.
.
Батыс Қазақстан облысы Қоршаған ортамен танысу.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3013 | Размер: | Автор: гостьКазталов ауданы, Бостандық ауылы
«Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі
Какенова Динара Темірқызы
Оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен танысу.
Білім беру саласы: Таным,әлеуметтік орта
Мақсаты: а)Балаларға жол белгілерін, олардың түрлерін таныстыру;
Б)Алған білімдерін іс-жүзінде қолдануға қызығушылықтарын ояту;
В)Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол ережелерінің суреттері, жол , бағдаршам макеттері
Тәрбиеші: Балалар кәне бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.Ал балалар тұрайық үлкен шеңбер құрайық:
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.
Тәрбиеші:балалар бүгінгі күн мен сіздерге сәттілік тілеймін.
Балалар :Рахмет!
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін автобуспен «Жол белгілері еліне» саяхатқа барамыз.Ол үшін алдымен автобуста жүру ережелерін есімізге түсірейік.
-Автобусқа артқы есігінен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
-Жасы үлкен адамдарға жол беру керек.
-Автобуста қатты күлуге немесе айқайлап сөйлеуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.Терезеден басыңды шығарып, қолыңды созуға болмайды, ол өте қауіпті.Ал ендеше сапарға аттанайық.Балалар ең алдымен мен сіздерге бағдаршам туралы түсіндіріп кетейін.Мынау үш көзі бар бағдаршам ,ол адамдарға жолда жүру тәртібін реттеп тұрады. Бағдаршамға қарап жолдан өту керекпе, керек емеспе екенін біліп отырамыз. Бағдаршам жоқ жерлерден қалай өтеміз ?
-Алдымен сол жаққа, онан соң оң жаққа қарап, көлік жоқ болса өтуге болады. Жолдан өтерде асықпау керек. Жүгірмеу керек, мұқият, сақ өту керек.
Тәрбиеші: Балалар міне, «жол белгілері еліне» келіп қалыппыз. Балалар бұл көріністе біз не көріп тұрмыз?
-Көше , көліктер
- Ия бұл қала көшелерінің бірінен көрініс бұл биік ғимаратты үйлер, жол көше бойындағы көлік қозғалыстары, мына жерде міне кішкентай бүлдіршіндердің балабақшасы.
Балалар мына белгілермен танысайық міне балалар мына белгі.....(Белгілермен таныстыру)
-Жол белгілері өздері де келіпті енді соларды тыңдайық.
Ғалымбек:
Көрген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда
Нұрлыбек:
Ұшқалақ бала ұрыншақ,
Ойлалық соны ұғынсақ.
Машина өтіп кетпесін,
Жолаушы алға беттесін.
Ғарышбек:
Көше заңын оқи жүр,
Көңіліңе тоқи жүр
Жасама әсте ағаттық
Аялдай тұр аздап күт
-Балалар бағдаршам ең басты көше заңын реттеуші ,сондықтан енді бағдаршамды тыңдайық.(балалар айтып өтеді)
Миран: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта
Қатып қалған жанса,
Қыбыр етпе алға.
Ғабдулғазиз:Сары көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанса,
Қыбыр етпе алға
Қасиет: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық.
Жүре бергің батыл,
Кедергі жоқ саспа
Ойын «Бағдаршам» (ойын шартын түсіндіріледі)
Тәрбиеші: Балалар бойымызды сергітіп,денемізді жаттықтырып алайық:
Сергіту сәті
Домала, доп, домала (екі қолынды айналдыру)
Балшыққа тек жолама(Сұқ саусақпен ескерту)
Жек көремін оныңды (Сұқ саусақпен оң және сол жаққа серпілту)
Бүлдіресін қолыңды (екі колының алақандарын жоғары көтеріп айналдыру)
Секіріп өт ордан да,(екі қолынды жұдырықтап кезек кезекбірінің үсінен бірін секірту)
Секіріп өт жолдан да, (екі қолынды жұдырықтап кезек кезекбірінің үсінен бірін секірту)
Қуса күшік жетпесін (баяу жүгіру)
Машина басып кетпесін ( машинаның рөлін айналдыру)
Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)
Тоқтамайсын домалап (тезірек екі қолды айналдыру)
Үстел үстін бүлдірдің (көлымен үстел үстін көрсету)
Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)
Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)
Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу)
-Ал ,балалар енді біз үстел үсті жұмыстарын орындаймыз. Бізге мына жерге пошта жәшігіне хат келіпті , онда сіздерге тапсырма беріліпті. (Тапсырманы орындау)
Балалар тапсырылған жұмысты орындады.
-Ал, балалар рахмет .Сонымен кім айтады бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы әнгіме қозғадық?
-Жол белгілері.
-Белгілерді қайталап сурау. жол тәртібінің мәдениетін нақтылау.
Тәрбиеші: Балалар бүгін сіздер өте жақсы қатынастыңыздар.Мен сіздерді жұлдызшамен марапаттаймын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.