.
.
Абдиганиева Салтанат Жанбаевна Отбасы жарастығы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1371 | Размер: | Автор: гость№ 44 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі.
Астана қаласы
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Отбасы жарастығы
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірім, адамгершілік, жағымды қарым-қатынас, сыйластық т.б. Мұғалiм:Абдиганиева С.Ж. Сынып: 3 Оқушылар саны:20
Сабақ мақсаты: Сүйіспеншілік құндылықтары арқылы шаңырақ жарастығын ашу.
Міндеттері:
а) шаңырақ жарастығы туралы түсініктер қалыптастыру: мейірім, адамгершілік т.с.с. қасиеттері;
ә) топтық шығармашылық жұмыс арқылы жағымды қарым-қатынас жасау қасиеттерін айқындап, киіз үй (шаңырақ) макетін құрастыру;
б) өз отбасын, елін, достарын айналасындағы адамдарды сүюге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурстар, мәліметтер
1. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті
«Балалық шақ»
А. Еңсепов
2. Үй тапсырмасын тексеру
Дастан қандай қасиетін танытты?
Дастан үйіне қандай көңіл күймен қайтты?
Осы тақырыптағы нақыл сөз арқылы қандай ой түйдік?
3. Дәйексөз
«Шаңырақ сәні - сыйластық »
Бір шаңырақтың астында тұратындардың бір-біріне қандай қасиеттері шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады?
Халық даналығы
4. Әңгімелеу
Әңгімені талдау сұрақтары:
Сүйіспеншілік ақсақал неге «Қазір үйіңізге барып үй иесімен ақылдасыңыз...» деді?
Отбасы мүшелері қандай шешімге келді?
Әйел үшін қандай құндылық дұрыс болды?
«Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік те болады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Отбасы жарастығының сыры неде? Электрондық оқул«Сүйіспеншілік»
А. Асылбеков
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
5.1 Үй макетінің тапсырмаларын орындау:
“Шаңырақ” тобы: отбасы туралы мақалдар құрау;
“Кереге” тобы: «Шаңырақ» ұғымына кластер толтыру;
“Уықтар” тобы: бақытты отбасын суреттеу;
“Есік” тобы: оқулықтан «Көмек» өлеңін оқып, өздерің қандай көмек түрлерін ұсынатыңдарыңызды жазу.
5.2 Ортақ пікір қалыптастырып, макет құрау.
5.3 Құрастырылған үйдің алғашқы қонақтарына естеліктер сыйлау.
Киіз үй макеті,
мақалдар, кластер, сурет, оқулық,
Киіз үй макеті, сыйлықтар
6. Үй тапсырмасы Өз отбасы жайлы әңгіме құрау, бүктеме жасау.
7. Топпен ән айту Шаңырақ, ленталар
«Әкешім, анашым» әні
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.