Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қоржынның тоқылу жолдары» -

«Қоржынның тоқылу жолдары»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1515 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Кентау қаласы, Әл – Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының

Тақырыбы: «Қоржынның тоқылу жолдары»

8 сынып
технология пәнінің мұғалімі Ш.Бимурзаева

Кентау – 2015 жыл

Аты-жөні: Бимурзаева Шарипа Уринбаевна
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: ШПИ
Пед. өтілі: 22 жыл
Санаты: Ісанат
Шығармашылық тақырыбы: Оқушылардың ұлттық қолөнер бағытында шығармашылық қабілеттерін ояту.
Мекен жайы: ОҚО, Кентау қаласы, әл – Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы
Мамандығы: Технология пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Қоржынның тоқылу жолдары»
Сабақтың мақсаты: Ұлттық қолөнерді игере отырып, оның маңызын, мағынасын және орындау әдістерін меңгерту
Білімділігі: Ұлттық қолөнердің тылмысына бағыттау, өнерге сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Теориялық білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге, халқымыздың тарихын біліп, эстетикалық талғамын қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелігі: Ұлттық дәстүрді сақтай білуге, еңбекке қызығушылығын арттыру арқылы тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу, математика
Керекті құрал-жабдықтар: Қара, қызыл тоқыма жіптер, паралон, ине, бекітетін ине, қайшы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қоржын түрлері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Жұмысқа қажетті құралдар
Техникалық тізбектілік

Халқымыздың ұлттық қолөнері қазір қайта жанданып, халықтың игілігіне асып, өзге жұрттардың қызығушылығын туғызып келеді.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың қолөнерін үйрету, өз елін, жерін, халқын сүюге, салт-дәстүрлерін бағалай білуге үйретеміз. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі пайдаланатын әртүрлі материалдарды пайдаланып, олардан тоқу, өру, есу, кестелеу, сыру тәсілдері арқылы орындалатын өнер жиынтығын айтамыз. Дәстүрімізді сақтап, қажетті бұйымымызды өз қолымызбен жасап алуды әдетке айналдырсақ, ұлттық өрнекті, пайдалана білсек оқушыларды қолөнерге үйретеміз.

Қоржын туралы түсінік

Қоржын – иірген жүннен тоқылып жасалатын екі бөлімді теңдеме. Қоржын – өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ең әуелі қоржынның ұзындығына қарап астын тоқиды, сонан соң екі шетінің үстіне өрнектелген төрт бұрышты екіою (көлемі 50х50 см бөлек тоқылған) салынып тігіледі. Сонда қоржынның екі шеті қалталар пайда болады. Тоқылу әдістеріне байланысты қоржындар түкті және түксіз (тақыр) болып екі түрге бөлінеді.
Қоржын бұрын Орта Азия, Кавказ халықтары арасында кең тараған. Кілем, терме алашалар өрнектері түсірілген қоржындар жиі кездеседі.
Жастарға арналған қоржынға шашақ, кесте салынады.
Қоржынды жайлауға шыққан, күнделікті тұрмыста көлікпен зат немесе тамақ алып жүруге пайдаланады.
Қазіргі заман сүндет той жасағанда нағашылар жиеніне арнап тай жетектейді. Сол тайдың үстіне қоржын артып, ішіне балаға арналған шашуын салады. Қоржынның екі жағын теңейді.



Қауіпсіздік ережесі:
Жұмыс кезінде Т.Қ.Е. сақтау керектігін айтып өту.
1. Инелермен, қайшымен және түйреуішпен жұмыс істеуде сақ болу;
2. Қайшыны бергенде ұшын өзіңе қаратып ұсыну.
3. Қайшы өткір болуы керек.
4. Құрал – жабдықтарды ұқыпты пайдалану.

Сарамандық жұмыс
Оқушыларға қоржын тоқуға арналған технологиялық тізбектілікті жеке-жеке таратып беремін. Бүгінгі сабақта қоржынды өрнектеп тоқу әдісімен тоқимыз.



Сергіту сәті

Жауабы: «Бақыт кілті - еңбекте»

Қорытындылау.
Ерінбей еңбек етсең шыдап егер,
Тіккенде гүлге айналып шыға келер

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру.
Өрнектеп тоқу өнерін игеру, қоржын тоқуды жалғастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.