Дастархан.
-Балалардың жауаптары.
-Балалар өздері білетін ыдыстарды айтады.
Балалар мұқият тыңдайды
Балалар орындарынан тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталай отырып бойларын сергітеді.
Балалар Дымбілмеспен бірге ойынды ойнайды.
-Ия .
-Сау болыңыз
Рефлек-к түзетуші-к -Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Дымбілместің атын қалай өзгерттік?
-Нелермен таныстық?
-Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін сұрай отырып ,оқу іс -әрекетін қорытындылау,жақсы қатысқан балаларды мадақтау. -Дымбілмес
-Саламат
-Ыдыстармен.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі.
Игереді: Жаңа сөздерді,қонақтарды ілтипатпен қарсы алуды.
Меңгереді: «Ы» дыбысын меңгереді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.