.
.
Кушерова Шолпан Ертайқызы, Қоныс аударушылардың шаруашылығы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1400 | Размер: | Автор: гость№14 жалпы орта мектебінің мұғалімі.
Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қоныс аударушылардың шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ХIХ ғасырдың 60-жылдарынан
бастап, патша үкіметі Қазақстанның аумағына
шаруаларды қоныс аудара бастауын түсіндіру.
Дамытушылық: сабақ барысында оқушылардың тарихи
оқиғаларды есте сақтау,салыстыру,жүйелі ойлау
және материалды тұжырымдап аяқтау, өздігінен
жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға туған жеріне, халқына деген
сүйіспеншілікке, елдің біртұтастығын сақтап
қалу үшін күресуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Проблемалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-кестемен жұмыс, тарихи диктант, тест, сәйкестендіру кестесі, проблемалық сұрақтар, “Тапқыр болсаң тауып көр!”, хронологиялық кестенің орнын толтыру, ойды аяқтау.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайд, интерактивті тақта
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Бұл реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын ішкі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жүзеге асырылды.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап әдісі бойынша тексеру.
Шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері?
Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы?
Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі?
Столыпиннің 1906жылы аграр реформасы.
Жергілікті халық жағдайының нашарлай түсуі
Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қарсылығы.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Тапқыр болсаң тауып көр!
Хранологиялық кестенің бос орнын толтыру.
1861жыл......(Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды)
1866жыл......(Батыс Сібдір басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат берді.)
1868жыл.....(Колпаковскийдің тікелей басшылығымен (Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды.
1889жыл.....(Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы Ереже»бекітілді.
1891жыл.....(Шаруалардың қазақ даласына қоныс аударуы ресми түрде тоқтатылды.)
1892жыл......(Транссібір темір жолының құрылысы басталды.)
1903жыл......(«Сырдария,Ферғана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аудару туралы ереже» бекітілді)
1904-1905ж.ж...(патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді.)
1906жыл....(Столыпиннің аграрлық реформасы.
1917жыл.....(жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45млн.десятина жер тартып алынды.
ІV. Жаңа сабақ. Жоспар:
Қоныс аударып келген шаруалардың тұрғын үйі.
Қоныс аударып келген шаруалардың көрген қиындықтары.
Егіншілік-шаруалардың негізгі кәсібі.
Мал шаруашылығы.
Омарта шарушылығы.
Бау-бақша өсіру және балық аулау кәсібі.
Қоныс аударушы шаруалармен жергілікті қазақтардың шаруашылығы.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап,патша үкіметі өздерімен бірге егіншілік мәдениетін,сондай-ақ еңбек құралдарын ала келді.Осыған байланысты бау-бақша егу және омарта шаруашылығы пайда болып,едәуір дамыды. Жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударып келген шаруалар арасында тұрақты шаруашылық қатынастары қалыптасты.
Тірек-кестемен жұмыс
Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырғаннан кейін слайдқа сүйеніп, негізгі білім мазмұнын түсіндіреді.
1.Қоныс аударып келген шаруалардың тұрғын үйі.
Ресей мемлекеті қоныс аударып келген шаруаларға олардың жаңа жерлерге «жайғасуы үшін»көмектесіп тұрды.Оларға көшіп келген бойда 185 сомнан ақшалай қарыз берді.Сонымен қатар оларға егін егу үшін тұқым,азық түлік сатып алуға қаржы бөлінді. Шаруаларға үй жай салып алуға көмек ретінде ағаш материалдары тегін таратылды.Ондай ағаш материалдарды Петропавл,Омбы,Ақмола сияқты қалаларды босатылатын. Әр отбасына норма бойынша 200-ге дейінгі құрылыстық бөрене және 50 сырғауыл берілді. Басқа да құрылыс материалдарын сатып алу үшін қосымша ақшалай қкарыз алды. Мәселен, монша сатып алуға деп 20 бөрене,орылған астық бауларын сақтайтын қора үшін 60 бөренеге дейін ала алатын.
2. Қоныс аударып келген шаруалардың көрген қиындықтары.
Мемлекет қаншалықты көмектессе де шаруалар алғашқы жылдары едәуір қиындықтарды басынан кешірді. Үй жай салып алу үшін берілетін бөренеленр мен сырғауылдар уақытылы жеткізілмеді.Сондықтан,көптеген отбасылардың жер кепелерде,үңгірлерде,қамбаларда, шалаш күркелерде айлап емес,тіпті жылдар бойы тұруына тура келді. Олардың арасында өлім-жітім,ауру-сырқау жиі болып тұрды. Қоныс аударып келген шаруалар кейбір жағдайларда бұрыннан тұратын отбасылардан қыс кезінде пәтер жалдауға мәжбүр болды.Пәтер жалдау барған сайын қымбатқа түсті.Мемлекет берген қарыздардың бір бөлігі пәтер ақыға жұмсалып кетті. Қиындықтың ең ауыр кездері ашаршылық жылдары болды.Мәселен,1891жылы егін шықпай қалу салдарынан болған ашаршылық Қазақстан аумағын қамтыды.Шаруалар жаңа қоныс орындарын тастап,жаппай қалаға қарай ағылды.Бір ғана Омбы қаласында 6000-ға жуық шаруа шоғырланды.Қалада жайлы орын таба алмай,қайта көшіп кеткендерде аз болған жоқ.
3. Егіншілік-шаруалардың негізгі кәсібі.
Қоныс аударып келген шаруалардың негізгі кәсібі егін егумен айналысу еді. Әрбір ер азаматқа орта есеппен 15 десятина жер берілді. Шаруаларға
мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың көмегі көп тиді.
4. Мал шаруашылығы
Шаруалар негізінен шошқа,сиыр мен жылқы өсірді,қой,ешкі өсірумен айналысты. Қоныс аударушы шаруаларда мал өсіру қосалқы кәсіп сипатына ие болды. Мал өсірумен Ақмола, Петропавл және Қостанай уездеріндегі аздаған шаруалар ғана айналысты. Соның өзіне де олардың малын жергілікті тұрғындар-қазақтар бақты. Қазақтардың үлгісі бойынша түйе ұстайтын орыс
шаруаларда кездесті.
Проблемалық сұрақтар қою барысында тақырыпты ашу.
1. Қоныс аударып келген шаруалар қандай қиындықтарға тап болды?
2. Қазақ малшылары мен орыс шаруаларының өмірі мен тұрмысын салыстырыңдар?
3.Қоныс аудару шаруалар мал өсірумен қай өңірлерде шұғылданды?
4.1891жылы ашаршылыққа байланысты қоныстанушы шаруалардың көшіп кеткендері болды ма?
ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы басты проблемалар
Әлеуметтік проблемалар Экономикалық проблемалар
1.Үй жай салып алу үшін берілетін бөренелер мен сырғауылдар уақытылы жеткізілмеді.
2.Өлім-жетім ауру жиі болып тұрды.
3.Мемлекеттің берген қарызының бір бөлігі пәтерақыға жұмсалып кетті. 1.Мемлекет тарапынан берілген көмектер шаруаларды толық қанағаттандыра алмады.
2.Шаруалар жаңа қоныстарын тастап,жаппай қалаға қарай ағылды.Бір ғана Омбы қаласынан 6000ға жуық шаруалар шоғырланды.
V. Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларды 3 топқа бөлемін.
Дәптермен жұмыс: Тарихи диктант
1. Әр отбасыға норма бойынша....құрылыстық бөрене және....сырғауыл берілді.(200.50)
2. Неғұрлым ауқатты шаруалар....қиып,төбесі....жабылған тәуір үйлерді бірден сатып алуға кірісті.(бөренеден,қаңылтырдан)
3. Қиындықтың ең ауыр кездері....жылдары болды.(ашаршылық)
4. Қоныс аударып келген шаруалардың негізгі кәсібі....айналысу еді.(егін егумен)
5. Әрбір ер азаматқа орта есеппен..... жер берілді.(15 десятина)
6. Мал өсірумен....уездеріндегі аздаған шаруалар ғана айналысты.(Ақмола,Петропавл,Қостанай)
7. 1883жылы....шамамен ара ұясының....мыңға жуық жәшігі болды.(Өскеменде.4,8)
8. Шаруалар қазақтардан....өсетін көлдерді және....теңізінің жағалауларын азын-аулақ ақшаға сатып алды.(балық,Арал)
9. Өскемен мен Семей уездерінің шаруалары негізінен....және өсірді.(қауын,қарбыз және күнбағыс)
10. Әр шаруа қожалығы....өсірді.(бау-бақша)
ІІ. Компютерлік жұмыс. Тест
1. Көшіп келген шаруаларға берілген ақшалай қарыз.
А. 180сом Ә. 200сом Б. 185сом В.150сом
2. Әр отбасына норма бойынша қанша құрылыстық бөрене берілді?
А. 300 Ә. 500 Б. 400 В. 200
3.Үйлерді сатқан кезде ағаш үйлерінің бағасы қанша сом болды?
А. 200 Ә. 400 Б. 700 В. 300
4. Егін шықпай қалу салдарынан болған ашаршылық Қазақстанды қай жылы қамтыды?
А. 1892ж Ә. 1891ж Б. 1893ж В. 1894ж
5. Қоныс аударып келген шаруалардың негізгі кәсібі?
А. Омарта шаруашылығы. Б. егін-егу шаруашылығы
Ә. Мал шаруашылығы В. Балық аулау кәсібі.
6. Қазақтардың жалға берілген әр десятина жер үшін неше тиыннан төленді?
А. 5-10 Ә. 5-15 Б. 5-7 В. 5-8
7. 1883жылы Өскеменде шамамен ара ұясының қанша жәшігі болды?
А. 4,2мың Ә. 4,3мың Б. 4,4мың В. 4,8мың
8.Омарта шаруашылығының пайда болған уақыты?
А. ХІХғ.20ж Ә. ХІХғ.30ж Б. ХІХғ.40ж В. ХІХғ.50ж
9. 1900 жылдары қарбыз,қауын,күнбағыс дақылдары қанша жерге егілді?
А. 1,4 мың десятина Ә. 2,4мың десятина Б. 1,5мың десятина В. 1,6мың десятина
10. Кендір және сора өсіруді қай облыстардың шаруалары айналысты?
А. Өскемен-Семей Ә. Ақмола-Семей Б. Қостанай-Семей В.Өскемен-Петропавл
ІІІ.Оқулықпен жұмыс. Сәйкестендіру кестесі.
1.Үй-жай неден тұрғызылды? А.Өгіз жегілген соқамен
2.Үй-жай салу үшін қандай материалдар жеткізілді? Ә.Егінді қолдан суару
3.Шаруалар жерді немен жыртты. Б.Бөрене,сырғауыл
4.Астықтың қандай түрлерін өндірді? В.Семей,Өскемен,Павлодар,
Жетісу,Сырдария
5.Омарта шарушылығымен қай өңірлер айналысты? Г.Капуста,картоп өңдеу тәсілдерін
6.Қоныс аударушы шаруалар қазақтардан не үйренді? Д.Саз балшықтан,шикі кірпіштен
7.Қазақтар орыс шаруаларынан не үйренді? Е.Бидай,қара бидай,сұлы,тары.
VI.Қорытындылау.
Патша үкіметі ХІХғ.60жылдарында бүкіл қазақ жерін тартып алып,
Ресейден орыс шаруаларын қоныстандырып отаршылдық саясатын жан-жақты жүргізді.Жергілікті қазақ халқымен қоныс аударып келген шаруалар арасында мәдени қарым-қатынастар орнады.
Орыс шаруалары қоныс аудару барысында біраз қиыншылықтарға тап
болды.Мысалы,қоныстанған жерлері құнарсыз болуы,ауыз судың алыстығы,ауа-райының ерекшелігін білмеуі және құрғақшылық.1891жылы ашаршылық шаруалардың қоныс орындарын тастап,жаппай қалаға қарай ағылуына жол ашты. Жергілікті Қазақстандықтар қоныс аудару мен тығыз қарым қатынаста болды.Олардың арасындағы мәдени қатынастар қалыптасты.Олардың арасындағы мәдени қарым қатынастар қалыптасып,бұл қатынастар қазақтарға да,орыс шаруаларына да өз ықпалын тигізді.Нәтижесінде мал шаруашылығы,омарта балық,бау-бақша өсіру сияқты шаруашылықты жан-жақты дамыды.Қазіргі таңда
«Қазақстан көп ұлтты мемлекет»Қазақтардан кейін басым орында орыс
өнімдері1954ке тың игеру нәтижесінде солтүстіктегі алты облыс астық өңірлер. Нарық заманында көп ұлтты Қазақ мемлекеті астық өндіруден экспортқа шығару жағынан алдыңғы қатарда.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
38 Қоныс аударушылардың шаруашылығы
Мәтінді оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.