Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қош бол, құтты Әліппем! -

Қош бол, құтты Әліппем!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1519 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың тіл байлықтарын дамытып, сөздік қорларын молайту,ой-өрістерін кеңейту.Білім басы болған Әліппені, ата-аналары мен ұстаздарын құрметтеуге баулу.Әліппенің маңызын түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, әліппе, шарлар

Мұғалім:
Ия, Құрметті ата-аналар мен ұстаздар бүгін біз бар ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі болған Әліппемен қоштасып, қолымызға жаңа кітап Ана тілін алғалы отырмыз.Ендеше ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге шақыратын Әліппемен қоштасу тойына қош келдіңіздер!

І жүргізуші
Армысыздар мұғалімдер,әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би де билеп, ән де бүгін шырқалар.

ІІ жүргізуші
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

ІІІ жүргізуші
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ардақты ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

І жүргізуші
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Кімдер әнші, кім биші?
Талабына қарайық.

ІІ жүргізуші
Кімдер зерек ,кім тапқыр?
Таланттарын табайық.
Бәріміз бірге қол соғып,
Білімді қарсы алайық!

Білім:
Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп пен жазба әріп,
Дауысты мен дауыссыз,
Айтыңдаршы балалар,
Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар: Әліппе

Білім:
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?

Оқушылар: Әліппе

Білім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Оқушылар:
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе.

Білім: Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе:
Армысыңдар жас достар,
Армысыңдар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен,
Ата-анаң да бәрі де.

(Әліппеге арнап тақпақтар айтады)

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе

Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл берді Әліппе,
Ақыл берді мұғалім.
Ұлы Отан есімін,
Сенен білдік Әліппе.
Бағалаңдар жемісін,
Әліппені дәріпте.

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Бұрқыраған білімнің ,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болған Әліппем

Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ қалыспа.

Әліппе алып қолыма,
Білімнің аштым есігін.
Ақ ниет тілеп жолыма,
Жазылды тұңғыш есімім
Ата-ана атын сен,
Бізге үиреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті

Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Әліппем менің Әліппем,
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті
Сөйлем құрай бастадым.

Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.

Өзі оқып кітапты,
Жалынбадым ағама.
Қуанды ағам оқудан,
Алған бестік бағама
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің тегін қазатын

-Ән Әліппе орындайтын Қойлыбай Аяна
-Би Қамажай

І жүргізуші
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді

( Дарын өлең оқиды, ұстаз, мектеп туралы тақпақтар айтылады)

Күні кеше ғана
Қолыма гүл алып
Мектептің есігін ашқам,
Томпиып,ұялып.

Мен сынды «біріншілер»
Үрпиіп тұрып қалған
Сөз күтіп сүйіншілер,
Қуантып шығар алдан.

-Қандай, ә, менің сыныбым,
Тәртіппен қаздай тізілген!
Күтіп тұр дайын сыныбың,
Жүріңдер менің ізімнен.

Алғашқы ұстаз осылай
Жетектеп бізді әкетті
«Ұстаз-ана»деген сөз
Санама сонда сақ етті
Жап-жарық екен бөлмеміз,
Отырдық тұңғыш партаға
Ұстазымыздан өзгеміз
Сұрақты салып қалтаға
Аяулы ұстаз жұмсақ үн
Танысты барлық баламен.
Жайдарлы екен нұр жүзі,
Ұрланып байқап қарап ем.

Сол күннен бастап бәріміз,
Қайталап ұстаз үлгісін.
Тауысып біттік Әліппе
Әріптің танып күллісін.

Ерен ғой ұстаз еңбегі,
Терең ғой жұмыс шеңбері.
Әліппе тану арқылы,
Түйген ой- осы мендегі

Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе,
Шәкіртім деп қуанып
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.

Әр күнім алып келер жаңалықты,
Тоқимын, оқып, біліп жаңа әріпті.
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,
Жаным да сағат сайын жаңарыпты.

«А»-ны айтқанда дауысым дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып әріптерді.

Үйретіп жазудың да өрнектерін,
Ойымды Әліппемен тербеткенмін.
Зор қуаныш маған да ,ұстазға да,
Тілін біліп әріпті сөйлеткенім.

Ән Ұстазым
-Би Вальс

ІІІ жүргізуші

Өмірдің иесі сен ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенде ғана.

Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші.

А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер ғой салмақты.
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Сондықтанда алшақ кетпей расында
Тұрады олар әліпбидің басында

Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.

Ұмытпаймын жан ана,
Мен перзенттік парызды.
Махаббатың балаңа,
Сөнбейтін күн тәрізді.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

-Менің анам қандай? Әр оқушы өз анасының атын айтып гүлдерін сыйлайды

Ән Анашым , орындайтын Дастан Дарын
Ән Әкешім, орындайтын Қали Батырхан

Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер оқу жылының басында, Әліппе мен бірге біз Ағылшын тілін де бастадық. Олай болса сіздердің ұл-қыздарыңыз осы пәннен не үйренді екен көріп тамашалайық.
(Ағылшынша тақпақ, өлеңдер айтады.

-Би Джингл Бенс

І жүргізуші
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқып жаза білгенім,
Сауатты адам санаьтына кіргенім

ІІ жүргізуші
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

ІІІ жүргізуші
Қош бол құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Жеміске құты тола ма?
Бір-бірлеп теріп алмасаң,
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?

Білім де сондай,қарағым,
Біртіндеп сіңер бойыңа.
Ұғып ал Білім боларын,
Шамшырағың жолыңда

Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзін көріппе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болған Әліппең.- деп бүгінгі Әліппеге арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.