.
.
№8 “Ботакөз” бөбекжай-балабақшасы Орманда қандай аңдар бар?
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2608 | Размер: | Автор: гостьТақырыбы: “Орманда қандай аңдар бар?"
Тәрбиеші: К.К.Курбанова
“Бүлдіршін” орта тобы
Білім беру саласы: « Қатынас», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Орманда қандай аңдар бар?»
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру.Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызығушылық туғызу. Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау. Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жабайы жануарлардың суреттері, карточкалар, бет перделер, дидактикалық ойынға арналған түрлі-түсті суреттер.
Инклюзивтік әлеумет: іс-әрекетті тыңдамай отырған балалармен жеке жұмыс.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі: Таңғы жиын:
Балаларды шаттық
шеңберіне тұрғызу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің неше айы бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Жеті күнді атап
беріңдерші?
- Бүгін мамыр айының нешінші жұлдызы?
- Жарайсыңдар,балалар! Сендер өте дұрыс жауап Шаттық шеңбері:
Жарқын,жарқын үніміз,
Болашақтың күйіміз. Балалалық шақ үйінің, Жайнап тұрған гүліміз. Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Қош келдіңіз бәріңіз!
- Көктем мезгілі.
- 3 ойы бар.
- Жеті күн бар.
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жума, сенбі,жексенбі.
- Мамыр айының жиырма бірі.
Ұйымдастыру
ізденушілік: бердіңдер.
- Балалар,бүгінгі біздің іс-
әрекетіміздің тақырыбы:
«Орманда қандай аңдар бар?»
- Балалар айтыңдаршы орманда қандай жануарлар мекен етеді?
- Балалар,мен сендермен «Бұл не?» деген ойын ойнаймын.
Дидантикалық ойын: «Бұл не?»
Ең айлакер аң...
Ең қорқақ аң...
Балды жақсы көретін аң...
Аң патшасы...
Мысыққа ұқсайтын аң...
Қораға шабатын аң...
Ең ірі жануар...
Үстінде тікенегі бар аң...
- Жарайсыңдар,балалар! Бұл жануарларды біз «Жабайы жануарлар» деп атаймыз. Олар елсіз даланы,орманды мекен етеді. Ал,қазір осы жабайы аңдар мекен ететін орман туралы өлең шумағын айтайық.
Бармысың орман!
Қалың қалай, кәрі орман. Қалың орман,қара орман - Сенде құпия жетеді,
Ертегі мен ғажайыптар
мекені!
Түкпірінде көп жасырын асылың.
Қандай аң бар жасырын? Соның бәрін жасырмай айт ақырын.
- Жабайы жануарлар.
- Түлкі.
- Қоян.
- Аю.
- Арыстан.
- Жолбарыс.
- Қасқыр.
- Піл.
- Кірпі.
Балалар өлең шумағын
апайымен бірге айтады.
Досымыз дen орманның,
Біз қалайық мақтанып.
- Міне,балалар табиғатта жабайы аңдардың түрі өте көп.Олардың ішіндегі қасқыр мен түлкі,жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір,көздері қырағы әрі сезімтал.Қыста жорытып жүріп азықтарын тауып жейді.Олар қыста ұйқыға кетпейді. Ал,аюға келетін болсақ,оның екі түрі бар.Ақ аю және қоңыр аю.Ақ аю - суда мекендейді.Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал, қоңыр аю тоғайда, орманда мекен етеді. Ал, мына жерде аю апанында ұйықтап жатыр. Ол көктем шығып,қар ерігенше осылай ұйқыда болады. Апанда жатып өзінің кішкентай қонжығын туады. Аю ақылды,иіс сезгіш,жыртқыш аң. Бірақ,өзі ешкімге тимейді. Көбіне өсімдікпен қоректенеді. Жазда жеміс- жидек жейді. Қанекей, балалар енді біз осы аю туралы сергіту сәтін жасалық.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
Енді орнымызға айғасайық.
Балалар өлең жолдарын мәнерлеп,қимыл іс- әрекетпен көрсетеді.
- Ал,мынау кім балалар?
- Дұрыс айтасыңдар.Осы қояндар қыста үйілген маялардың түбінде,ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер,ағаш қабықтары.Ол жылы тонының астында суыққа тоңбайды.Қоянның құлағы ұзын,құйрығы үлпілдеген қысқа.Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын.Сондықтан да биіктеу жерлерге тез көтеріледі,ал биіктен түсерде қоян қиналады кейде домалапта кетеді.
- Мінекей,балалар біз қандай аңдармен таныстық?
- Жабайы аңдарды атаңдаршы?
- Жолбарыс қалай ырылдайды кім көрсете алады?
- Қасқыр мен түлкінің тістері қандай екен?
- Көздері ше?
- Бұлар қыста ұйқыға кете ме?
- Ал,қоянның түр-түсі қандай?
- Қоян немен қоректенеді?
- Ал,аюдың қанша түрі бар екен?
- Ақ аю немен қоректенеді?
- Қоңыр аю немен қоректенеді? - Қоян
- Жабайы аңдармен таныстық.
- Қасқыр, түлкі, аю, қоян, жолбарыс, арыстан
-Ыр-ыр-ыр
-Өткір
-Көздері қырағы
-Жоқ ұйықтамайды
-Қоңыр, қыста ақ болады.
-Шөптермен, ағаш қабықтарымен, сәбізбен.
-Үш түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю
-Балықтармен
-Өсімдікпен, жеміс-
- Олар қыста ұйқыға кете ме?
- Өте тамаша,балалар! Сұрақтарға жақы жауап бердіңдер.Енді осы аңдар туралы өлең шумақтары - мызды айтайық.
- Қане,балалар біз осы жануарларды шақырайықшы.
- А-УУУаңдар қайдасыңдар?
Аңдар:
- Біз мұндамыз сендерге қонаққа келдік.Құры келген жоқпыз ертегі ала келдік.Осы ертегіні көріп тыңдайсыңдар ма?
- Олай болса «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісін көріп тамашалаңдар.
- Ерте,ерте,ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтарымен,әдемі гүлдермен безендіреді.Қоян жидектермен.
- Иә,қыста ұйықтайды.
Аю.
Тауға шықсаң - қалың қар, Сайға түссең - қалың қар. Шырша үсті - қалың қар, Байқаңдар қар астында Ұйықтап жатқан аю бар.
Қоян.
Есек құлақты,
Ит сирақтас.
Түйе еріндес,
Жапалақ көздес,
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі.
- А-ууу аңдар қайдасыңдар? А-ууу.
- Әрине көріп,тыңдаймыз.
Балалар ертегіні өте мұқият көріп тыңдайды.
туған күніне арнап әдемі көйлегін киеді.Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды,Аюды шақырады.
- Туған күнің, құтты болсын,ақ қоян! - деп,Кірпі бірінші келеді.Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкеледі.
- Үйің қандай жылы,көйлегің қандой әдемі, - деп Түлкі келеді.
- Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсыні - деп Қасқыр бір шоқ қалампыр гүлін ұсынады.
- Аю неге кешікті? - деп төртеуі бір-біріне қарады. Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді.Аю кешікке - ніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
- Туған күнің құтты болсын!
- деп Қоянның құлағын тартты.Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып ұзарып кетті.Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.
- Балалар,сендерге ертегіміз ұнады ма?
- Олай болса енді мына суретке қарап аңдардың жекеше және көпше түрін атайық.
Мысалы: Аю- аюлар.
Түлкі - түлкілер. Қоян - қояндар.
- Өте дұрыс балалар! Қане,енді орнымыздан тұрып бір сергіп алайық. - Әрине ұнады.
Балалар суретке қарап аңдардың жекеше және көпше түрін атайды.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды. Ойлы - қырлы жерлермен, Ытқып - ытқып жүгірді. Қарап еді артына,
Қиығын can көзінің.
Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.
Дидантикалық ойын:
«Бұлар қай жануарлардың құлақтары?»
Мақсаты: Суреттегі жануарлардың қулағынан қай аң екенін табу.
Жұмбақ жасыру:
Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан.
Өзі айлакер,
Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу.
Далада жүр шапқылап, Керемет тым сақ құлақ. Тек есектен басқа да, Оған ұқсас жоқ құлақ.
Дидактикалық ойын:
«Бұл қай аң?»
Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреттерін бөлек-бөлек жинау.
- Жарайсыңдар,балалар! Сендер берілген тапсырма - ны дұрыс орындадыңдар. Балалар өлең жолдарын мәнерлеп,қимыл іс- әрекетпен көрсетеді.
Балалар апайымен бірігіп, дидактикалық ойынды ойнайды.
-Аю.
- Түлкі.
- Қоян.
Балалар дидактикалық ойынды ойнайды.
- Балалар,көктемде аңдардың барлығы балаларын өргізеді.Аю апанынан қонжығын алып шығады.Қасқыр бөлтірігін, түлкі күшіктерін ойнатады. Қоян көжегін,бұғы бөкен лақтарын ертеді.Міне,осы жануарлардың барлығы біздің Қазақстанымызда мекендейдін. Бұл аңдарды қызыл кітапқа енгізген. «Қызыл кітап»- дегеніміз өңірімізде тұқымы азайып бара жатқан жан- жануарларды енгізетін кітап.Енді сендерге «Қызыл кітап» жайында өлең шумақтар оқып берейін.
Қызыл кітап.
Ата «Қызыл кітапқа», Жолбарыс та тіркелген. Дейді соны бірақ та, Түсінбедім бірден мен... Жолбарыс - бір қызық аң, Кезікпейді әр елде.
Терісіне қызығар,
Аңшылар көп әлемде.
«Қызыл кітап» шындықты, Айтуға да арналған.
Жою керек сұмдықты, Жойылмасын бағалы аң. Қорғау керек аңдарды,
Бара жатқан сиреп көп. «Қызыл кітап» ал мына, Жұтты соған үйреткен.
Суретпен жұмыс жасау:
- Аюдың баласын не дейді?
Қасқырдың баласын не
дейміз?
Балалар өлең шумағын апайымен бірге айтады.
-Қонжық дейміз.
-Бөлтірік дейміз.
Жетекші жөндеуші: - Түлкінің баласын не дейміз?
- Қоянның баласын не дейміз?
- Жарайсыңдар,балалар! Сендер бүгін іс -әрекетке өте жақсы қатыстыңдар.
- Міне,бүгін біз сендермен ормандағы жабайы аңдармен таныстық. Сендерге бүгінгі іс- әрекетіміз ұнады ма?
-Балаларды бағалап,іс- әрекетті қортындылау. - Енді, орындарымыздан тұрып, қонақтармен қоштасайық. - Күшік дейміз.
-Көжек дейміз.
- Иә, ұнады. Өте қызық болды.
- Сау болыңыздар құрметті қонақтар!
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Жануарлар туралы ғажайып ертегілер білуі.
Қалыптасқан орта: Балалардың ой өрісін, тілдік қорын арттыру. Орындаушылық қабілеті: Жұмбақтар шеше білуі, жаттауды мәнерлеп айтуы және ертегінің мазмұнын айта білуі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.