Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қос сөздер -

Қос сөздер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1717 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Мақсаты:
1. Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.Қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру.Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
2. Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін және сөздік қорларын дамыту.
3. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Әдістері: Әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс, жаттығу, тест, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, жанылтпаш, сызбалар.

Сабақ барысы:
І.Үйымдастыру бөлімін өткізу.
1. Кіріспе бөлім.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың барысын алдағы уақытта келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне арнап, «Тәуелсіздік тарланы » атты ойын желісімен өткіземіз.

Ойын шарты: Алдымызда басқыш тұр.
Әр басқыштың өз тапсырмасы бар. Оны өз деңгейінде орындаған топ ұпай жинап сабағымыздағы «Білімді топ » болып, «Тәуелсіздік тарланы » атағын алады.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Және оны сыйлап ешкім бермеді.
Желтоқсанда қаза болған ұл- қыздың
Еңбегі мен бейнетінің шыңы еді- дей отырып,Тәуелсіздік күніне арналған сабағымызды мына жоспармен бастаймыз.

1. Үй тапсырмасы. Тест жұмысы
2.2- жаттығу.“Қай топ тез орындай алады?”
3.4- жаттығу.“Өндірушілер мен тұтынушылар” ойыны
4.Бекіту.Терме диктант
5.Шығармашылық тапсырма
ІІ.1- басқыш. Тапсырманың мақсаты. Ережені еске түсіріп, тест бойынша үй тапсырмасын бекіту.


Күрделі сөздер

• Біріккен сөздер (жолбарыс, Сарыағаш т.б.)

• Қос сөздер (ата –ана , дүркін –дүркін т.б.)

• Қысқарған сөздер (кг, БҰҰ т.б.)

• Тіркесті сөздер (Боз торғай, үш жүз т.б.)


Тест

1.Күрделі сөз дегеніміз не ?
А) Екі немесе одан да коп түбірден жасалған сөз.
Ә) Бір түбірден жасалған сөз.

2. Күрделі сөзді табыңыз
А) Көшенің шамы жанып тұр.
Ә) Ақбөкен – қызыл кітапқа енген жануар .
Б) Түн мөлшерін біле алмады.

3. Біріккен сөздер дегеніміз не?
А) Қаратпа сөз.
Ә) Екі түбірден жасалған сөз.
Б) Бір түбірден жасалған сөз.

4. Біріккен сөздерді тап.
А) Темір
Ә) Ақсақал
Б) Ағаш

5.Біріккен сөзді тап
А) Айша
Ә) Жұмыс
Б) Сарыағаш



Кілті

1. А
2. Ә
3. Ә
4. Ә
5. Б

Бағалау.

“5” – 0 қате
“4” – 1,2 қате
“3” – 3,4 қате

ІІІ. Жаңа сабақ
2 – басқыш. «Қай топ тез орындай алады?» Тапсырманың мақсаты: Сөйлемдерді оқып, қос сөздерді теріп жазу.Қос сөздің біріккен сөзден қандай айырмашылығы бар екенін айту.

3- басқыш. 4- жаттығу.»Өндірушілер мен тұтынушылар » ойын желісімен өтеді. Шарты: Әр топ өзіне берілген сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. Ішнде ұнаған сөйлемді тақтада жазып, қалғандары көшіріп жазады.

ІV. Бекіту.

4- басқыш. Терме диктант.

Мақсаты: Мәтінен қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойып жазу.Арқар туралы мағлұмат беру.
Тып- тыныш, тық- тық, ірілі –уақты, салдыр –гүлдір,тастан –тасқа.

V. Қорытынды.

5- басқыш. Шығармашылық тапсырма.
- Балалар, манадан бергі айтылып жатқанды ескеріп тәуелсіздік туралы бір шумақ өлең немесе шағын шығарма жазамыз.

VІ Үйге: 1. 5- жаттығуды түсіндіріп беру.
2. Ережені жаттау.

VІІ. Жеңімпаз топты анықтау. Білімдерін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.