.
.
№35 ЖББОМ КММ Қош бол, құтты Әліппе!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1062 | Размер: | Автор: гостьБастауыш сынып мұғалімі
Адамова Арай Канатовна
Ертеңгілік: «Қош бол, құтты Әліппе!»
Жүргізуші: Ассаламағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр, әніміз!
– Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! «Қош бол, құтты Әліппе!»атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер. 1-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!
Мұғалім:
- Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз.Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Хормен: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Фатима: – Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Бектас: – Мен енді алыстағы туыстарыма өзім-ақ хат жазып,қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.
Нұртілеу: – Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. сурет салуға,
ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге.
Жүргізуші: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларын.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
- Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Асылан:Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Мұғалім: Олай болса ортаға Әліппені шақырайық.
Хор: Әліппе, Әліппе, Әліппе
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Аған менен әпкеңде.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
-Талабы биік таудаймыз.(Нұрым)
-Мың бұралған бишіміз.( Зере)
-Біз шеберміз.( Бектас)
-Ақылдымыз.( Жадыра)
Хормен: Біз – қазақ елінің болашағымыз.
Ән «Әліппе»
Әліппе: – Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Фатима: А-ға й-ді қосаңыз,
Көкте туған ай болар.
Т-ны алдына тоссаңыз,
Бәсірелі тай болар.
Р дегенің рақым,
Мейірің мен пейілің.
С әрпінің тұратын,
Сый-сыяпат сенімнің.
Бектас: Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақыл ғой.
Г әрпінен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау.
К дегенің күй дарын,
Домбыраның дастаны.
Ө әрпімен өрістер,
Өмір атты дүниең.
Нұртілеу: Ы дегенің ырысың,
Орман-тоғай, өзенің.
Ш дегенің шапағат,
Тие берсін баршаға.
Н әрпінде келесі,
Нар есімді үлекпін
П дегенің періште,
Желеп-жебер мың иең.
Нұрым: З әрпімен зерледім,
Зергерлердің зерлерін.
Ж дегенің жөргегің,
Туған, өскен жерлерің.
В дегенің вал деңіз,
Толқын күшін шамалар.
Ұ әрпі ұлысың,
Ағайының өз елің.
Жадыра: И дегенің иманың,
Адамдықтың асқары.
Д әрпінен бастасақ,
Дарқан, дария далам бар.
І дегенің інідей,
Ізбасардың бірі-тіл.
Х дегенің сәлем хат,
Қуанышы қаншама.
Аслан: О дегенің «Отбасы»,
«Отан» деген ұғымдар,
Я деген Ясы ғой,
Қала болған бұрындар.
Ғ әрпімен бір келер,
Ғалым атты ұлы атау.
Қ әрпінен құралған,
Бас-аяғы қазақтың.
Жарылқасын бір Аллам,
Жасай берсін Азат күн!
Зере: М дегенің мал деңіз,
Қадір тұтқан бабалар.
Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар.
Л әрпінің шөресі,
Лақ деген түлікпін.
Ү әрпі үкідей,
Үлпілдеген үмітің.
Жүргізуші: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек.
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе саған рахмет.
Әліппе: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым! Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын.
Ән «Сурет сабағы»
Әліппе: Біздің қазақ балалары үшін ең алғаш «Әліппе» жазған кім?
Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин.
Әліппе: Сендер не үйрендіңдер?
-Біз не үйрендік? -42 әріпті,(Зере)
-10-ға дейін санауға,( Нұрым)
-Үлкен-кішіні құрметтеуді;( Жадыра)
-Өлең айтып,би билеуді;
Хормен: -Біз болашақта…
-Түрлі сайыстардың жеңімпазы;
-Білім биігіне шығатын;
-Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтерер;
-Адал;
-Еңбекқор;
-Парасатты;
-Азамат болып өсуге;
Бірге: Уәде етеміз.
Ән: «Әліппе»
Зере:Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітірдім,
Бала болдым ақылды.
Бектас:Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
ХОР: Рахмет саған, Әліппе!
Мұғалім: - Қане балалар, қонақтарға, ата-аналарға әліппеден, математикадан , орыс тілінен, ағылшын тілінен не үйренгендеріңді көрсетейік.(шарлардағы тапсырмаларды орындау)
1сыныптың орындауында би
Ұлдардың орындауында орыс әні: «Антошка»
Би: Қыздар биі
1сыныптың орындауында вальс
Жүргізуші: -Мектеп басшысы Оспанова Мейрамгүл Қанапияқызына беріледі.
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
- Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.