.
.
Бекітемін: Қосудың шаршы түріндегі кестесі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5619 | Размер: | Автор: ПубликаторОқу ісінің меңгерушісі
Какабаева А.С................
Пән: математика 1-сынып.
Мерзімі: 7-желтоқсан
Сабақ тақырыбы: Қосудың шаршы түріндегі кестесі
Мектеп: «Сартомар орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Кушкинбаева Г.С.
Оқу мақсаттары 1.1.2.10 Біртаңбалы сандарды қосу кестесін құру және азайтудың сәйкес жағдайларын қолдану;
1.4.1.5 Сандық өрнектердің мәнін есептеуді жазуда «+», «-», «=» таңбаларын қолдану.
Табыс критерийлері Барлық оқушылар орындай алады:
• Қосудың шаршы түріндегі кестесін құрастыру жолын біледі;
• қосу кестені қолданып, қосу нәтижесін анықтауды меңгереді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
• кестенің құрылу жолын түсіндіріп бере алады;
• «баған», «қатар» немесе «жол» түсініктері арқылы кестедегі санның орнын анықтай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
• ауызша жылдам қосуды біледі.
Тілдік мақсат Тірек сөздер:
• баған, жол , қатар;
• қосу кестесі, таблица сложения, addition table.
Алдыңғы білім Қосу кестесі туралы түсінік қалыптасқан және қосу кестесін құрастыра алады
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Сабақтың барысы Ресурстар
Басы
Ортасы
Сергіту сәті
Соңы
1.Психологиялық кезең
- (Өлең жолдарын оқу арқылы гүл ашылуын күту)
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз
Математика сабағын.
(Гүл ішінен шыққан кеспеқағаздар арқылы оқушылар өз орнын табады)
- Сабақ кезіндегі ережені еске түсіру.
2. Өткенге шолу
-Қосу кестесі неден тұрады? (бағандар мен (жол ) қатарлардан)
-Тілдік құзыреттілікті қалып-тастыру (Тірек сөздерді үш тілде айтып жаттығу)
(Ө) «Үндемес» ойын
Ауызша есептеп, тек жауабын жаз
2+4; 6+3; 7+9; 8+6; 8+2; 2+8; 5+3.
(«Сағат тілі» бірін-бірі бағалау)
3. Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау
-Бүгін біз қосудың шаршы түріндегі кестесімен танысамыз. Шаршы түріндегі қосу кестесін таратып беру және кестеден керекті баған мен қатарды (жолды) анықтау әрекетінің ретін түсіндіру.
5 (Ж) «Мекенжайын анықта»
(Мақсаты: қосу кестесінің құрылу жолын түсінеді)
«Белгіні есіңе сақта!»
Әуен ырғағымен әртүрлі геометриялық фигураларды көрсет-кенде, оқушылар белгіленген қимыл жаттығуларын орындайды.
(Мақсаты: тыңдалым дағдысын және еске сақтау қабілеттерін қалыптастыру)
5. (Ж) Құрастыр және шығар
Кубиктер көмегімен өрнек құрастырады, қосу кестесі арқылы шығарады.
6.(Ө)Бағалауға арналған тапсырма.
-Түсіп қалған сандарды кестеге жазады.
+ 2 3
2 4
3 6
+ 4 5
4 8
5 10
+ 7 8
7 14
8 16
+ 1 2
7 8
8 10
7. Рефлексия
Сендерге сабақ ұнады ма? Естеріңде не қалды? Сабақта қандай қиындықтар болды ? Сабақта кім бәрінен жақсы жұмыс істеді?
8.Үй тапсырмасы:
- кесте құрастыру;
- жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ды орындау(97-98 бет).
9. Өзін-өзі бағалау
Түсінбедім,қиындықтар
көп болды -
Орташа түсіндім, көбірек
білгім келеді -
Бәрі түсінікті,қызықты -
Түсті қағаздан жасалған гүлдің макеті, мысал жазылған смайлик
Қосу кестесі,
ламинатталған А4 форматтағы қағаз,
мысалдар жазылған қағаздар
Шаршы түріндегі қосу кестесі
Мекенжай жазылған конверттер,плакат
Ноутбук
Сандар жазылған кубиктер
Кестелер
Өз ойын білдіру үшін белгілер салынған кеспеқағаздар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.