Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отызыншы жылдардағы қоғамдық саяси өмір -

Отызыншы жылдардағы қоғамдық саяси өмір

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1595 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
№ 10 мектеп- гимназиясының
тарих пәні мұғалімі
Оразалиева Алима Садыққызы

Сабақтың тақырыбы: Отызыншы жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Сабақтың мақсаты:1.Білімдік: Отызыншы жылдардағы әміршіл - әкімшіл жүйенің қазақ елін басқарудағы жіберген өрескел қателіктеріне терең талдау жасай отырып,оқушылардың жан-жақты дүние танымдық ойлау қабілетін жетілдіру.
2.Дамытушылық:Отызыншы жылдардағы тарихи оқиғаларды саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету,деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып,қажетіне сай пайдалану,ғылыми бағыт бағдар беру.
3.Тәрбиелік:Оқушылардың өз елінің зиялыларын құрметтей,қадір – қасиетін қастерлей білуге,ұлтжандылық пен сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Ізденіс сабағы.
Әдістері:Шығармашылық.зерттеу,оқулықпен жұмыс,топтасу,іздену,пікірталас.
Пән аралық байланыстар: Әдебиет, дүние жүзі тарихы.
Сабақтың көрнекілігі: карталар,буклет,таспа,қажетті сөздер,хронологиялық кесте. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.(оқушылар зейінін сабаққа бейімдеу) ІІ.Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы жүргізу.
Кіріспе сөз(мұғалім,қысқаша шолу жасау)
оқушылардың білім деңгейін саралап толықтыра түсу үшін хронолониялық кестемен жұмыс жасалады.(жылдар көрсетілген,сондықтан оқушылар оқиғаларды жазып толтыру керек?)
№ Жылдар Орын алған оқиғалар
1 1921-1927 ж Жаңа экономикалық саясатқа көшу
2 1925 ж Голощекиннің қазақ жеріне басшылық қызметке келуі
3 1928 ж Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы декреті
4 1927ж желтоқсан XV съезді ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады
5 1928-1932 ж І-ші бесжылдық жылдары
6 1931 -1933 ж Жаппай ашаршылық жылдары
7 1932ж. ақпан 150 шақырым жерден көшіріліп әкелініп 400 киіз үй тігіліп,қолдан поселке ұйымдастырған Шу ауданы
8 1938ж.қараша Алматы және Қызылорда облыстарына Қиыр Шығыстан Корейлер көшіріліп әкелінген
9 1932 ж. шілде Бесеудің хаты

Ой қозғау стратегиясы
1 Кім жіберді аштық деген пәлені?
Кім жауапты? Білгім келер соны мен
Түйе мініп, атпен шапқан жан еді
Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен
Түгін қоймай сыпырды ғой қастықпен,
Болады осындайда сұм айла,
Бүкіл жұртты қырып жою аштыпен,
Керек пе еді аллға, әлде құдайға?
Аштық жайын еске алудың өзі мұң,
Шаншу сұрақ мазалайды; неліктен
Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің,
Жер бетінде жүре алмайсың өліктен
Осы шумақтар төңірегінде ой қозғау.
Казахстанская трагедияөзі куəгер болған зұлматты жылдар туралы жазған.
Татьяна Невадовскаяның «Сол кезеңде қазақ халқының ешбір себепсіз, жазықсыз қайғы-қасірет, азап шегуіне естелік ретінде ескерткіш қоятын едім» деген сөзі осы күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.

Сұрақ:Қазақ елін күштеп ұжымдастырудың іс – әрекетін ел тарихындағы қандай ауыр оқиғамен салыстыруға болады?(Үн таспа арқылы «Елім-ай» әні тыңдалады).
Үй тапсырмасын қорыту (мұғалім).
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру,өркениетті кооперторлар қоғамын құру – феодал байларға кіріптарлық пен күйзелістен құтылу прогресшіл құбылыс еді.
Бірақ ол көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей,күштеу әдісімен жүзеге асырылды.
Жаңа сабақпен байланыстыру . ІІІ.Жаңа сабақ (жүрісі) Кіріспе сөз (мұғалім,қысқаша шолу жасау) 20-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірін 20-жылдардың соңында орныққан тоталитаризм жүйесінсіз көзге елестету мүмкін емес.
- Тоталитаризм
- Тоталитаризм – адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларына мемлекет тарапынан қатаң бақылау мен белгілеуді ұйғаратын саяси режим.
- Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.
- Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.
- Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.
1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІII төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.
Қандай жазалау шаралары іске асырылды?



Кімдер «Халық жауы» қатарына жатқызылды?


Қазақстанда 30 жылдардың басында лагерлер жүйесі қалыптаса бастады.Қандай лагерлер жүйесі құрылды?
Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді.
1-топ «Саясаткерлер».Олардың міндеті: «Сталинизмнің орнығуы»деген тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді,оқулықтар,деректер,құжаттар, көптеген мәліметтерге сүйеніп ортақ бір тұжырым жасайды.Топ жетекшісі спикер топ атынан өз ойларын ортаға салады.
Мұғалім : Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды.Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты.

2-топ «Этнографтар» оларға «жазалау шаралары» жұмысын зеттеу жүктеледі.кеңестік жазалау шараларының науқанан (1937-1938 ж.ж)қызыл қырғын геноцидтік істерді архивтік құжаттардан,қосымша әдебиеттерден материалдар дайындап өз пікірін қосады.

3-топ «Демографтар». оларға «халық қасіреті» жөнінде материалдар жинау тапсырылады.Олар ұлт зиялыларының адам айтқысыз қудалануын,эмиграциялық және миграциялық толқуларын орын алуын,жергілікті ұлт өкілдерінің санының кеміп кеткен тұстарын ашады.
Үш топтың зерттеу жұмысы ортаға салынып сүбелі нәтиже жинақталғаннан кейін әр топтың мүшелері қаралған зерттеу жұмыстары төңірегінде бір-біріне сұрақтар қойып,ойларын ортаға салады.
Сталиншілдіктің зардаптары
• Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды.
 Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып жойды.
 101 мың қазақстандық ГУЛАГ – қа жабылып ,27 мыңы атылды.
 Голощекин жйлы не білдік? Ф.И. Голощекин 1925ж тамызынан 1933жылдың қаңтарына дейін Қазақ өлкелік комитетінің 1-ші хатшысы болды.
 Ешқандай жақсы іске қол жеткізген жоқ.
 -1-ден көрнекті қазақ қайраткерлерді «ұлтшыл-уклонистер» деп, 1926ж оларды елден кетірді.
 -2-ден «Кіші Қазан» атты ой-мүддені ойлап тауып, 1927ж «ауылдарға азамат соғысын» бастады.
 -3-ден өзі тікелей араласуң арқылы Атқару Комитетіне Қазақ дәулеттілерін тәркідеп, 1928ж «Жер аудару» туралы қаулы қабылдаттырды.
 -4-ден В.И. Лениннің алашордашыларға жасаған рахымшылығын біле тұра бұзып, Қазақстандағы «Кіші 37-ні» өте ерте 1929ж бастап жіберді.
 Осындай зұлымдықтың кесірінен 1930-1932ж респуликадағы 5,8 млн қазақтың 1,8 млн қырылып, елді аштық жайлады.

Картамен жұмыс

VІ. Бүгінгі жаңа тақырып бойынша жинақтап қорыту (мұғалім)
Қазіргі ұрпақ Сталиндік репрессияға ұшыраған азаматтар алдындағы парызын қалай өтеді?
1989 жылы академик М.Қозыбаевтың төрағалық етуімен құрылған «Әділет қоғамы» қазақтың маңдай алды азаматтарының жерленген жерін тапты. Алматыдан 35 шақырым жердегі Талғар ауданында 2,5 мың адам құрбан болған, солардың 499-ның анықталған.
Тарих сахнасында өмір сүрген Кеңес Одағының жарқын кезеңдері баршылық. Бірақ.... дей тұрсақ та қазақ халқы үшін қаралы беттер де айтарлықтай. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен «31 мамыр» қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.
Бұл- біріншіден, ашаршылықта құрбан болған милондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым. Екіншіден, келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағзым.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен.
Үйге тапсырма: «37-де опат болғандар» осы тақырыпқа шығарма жазу. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.