Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы  жарастығы, -

Отбасы жарастығы,

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1546 | Размер: | Автор: гость
. Тақырып; Отбасы жарастығы,
Құндылық; Сүйіспеншілік .
Қасиеттер; сыйластық, махаббат ,жағымды қарым-қатынас.
Сынып 5
Сабақ мақсаты Оқушыларға сыйластық ,махаббат, құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері ; Оқушыларға отбасы,отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік қалыптастыру ,Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті . Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру
–Өсиет әңгіменің мәні неде
–Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен.Сенің отбасың қандай
Дәйексөз
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» Қыздар 3 рет,Ұлдар 3 рет,Барлығы 1 рет оқып,талдайды.
Әңгімелесу.
Мұғалімнің сыйы
«Жанашырлық» Қ.Толыбаев
-Әңгімеде кім туралы айтылған..? –Жанашырлық дегенді қалай түсінесің?
«Жанашырлық» ағыл-тегіл су емес, ол адамның адамға бөлінген мейірім шапағаты арқылы пайда болатын ізгілік.Әр адам өзі көздеген мақсатына жетуге ұмтылады.Қиындыққа тап болса бі р мейірімді кісі көмектесіп ,жебеп жібереді .Ақ ниетпен туған сол жақсылық жанашырлық деп аталады.
Шығармашылық жұмыс
Топпен жұмыс
Төмендегі мақалдарға сүйініп ,шағын әңгіме жаз.
Ата- асқар тау
Ана-бауырдағы бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
Ана- бәйтерек
Бала- жапырақ
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, Қарызыңнан құтыла алмайсың.
Ойын «Айналайын – толғанайын». Өздеріңе арнап айтылатын жылы сөздерді естеріңе түсіріңдер.
Топпен ән айту. Әкем- әнім Сөзі ; О.Сүттібаевтікі. Әні; Ә.Сүлейменовтікі.
Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан қиядан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан.
Қайырмасы; Көңілің бүгін алаңды,
Күттің бе,әке,балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңда,
Сылаймын сазды бұл әнді.
Адалдық әркез көксеген,
Үйрендім, әке, тек сенен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз жетсе дем.
Қайырмасы;
Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай,
Сағындым, әке, иісіңді.
Үйге тапсырма «Сыйластық» өлеңін жаттап келу.
Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмамыз бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер,бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын. Тек жақсы қарым-қатынас жасауда бір-бірімізді,ата-анамызды жақсы көре білейік.Екі көздеріңді ашсаңдар да болады.
Сабаққа рахмет.
Қорытынды;
Адамға өмірде ең қымбатты- отбасы.Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық,татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.

Тақырып; Елім деп соғар жүрегім.
Құндылық; Сүйіспеншілік.
Қасиеттер; Отанға деген құрмет,туған жерге қызмет,сүйіспеншілік.
Мұғалім Жақаева А.Б.
Сынып 8
Оқушылар саны
Сабақ мақсаты; Оқушыларда «Отан», «Ел» ұғымдарына ,елге құрмет және қызмет ету деген құндылықтарын үйрету.
Міндеттері; Отанға ,туған жерге деген құрмет,қызмет етуді түсіндіру.Отанды,елді сүюге ,болашаққа деген сенімділіктерін дамыту,отанға,туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1Ұйымдастыру.
2Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
3Үй тапсырмасын тексеру .Қаздар қайтып барады.үзінді 71бет
Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді
Қарияның туған жердің топырағын қайтып әкелуінің себебін қалай түсінесің Туған жердің қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер
4Дәйексөз
Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа,ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес. М.Шаханов.
Оқушыларға жазғызып,оқытып талдату.
5Әңгімелесу.
Мұғалімнің сыйы. «Жолашар» Ш.Мұртаза әңгімелеп беру 140 бет
Жолаушының туған жерін үнемі есіне алуына не себеп болды деп ойлайсың?
Шығармашылық жұмыс.
1Топ.- Өз Отаның көркею үшін қандай іс әрекеттер жасар еді?
2Топ -.Отан алдындағы перзенттік борышты қалай түсінесің?
3Топ -. Патриот ол кім?
Топпен ән айту. «Өз елім»
Сөзі Қадір Мырза Әлидікі
Әні Н.Тілендиевтікі.
Үйге тапсырма
«Елге деген махаббат» бет мәнерлеп оқу.
Соңғы тыныштық сәті.
Көздерімізді жұмамыз бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер,бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын.Халқыңа қызмет ету әрбір азаматтың міндеті.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік,құрмет азаматтың белгісі.
Сабаққа рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.