.
.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Орал қаласының №46 жалпы орта білім беретін мектеп.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2044 | Размер: | Автор: гость№ 46 орта жалпы білім беретін мектебінің
Информатика пәнінің мұғалімі
Бузаубакова Динара Кениспековна
Орал қаласының №46 жалпы орта білім беретін мектеп.
Соңғы жылдары компьютерлік техника мен дербес компьютерлерді бағдарламамен қамтамасыздандырудың дамуындағы бірден бір серпіліс ол қазіргі Қазақстандағы инновациялық технологияның дамуы. Ақпараттандырудың тиімділігінің қазіргі шарттарында ақпараттық байланыстың сапасы идеологияға, моральға, саясатқа, дінге, медицинаға, білім беру ісіне және т.б., адамзат тіршілігінің барлық саласына шартты түрде енумен анықталады.
Міне осы аталмыш маман иелерін дайындау оқу ордамызда жүйелі түрде енгізілген. Оқушының интеллектуалдық қабілетін дамыту, ой-өрісін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияны меңгеруге деген теориялық және тәжірибелік білімін арттыру көзделген. Оқу орнының техникалық базасы қазіргі заман талабына сай желілік байланыспен, интернет технологияларымен, интерактивті тақталармен жабдықталған. Мұндағы білім алушыларға білімді де білікті бағдарламашы оқытушылар, техник-инженер мамандар, білім беруде. Бүгінгі таңда Орал қалалық архитектура бөлімінде игерілетін AutoCad, AutoPlay сонымен қатар ақпараттық технология саласында қолданыстағы негізі бағдарламалар Delphi, TurboPaskal, Photoshop, CorelDraw, Macromedia Flash, C++ т.б. секілді күрделі бағдарламалар жүйелі түрде оқытылып, меңгертіледі.
Биік шыңды бағындыр, талаптан да,
Үйрен, оқы, алға ұмтыл қарап қалма, –деген ұранды мақсат етіп қойған жас таланттылар үшін шығармашылық жұмыстармен айналысып ізденіс жасауға ұмтылған білімді ұрпақты даярлау мақсатында мектепішілік түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. МИФ пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы «ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың ғасыры» атты апта көлемінде сайыс өтілді. Бұл сайыстың мақсаты білімді меңгерумен қатар оқушының ойлау қабілетін, шеберлігін шыңдау.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың IT (Information Technology – Ақпараттық Технология) саласының жылдам дамуындағы жаңалықтардан қалыс қалмай, оқушылардың өз мамандығын ынта қойып меңгеруіне жетелейді.
Біздің оқу ордамызда білім беру үрдісінде теорияны тәжірибемен ұштастырып қана қоймай, оқушылардың еркін ойлауына және ақпараттық технология саласындағы соңғы стандарттарға сай жұмыстануына жағдай жасалынған.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты–бәсекеге қабілетті маман даярлау. Осы мақсатта біздің оқу ордамызда оқушыларға мамандық игерудің түрлі әдіс тәсілдері ұсынылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.