Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қош келдіңдер, қанатты достар! -

Қош келдіңдер, қанатты достар!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1411 | Размер: | Автор: гость
. Қош келдіңдер, қанатты достар!

1жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, кішкене достар!

2 жүргізуші: Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, көктем хабаршысы құстардың келуіне байланысты. Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары–ол құстар.

1 жүргізуші: Алайда құстар табиғатқа тек көрік беріп қоймайды. Олар сұлулық сыры, әсем әуеннің үніне айналған табиғат иелері.

2 жүргізуші: Қазақстанда құстардың 480 түрі бар.Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі –жемінің азаюы.Күн салқындап, құрт–құмырсқа тығылып қалғанда, олар топтала ұшып, лек–легімен жылы жаққа кете бастайды. Ал көктемде қайта оралу себебі –олжақ ыстық болғандықтан жұмыртқалар шіріп кетеді де ұрпақ өрбіте алмайды. Енді міне біздің қанатты достарымыз қайта оралуда. Олай болса,ортамызға ,,Ерке би ,,тобы мен ,,Құстар,, әнін орындауға Айжанды шақырайық.

1 жүргізуші: Қанатты достарымыз қайта оралып жатырса біз не істеуіміз керек? – балалар! Оларға ұя жасап, жем шашып қамқор боламыз.Кейбір балаларға ұқсап оларды рагаткамен атпаймыз. Олар біздің өсіп тұрған жасыл желек ағаштарымызды жердегі зиянды жәндіктерден қорғайды.

2 жүргізуші: Қанатты достармен бірге көктемде күн жылынып,көзге ыстық көңілге жақын жауқазын гүлден алқа тағады. Сол кезде аулымызға көкек келеді.

(бір оқушы көкек болады да тақпағын айтады)

Жаршысымын көктемнің,
Көкек дейді мені жұрт.
Өз атын айтар құс менмін,
Көктемді күтсең мені күт.

Бір қонып,бір секектеп,
Менің атым көкек деп.
Мен ғой келген жетектеп
Қорықпаңдар жаз өтед деп
Тұрады жаз тамылжып
Қойсам болды,,көкек,, деп.
1 жүргізуші: Абылқасымова Мадинаның орындауында «Көктем» әні

2 жүргізуші: Қанатты достарымыздың бірі қарлығаш. Қарлығаш кеш келіп,ерте қайтады. Кеш келетіні ол негізінен шыбын – шіркеймен қоректенеді. Шыбын – шіркей қар кеткен бойына шыға қоймайды. Сондықтан мамыр айында келеді.Келісімен үй маңдайшасына, қораның бел ағашына ұясын салады. «Сүйер құлдың аты көп » демекші қарлығаш туралы аңыз да,әңгімеде, ертегіде, әнде бар. Халқымыздың қажырлы да қайсар, батыл, шешен биі,үш бидің бірі Төле би қарлығаш құсын жаудан қорғап, өз заманында Қарлығаш би атанған. Сол әңгіме желісімен дайындалған көрініске назар аударайық.

(көрініс кетеді)

1 жүргізуші:
Оянды бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай қыс қысымынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

(бір топ оқушылар тақпағы кетеді.)

2 жүргізуші: торғай болып киінген баланы ұстап тұрып
Қара торғай өзі кішкентай өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.қараторғай көктеммен бірге келеді. Бұл құс келісімен қабағы ашылмаған аспан ашылып,күн жылынады. Қараторғай жаз бойы төрт миллион құрт жейді.Аз күн жем беріп аяласаң үй маңынан шықпайды. Енді оқушылар осы құсқа арналған әнді Ақжанның орындауында тыңдап көрелік.
1 жүргізуші:Табиғат таңғажайыптарға толы.Осындай тылсым сырға толы дүниелерді қорғау мақсатында 1996жылы Қазақстанның «Қыэыл кітабы»жарық көрді.Онда құстардың50 түрі,соңғы жылдары 18түрі қорғауға алынғандар тізіміне тіркелді.

2 жүргізуші:Қызыл кітапқа енген аң құстардыатуға,аулауға тыйым салынған.құстарды сақтау,қорғау келешек ұрпаққа міндет.Адамзат үшін құстардың пайдасы зор.Сондықтан да құстарды қорғайық.
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қорғаймыз
Хор: Ақ көгершін
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.