.
.
БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы Ормандағы аңдар қысты қалай өткізеді
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2234 | Размер: | Автор: гость«Балдәурен» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Ф.Ж. Қожантаева
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Ормандағы аңдар қысты қалай өткізеді»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды қыс мезгілімен таныстыру.«Ормандағы жабайы аңдар» туралы түсініктерін кеңейту, аңдар тіршілігімен, қоректенетін ортасымен таныстыру.
Дамытушылық :Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету. Балалардың ой-өрісін, тілін, сұрақтар қою арқылы сөйлеу белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың жабайы аңға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Жабайы жануарлар суреті,слайд-шоу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,суретті мазмұндау, ойындар өткізу, сергіту сәті.
Көрнекіліктер:слайд-шоу, қар жамылған шыршалар, аңдар.
Билингвалдық компонент: Жабайы жануарлар-дикие животные-wild animal, орман-лес-forest
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі «Шаттық шеңбері»
Балалар қараңдаршы , бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіне көптеген қонақтар келіп отыр, қане амандасайық.
Сәлеметсіздер ме? Қайырлы таң!
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Балалар қазір қай мезгіл?
Қыс мезгілінде күн қандай болады?
Айналамыздың бәрі қандай түске боялған?
Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
Мен сендерге қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін.
Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды
Жер аппақ түске енді,
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
Балалар естідіңдер ме біреу есік қағып тұр.(пошташы кіреді)
Сәлеметсіз бе пошташы?
Пошташы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен «Балдәурен» балалар бақшасының «Балдырған» тобының балаларын іздеп жүр едім. Ол топ қайда екенін айтасыңдар ма?
-Сіз қателескен жоқсыз, бұл «Балдырған» тобының балалары.
Пошташы: мен сендерге хат әкелдім. (пошташы хатты тәрбиешіге береді)
Міне мен сендердің хаттарыңды әкелдім енді кетейін басқа да жұмыстарым көп. Сау болыңдар?
-Рахмет пошташы , сау болыңыз!
Қызық, бұл хат кімнен келді екен, бұл хатта «Балдырған» тобының балаларына Қызыл телпек қыздың әжесінен деп жазылыпты. Балалар қалай ойлайсыңдар, әжеге қызыл телпекті табуға көмектесеміз бе?
«Балдырған» тобының балалары қандай ақылды?қызыл телпек қызды ғажайып орманнан іздейміз. Сендер орманға саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?
Балалар қазір қыста далаға қалай киінетінімізді көрсетейін: ойын жаттығулар (имитация)(қимылмен көрсету)
-шалбар киеміз
-пима киеміз
-пальто киеміз
-бас киім киеміз
-қолғап киеміз
-мойынорағыш тағамыз.
Баяу ән орындалып тұрады.
Балалар сендер орманда өздеріңді қалай ұстау керектігін білесіңдер ме?
Қараңдаршы орман іші қандай тамаша. сендер не көріп тұрсыңдар?
Орманда нелер болады?
Орман ауасы қандай таза, қане терең тыныс алайықшы.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
Қоян қандай аң, түсі қандай?
Қояндар қыста тонын ауыстырады.
Қоян не жегенді жақсы көреді?
Қоян секіріп балалардың алдынан шығады
Қоян: сәлеметсіңдер ме, балалар?
Қоян: ия көрдім, бірақ менің тапсырмамды орындасаңдар ғана айтамын.
Қоян: қызыл телпекті қасқыр орманда ұстап отыр. Тіке жүре беріңдер?
Жұмбақ жасырады.
Қыс бойы ұйықтайды,
Көктемде ұйқысынан оянады.
Аю қандай аң?түсі қандай?
Алдарынан аю шығады.
Сәлеметсіз бе аю?
Аю: знаю,знаю, видела, видела, но я вам так просто не скажу.
Аю балаларға жол көрсетеді.
Алдарынан қасқыр шығады.
Қасқыр: сендер кімсіңдер, көпсіңдер ғой. Біздің орманда неғып жүрсіңдер?
Қасқыр: сендер оны таба алмайсыңдар мен оны тығып қойдым.
-қасқыр сен әдемі, мейірімді ешкімді ренжітпейсің ғой. Қызыл телпек қызды жібер, қарт әжесі уайымдап отыр. Ал біз саған ән айтып берейік, біз сенімен дос боламыз.
Қасқыр: шынымен дос боласыңдар ма?қане онда бәріміз ән айтайық.
Маған сендердің өлеңдерің ұнады. Сендер сияқты достарым болғанына қуаныштымын. Мен қызыл телпекті алып келейін
Қызыл телпек: мені құтқарғандарыңа рахмет, сыйлығымды алыңдар. Қыс мезгілі
Күн суытады, қар жауады.
Аппақ Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, коньки тебеміз.
Балалар тыңдайды.
Сәлеметсіз бе?
Сау болыңыз!
Ия, көмектесеміз.
Ия, дайынбыз.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Тыныш, қатты сөйлемей, ұрыспай, ағаштардың бұтақтарын сындырмай.
Ағаштар қар жамылған, айнала аппақ
Ағашта, құстар, аңдар.
Балалар терең дем алады.
Қоян
Балалар жауабы.
Сәлеметсіз бе, қоян
Біз қызыл телпек қызды іздеп жүр едік, сен оны көрмедің бе?
Балалар қоянның тапсырмасын орындайды.
Балалар қоянға рахметін айтып, саяхатын жалғастырады.
Аю
Жабайы аң, қоңыр
Біз қызыл телпек қызды іздеп жүр едік. Сен оны көрмедің бе?қоян бізге қызыл телпекті қасқырдың ұстап отырғанын айтты бізге жол көрсетші.
Аюдың тапсырмасын орындайды.
Қасқыр біз қызыл телпекті іздеп жүрміз. Аю мен қоян сенің ұрлап кеткеніңді айтты.
Балалар ән айтады.
Оқу іс-әрекетті бақылау кезеңі Қорытындылау:
Балалар біз қайда бардық ?
Орманда қандай аңдарды көрдіңдер?
Бейнекөрініс тамашалау.
Орманға
Аю, қасқыр, қоян
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуды
Игереді: Берілген сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешуді
Меңгереді:Қыс мезгілінде саяхатқа шығу арқылы тапсырмаларды орындауды
Тәрбиеші: Қожантаева.Ф.Ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.