.
.
Алматы сервистік қызмет көрсету Отан қорғаушылар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1299 | Размер: | Автор: гостьколледжінің 4-топ студенті
Колганатова Гулнур Ермекқызы
Пән оқытушысы: Ермаханова
Жаркынай Танирбергеновна
Отан қорғаушылар
Ашық аспан, бейбіт өмір...Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешудеміз. Мұндай еркіндік бақытын бізге елін, жерін қорғаған аға ұрпақ сыйлады.
Тағдырдың ауыр да азапты тауқыметін тартқан, Отанға деген махаббатынан от басып, су кешкен ардагерлеріміздің еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Біз, бүгінгі ұрпақ соғыстың не екенін білмей өстік. Біздің қандастарымыз тек Ұлы Отан соғысында ғана ерлік көрсетпей, сондай-ақ 1979 жылы қаншама қырғын жастар қиыр асып кетті.
Соғыс... Барды жоқ ететін, тауды жер ететін тажал. Соғыс – жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат. Сондай-ақ, мемлекет арасындағы татулықты, бірлікті, достықты бір мезетте жоятын жойқын күш.
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірі, татулықтың қаймағын бұзған соғыс – Ауған соғысы. Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих бетінде өшпестей із қалдырды. 1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда болған төңкерістің соңы арты аяқталмас соғысқа айналды. Ауған соғысы КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанның ішкі істеріне қол сұғуынан тұтанған соғыс еді. Көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеген КСРО басшылығы «интернациоалдық әскери жәрдем береміз» деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.
Ауған соғысында қан төккен Кеңес әскерлерінің қатарында қазақстандық сарбаздар да болды. Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан Ауған соғысына аттанды. Олардың бір ғана мақсаты бала жастан бойына сіңген патриоттық тәрбие Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысы он жылға созылды.
Ресми деректер бойынша, сол соғысқа Қазақстаннан 22 мың азамат қатысып, оның 924 қанды қырғында оққа ұшып, 21 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Ал 1015 жауынгер соғыстан мүгедек болып оралды.
Жалт ете қап жалғыз оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаған көлбетіп тауда алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп,
Қайғым да сен мәңгілік – Ауғанстан !
Кейбір ана жалғыз боздағынан айрылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер қатарына алынған қаншама өрімдей жастар ауған даласында жан тапсырды. Ауған соғысы батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыздың жанына жазылмайтын жара салды. Олар дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толды. Жылдар бойы Ауғанның асуында атылған оқтың жаңғырығы 1989 жылы бір-ақ тоқтады. 15 ақпан күні Кеңес әскерін Ауған жерінен қайтару туралы үкімі шыққан еді. Сонау Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық көмегі бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге.
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы – Отаны үшін жанын пида еткен азаматтарды мәңгі есте сақтау. Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың арасында өткізген майдангер ағаларымыздың ерлігін ұмытпау – біздің парызымыз. Олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, қайтпас қайсар ерлігін, сын сағаттағы отаншылдық қасиетін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Оларға деген ыстық ықылас пен құрмет ешқашан таластамайды. Осы қан майданда мерт болған ерлердін рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген ағаларымыздың ерлігіне басымызды иеміз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.