.
.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қош, сүйікті Әліппем!»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1059 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfАШЫҚ ТӘРБИЕ
CAFAТЫ
Тақырыбы: «Қош, сүйікті Әліппем!»
Орындаған: Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шахаева Жұмагүл Қалиқызы
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар!
Бүгін 1 «F» сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Miне бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың, негізі әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Олай болса, сүйікті әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні- сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз. Сондықтан қазір осы уақыт ішінде алған білімдерімізді көрсетіп, ән-күймен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
1-жургізуші
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар!
«Қош, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жургіуші
Бүгін біздің куанышымызда шек жок. Ceбебі, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
1 -жургізуші
Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламыз.
2-жүргізуші
Біздер осы уақыт ішінде көп нәрсеге үйрендік.
Жақсы кітап Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуанышпен қоштастым
Әліппемен достастым
А-дан бастап әріпті
Теріп маған танытты
Партаға тұңғыш отырдым
Қалам алып қолыма
Сызықтарға толтырдым
Қалдырмай дәптер жолында
Үйретті бізді әліппе
42 дербес әріпке
Сөз , сөйлем құрап әріптен
Лайық болды дәріпке
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Хор: «Әліппе»
Қайда екен біздің Әліппе?
Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең, келді ортаға
Менің атым –Әліппе
Meні анаңдай дәріпте,
Meні оқып ержеткен
Аған, менен әкең де.
Балалар бұл кітапты сонда кім жазды?
Ең алғаш Әліппені жазған Ыбырай Алтынсарин
Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе,
Болашақ етеді аңыз ceнi көпке
«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта
Бар мектеп көтереді қолын көкке
Ыбырай Алтынсарин -қазақтың аса көрнекті ағартушысы, өз заманының асқан ойшылы.
Ыбырай Алтынсарин сендерге қандай өсиет қалдырды?
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Сендер оны орындап жүрсіңдер ме?
Тату тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты
Көп бiлуге құштармыз біз
Жақсы оқимыз сабақты
«Мектеп вальсі»
Кітап-білім бұлағы
Кітапты сүй, шырағым
Оқы, кітап!
Оқы, тынба!
Шығарар ол биік шыңға.
Оқымақ болып әріптерді
Алып едім «Әліппені»
Бол достарым қызық неткен
Әріп біткен зытып кеткен.
Алматыға «А» бекіпті,
«Ә»-ні Әсет әкетіпті
«Б» болашақтың, қаласына
Түнеп қапты, нанасың ба?
Гуревпен «Г» танысты
Бетке алыпты «М» марысты
«Т»-ның өзі таңдап барған
Мекені екен Талдықорған.
«Кайда?» десең калған әріп
Олар да ауыл аудан барып,
Еңбек етіп жатыр екен
Әріп біткен батыр екен.
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Хор «Ақ мамам»
Балалар, біз сендерге жұмбақ жасырайық. Шешуін таба аласыңдар ма?
1. Tілі бетінде Cөзi шетінде
2. Шарлап келіп даланы Үйіме үйін салады
3. Маң-маң, маң басқан Шудаларын шаң басқан Бұл қай жануар?
Біздің ата-аналарымыз да өте тапқыр. Олай болса біздің жаңылытпашымызды айтып көріңіздер.
Айта-айта жақ талды
Қайта-қайта жатталды
Қайта-қайта жақ талды
Айта-айта жатталды.
Қаштым қатты -ақ
Ұшты қалпақ
Балақ сатпақ
Аяқ батпақ
Оқуда салақтар
Тек кітап парақтар
Сабақта алақтар
Далада далақтар
Балалар, біздің ата-аналарымыз өте тапқыр екен. Рахмет сіздерге. Олай болса «Бауырсақ» ертегісінің көрінісін тамашалаңыздар.
Түлетті тәрбиелеп кітап, мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп
Молайтып ақылыңды сан еселеп
Береді білім нәрін кітап көктеп
Кітапты сыйламайды оқымаған
Білімге жанын жанып кинамаған
Өсірген кімнің болсын ой-өpiciн
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Адамның досы-кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі
Ақылшы жанға cepік, жол бастаушы
Асыл ой қазынасы, өмір көркі
Түзу отыр партада
Қыры батпас арқаңа
Аянба, шомыл көк терге,
Әдемі жазғай дәптерге
Досыңдай жүрер күнде еріп
Шәкіртке cepік күнделік
Оқулық бір-ақ жылға ма?
Бүктеме, сызба тырнама!
Қарындаш, қалам сен ал да,
Салып қой, кешке «пеналға»
Балалар, бұл тәлім өлең бәрімізге қатысты. Олай болса, келе жатқан жаңа жыл мерекесіне шырша жасау үшін ойыншықтар керек емес пе.
Ал, ендеше жаңа жылдық ойыншық жинау ойынын арқылы балаларымыздың білімін тексеріп көрейік.
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрсұлтанның бас туы
Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас Отанныц өмірін де түсініп
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады-ау кістік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Улкен-кіші ағайындар бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп кайғырған ұлы жан,
Ciз біздердің піріміз де, әніміз.
Тәуелсіздік атып көкке телпегін,
Шаттанған жоқ, мақтанған жок ел тегін
Қазағымның толғайын бip, сомдайын
Өткенін де , бүгінін де, ертеңін.
Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым теңдігім
Бостандықта байлығым мен елдігім
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім
Мың бұралған ару қыздарымыздың биiн тамашалаңыздар!
Әліппем менің Әліппем
Өшпейтін нұрлы әріппен
Есігін аштым білімнің
Өзіңнен кілтті алып мен
Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма
Жазылды тұңғыш есімін
Осылай алға бастадым
Әр әрiпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз кұрап жаза бастадым.
Балалар санды да Әліппе үйретті ме ?
Жок. Санды математика үйретеді.
Санамақ
1 -Білім ал
2- Ерлік көрсет
3- Үлгі тұт
4- Тәртіп керек
5- бестік баға ал
6- алғыс ал
7- жеңіс біздікі
8- сенім керек
9- тоқу керек
10- оқу керек
Балалар, мұның бәрін сендерге кім үйретті?
Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
«Әліппе» сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы!
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ сыр боп қалар еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Хор: «Мұғалім ол біздің»
Қош бол кұтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін »
Қымбатты балалар! Білім әлемінің беташары «Әліппені » табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын. Мен шәкірттеріме ризамын. Бәрінің оқуы, тәртібі өте жақсы. Тәрбиелі балалар. Шәкірттерімнің осындай нәтижеге жетулеріне, әрине ата-аналардың да еңбегі зорСіздерге алғысымыз шексіз. «Қош сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, алғашқы құттықтау мектебіміздің директоры Т.О.Истыкулов мырзаға.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.