Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары -

Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3804 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы
№ 55 жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Рүстем Гүлжан Бердібекқызы

4 сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
1. Сабақтың мақсаты:
Орман мен тоғайдың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, ормандағы тіршілік жағдайлары, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі, орманды оны қорғау керектігі туралы білім беру.
Оқушының ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын, есте сақтау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Экологиялық тәрбие беру. Табиғатты және ондағы тіршілікті аялау. Қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.
2.Сабақтың барысы:
3. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Сәлемдесу
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Қоршаған өмір әлемі,
Не деген көркем әдемі!
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!.
-Балалар, бүгін бір-бірімізге жақсы күн сыйлап, амандасайық
4. Өткен сабақты пысықтау
-Шөл дала деп қандай жерді айтамыз?
-Шөл даланың өсімдіктерін ата
-Шөл жануарлары ыстықтан қалай қорғанады?
-Қазақстанның шөл далаларын ата.
5. Жаңа тақырыпты меңгеру.
- Орман-тоғайларда не тіршілік етеді?
- Құстар, жануарлар тіршілік етеді. Түрлі өсімдіктер мен ағаштар өседу. – Олай болса, Құстар, жануарлар., өсімдіктер, ағаштар болып топқа бөлінейік.
1 – топ. Құстар
2 – топ. Жануарлар
3 – топ. Өсімдіктер
4 – топ. Ағаштар
1 тапсырма. Орман сөзіне ассоциация жасау
«Орман дегенде көз алдарыңа не келеді?» деген сұраққа ассоциация жасайды.
Мәтінмен жұмыс. (Алдын ала үйден оқып келу)
Мәтін төрт бөлікке бөлінеді
2 тапсырма. Топтық жұмс. Мәтін бойынша
1-топқа. Қазақстан аумағында орманның қандай түрлері кездеседі?
2-топқа. Онда қандай өсімдіктер өседі?
3- топқа. Орманда қандай жануарлар тіршілік етеді?
4-топқа. Тоғайдың орманнан қандай айырмашылығы бар?
3 тапсырма. Орманның рөлін анықтау. Постерді қорғау.
Орманның рөлін анықтау сызбасын құрастырады.
(Орман-ауа, жасыл дәріхана, тамақ көзі, демалатын орын, отын көзі, ағаш көзі, жануарлар мекені, топырақ, су қоймаларының қорғанышы екенін айтып, өз сөздерін дәлелдеп, топта талдап, ортада қорғады).
4 тапсырма. .«Өзім үшін жазамын» стратегиясы. Дәптермен жұмыс
Бұл стратегияда оқушылар орманда өзін-өзі ұстау ережесін құрды.
Жеке, жұппен, топта талдап, ортаға ең жақсысын шығарды.
5 тапсырма.«Автор орындығы» стратегиясы.
«Автор орындығында» өздерінің жазған ережелерін оқыды.
6 тапсырма. Венн диаграммасында салыстыру.
Орман мен тоғайдың айырмашылығын диаграммаға салып салыстырды.

7. Сергіту сәті. Экологиялық есептер
1.Бір илеудің құмырсқалары 1 тәулікте 20 мың зиянкес жәндіктерді құртады.
Ал үш тәулікте қанша зиянкестерді құртады?
2. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды
жейтін болса, 1 аптада қанша зиянкестерді жей алады?
3.Бұлан қыс уақытында тәулігіне 12кг шөп жейді екен. 2 бұланға тәулігіне неше кг шөп керек?
4. 4.Ең ірі тоқылдақтың денесінің ұзындығы 50 см. Осындай
3 тоқылдақ денесінің ұзындығы қанша болады?
5.Ақ аюдың дене тұрқы 3м, салмағы 1000 кг дейін жетеді.
Осындай 2 аюдың салмағы қанша болады?

8 тапсырма. Мониторинг құру.
Мониторинг кесте құруда орманның досы мен жауын анықтайды.

Д о с Ж а у
1.
2.
3. 1.
2.
3.

9 тапсырма.Сөздікпен жұмыс.
Тораңғы - терек туысына жататын ағаш.
Дiңi түзу, жуандығы кейде 1 м-ге жетедi, қабығы сарғылтсұр, таспа тәрiздi сыпырылады. өркендерi бастапқыда нәзiк түктi, кейiн түксiз, түсi қоңыр сарғылт. Сәуiрде гүлдейдi, мамырда жемiс бередi.
Шеңгел- бұршақ тұқымдасына жататын бұта түріндегі өсімдік.
Ұшқат - шырмалған бұта, кейде ағаш.
10 тапсырма . Қорытынды сұрақтарға жауап беру.
1-топ . Орман неліктен жойылып жатыр.
2-топ . Ол неге байланысты?
3 топ. Орманның жойылуына адамның қатысы бар ма?
4 топ. Неліктен орманға қамқорлық жасау керек?
Сабақты қорытындылау. (мұғалім)
- Біздің халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялай қорғап, олардың өніп-өсуіне қиянат жасамаған. Ел шетіне жау тиіп, ауыл үдере көшкенде шаңырағына қарлығаш ұя салып, балапан шығарып жатқандықтан Төле би бабамыз үйін жыға алмай, жұртта қалыпты деген аңыз бар. Сонымен бірге өрмекші, аққу, киік, көгершін, қарлығаш, бүркіт, т.б. сияқты жәндіктер мен құстарды халық қасиетті санаған. Қазіргі кезде жойылып бара жатқан құстарды, жануарларды «Қызыл кітапқа» енгізіп, оларды қорықтарда қорғауда. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген.
Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.
М: Қызыл кітапқа енген қандай құстарды, өсімдіктерді, жануарларды білесіңдер?
О: Қызғалдақ, жолжелкен, таушыршасы, жабайы долана, арша, майқарағай, бірқазан, қоқиқаз, көксуыр, сілеусін, суыр т.б. көптеген жануарлар мен өсімдіктер
М: Олар неге орман-тоғайда өседі?
О: Өйткені орман-тоғайда өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар жеткілікті, оның топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайтын жағдай бар.
О: Жануарлар да өздеріне мол азық, ыңғайлы баспана табады. Сондықтан орман мен тоғайдағы тіршілік алуан түрлі.
Оқушыларды бағалау.
Рефлексия.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.