.
.
Тақырыбы:Қозғалыс кезінде допты себетке лақтыру. Қозғалыс кезінде допты себетке лақтыру.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2249 | Размер: | Автор: гостьДайындық бөлім (15 мин)
Сынып оқушыларының сапқа тұрғызу,мәлімдеме қабылдау,сәлемдесу.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
-Оқушылардың спорттық киімін тексеру.
-Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Орнындағы бұрылыстар.
Жалпы дамыту жаттығулары (қозғалыста):
-Спорт залды айнала жүру,екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру;
-Екі қол белде өкшемен жүру;
-Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы жағымен жүру,орташа боймен жүру.
Әдістемелік нұсқаулар:
-Жаттығуды сол аяқпен бастау.
-Арақашықтықты сақтау,денені тік ұстау.
-Алаңды толық пайдалану.
Жеңіл жүгіріс:
-Залды айнала жеңіл жүгіріспен жүгір;
-Қолды алға айналдыру;
-Қолды артқа айналдыру;
-Тізені кезек- кезек жоғары көтеріп жүгіру;
-Отырып жүру ортаға дейін;
-Жылдам жүгіру;
-Жәй жүру.
Әдістемелік нұсқаулар:
-Еркін жүгіру.
-Жаттығу орындағанда,қатарда келе жатқанда бір –бірін итермей,соқпай,шалмай жүру және жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары (4-5 реттен)орнында:
Б.қ.аяқ иық мөлшерінде,қол белде,1-2-басты оңға,3-4 солға айналдыру;
Б.қ.аяқ иық мөлшерінде,қол иықта,1-4-иықты алға,1-4 артқа айналдыру;
Б.қ.екі қолды қайшылау;
Б.қ.қол белде,белді айналдыру;
Б.қ.орнымызда отырып тұру;
Орнында адымдау.
Әдістемелік нұсқаулар:
-Орнында жаттығу жасағанда дұрыс,сапалы жасау.
Негізгі бөлім (25 мин)
Оқушыларды сапқа тұрғызу.Қозғалыс кезінде допты себетке лақтыру.Бір аяқпен секіріп орындалады.Қозғалыста лақтыру орта және жақын қашықтықтан орындалады.Әсіресе қалқаншаға өткенде әсерлі.Баскетболшы қозғала отырып,допты тірексіз қалыпта қабылдап,бір аяқпен түсіп,бір адым жасайды.Сосын,екінші адыммен еденнен итеріліп секіреді де доп жоғары шығарылады,лақтырылды.
Топқа бөлініп баскетбол ойнау.
Әдістемелік нұсқаулар:
-Жаттығу жасағанда әр жаттығудың нәтижесіне жету.Мұғалімнің командасын дұрыс пайдалану.Осы жаттығу жылдамдықты жетілдіреді.
Қорытынды бөлім (5 мин)
Оқушыларды сапқа тұрғызу.Үздік ойыншыларды атап өту,бағалау.
Тақырыбы:Кіші допты лақтыру (150 гр) әдісі
Қыздар тобына өткен сабағымның мақсаты доп лақтыру әдіс-тәсілдерін үйрету ,ептілікке,икемділікке,жинақтылыққа баули отырып көпшілдікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеуге болды.
Сабақтың өтетін орны: Спорт алаңы
Керекті құрал-жабдық:Кіші доп,ысқырық.
Сабақ барысы
Дайындық бөлімі
1.Оқушыларды сапқа тұрғызу
2.Кезекші баяндау
3.Сәлемдесу
4.Сабақтың тақырыбын хабарлау
5.Сапта орындалатын жаттығулар(оңға,солға айналамыз)
Әдістемелік нұсұау
- 1 қатарға
-Спорт киіміне көңіл бөлу
- Бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару
Жүру жаттығулары
А)Аяқтың ұшымен
Б)Өкшемен
В)Жартылай отырып жүру
Г)Аяқтың ішкі мен сыртқы қырымен жүру.
Әдістемелік нұсқау:
-Екі қолды жоғары.
-Екі қолды белде.
-Екі қол алда.
-Қол белде.
Жүгіру жаттығулары:
А) Бір қалыпты жеңіл жүгіру;
Б)Оң және сол жанымен жүгіру;
В)Екі аяқты алдыға және артқа сермеп жүгіру;
Г)Тізені көтеріп жүгіру;
Д)Аттап жүгіру;
Е)Жылдам жүгіру.
Әдістемелік нұсқау:
-Қолды қайшылау.
-Қол белде.
-Тізені алақанға тигізу.
-Секіріп жүгіру.
Демалу,тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау.
Әдістемелік нұсқау:
-Мұрынмен терең дем алып,ауызбен шығару.
ЖДЖ – ын және арнайы жаттығуларын орындау.
Әдістемелік нұсқау:
-Қол,иық,буын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Негізгі бөлім
Кіші допты лақтыру әдістері
А) Орында тұрып оң,сол қырымен лақтыру.
Б)Жүгіріп келіп лақтыру жаттығуларын орындау.
Әр оқушыға жаттығуды жеке- жеке орындату.
Эстафеталық ойын – оқушыларды екі топқа бөліп жарыстыру.
Әдістемелік нұсқау:
-Мұғалімнің көрсетуі арқылы жасалатын жаттығу.
-Қолды түзу ұстап бастан асыра лақтыру.
-Түзу лақтыру.
-Межелі жерге дейін жүгіріп барып қайту.
Қорытынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Белсене қатысқан оқушыларды атап өту,бағалау.
Үйге тапсырма:доппен жаттығу орындау.
Тақырыбы:Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту
Өтетін орны: Спорт алаңы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды топтық,жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.Волейбол ойыны кезінде допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту,волейбол ойынын ойнауға қызықтыру.
Сабақтың типі:Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Құрал –жабдықтар:ысқырық,секундомер,волейбол доптары,сетка.
Дайындық бөлімі
Сапқа тұру,рапорт беру.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Залды айналып жүргенде бір лектен екі,үш,төрт лекке қайта сапқа тұру.
А)Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру.
Ә)Қолды желкеде,аяқтың өкшесімен жүру.
Б)Қол белде,аяқтың сыртымен жүру.
В)Қол белде,аяқтың ішімен жүру.
Г)Қолды алдыға созып,жартылай отырып жүру.
Д)Қол желкеде,бақаша секіру.
Жүгіру жаттығулары:
А)Қолды алға айналдыру оң бүйірмен жүгіру.
Ә)Қолды артқа айналдырып,сол бүйірмен жгіру.
Б)Қолды созып,тізені жоғары көтере жүгіру.
В)Қолды жамбасқа қойып , өкшені тигізе жүгіру.
Г)Аяқты алға қарай созып жүгіру.
Орында орындалатын қозғалысты жаттығулар:
А)Сол қол жоғарыда,оң қол төменде,қолдарды серпе артқа,1-2- сол қол жоғарыда,3-4- оң қол төменде.
Ә)Қол иықта,1-2- қолды алдыға айналдырамыз.
Б)Саусақтарды айқастырамыз.1-2- алдыға айналдырамыз.,3-4-артқа айналдырамыз.
В)Қол кеудеде,1-2-бүгілген қол артта,3-4- ашылған қолды артқа серпе қозғау.
Г)Қол желкеде,1-кеудені солға бұру,2-кеудені оңға бұру,3-4- қайталау.
Д)1-қол жоғарыда, 2- қол аяқ ұшында,3- отырамыз,4-тұрамыз.
Негізгі бөлім
Қозғалмалы ойын – баскетбол ойынын ойнату.(Дене қыздыру үшін арнайы ойын жаттығуын ойнату)
Оқушылар бір- біріне бетпе-бет қарап,арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып,қайтадан қабылдап,ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
Бір оқушы допты жоғары көтеріп,қарама-қарсы құрбысына береді.Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап,қайта береді.Арақашықтық 7-8 метр.
Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді,құрбысы допты жоғарыдан қабылдап,ұстап қайта еденмен береді.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту.
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.
Бір оқушы құрбысының қолына допты береді,ол допты төменнен екі қолмен қабылдап,қайта.
Арақашықтық 8-10 м,оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап,екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
Ережемен волейбол ойнау.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу.
Өткен сабаққа қорытынды жасап,оқушыларды бағалау.
Оқушылардың сұрақтарын тыңдап,жауап беру.
Үйге тапсырма:доппен жаттығу жасау.
Тақырыбы: Ықшамдалған ережемен ойнау
Сабақтың мақсаты: Дененің дұрыс қалыптасуына спорттың маңызы зор екенін ескере отырып,спортпен жүйелі айналысуға тәрбиелеу,салауатты өмір салтын насихаттау,әртүрлі тәсілдерді,жаттығуларды,қимыл-әрекеттерді көрсете отырып,оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Өтетін орны:Спорт зал.
Құрал –жабдықтар:Баскетбол доптары,уақыт өлшегіш,ысқырғыш.
Кіріспе бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу.Рапорт қабылдау.Сәлемдесу.Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Дайындық бөлім
Саптағы жаттығулар.
-оңға,солға,кері бұрылу.
-секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың ұшымен,өкшемен,аяқтың ішкі жағымен,сыртқы жағымен,спорттық жүріс.
Жүгіру:Арнайы жүгіру жаттығуларын жасау.
-Тізені көтеріп жүгіру.
-Аяқты артқа сермеп жүгіру.
-Аяқты жанға сермеп жүгіру.
-спорттық жүріске көшу.
Тыныс алу жаттығулары.
Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
-Бастапқы қалып негізгі тұрыс,басты айналдыру жаттығуы.1-4- басты оң жаққа,5-8- сол жаққа басты айналдыру.
-Бастапқы қалыпта аяқты иық белдеуінде ұстау,қолды иыққа тигізу.
Жаттығу:1-4- иықты алға,5-8-иықты артқа айналдыру.
-Бастапқы қалып,аяқ иық деңгейінде,қол жинақы кеуде тұста.
Жаттығу:1,2-қол жинақы қалыпта,3,4- қолдарды созып артқа сермеу.
-Бастапқы қалып,оң қол жоғары,сол қолды төмен ұстау.
Жаттығу:1,2- қолдарды артқа сермеу,3,4- қолдарды ауыстырып артқа сермеу.
-Бастапқы қалып,оң қолды жоғары көтеріп,сол қолды белде ұстау.
Жаттығу:1-3- сол жаққа иілу,4-қолды ауыстыру,5-7-оң жаққа иілу,
8- бастапқы қалыпқа келу.
-Бастапқы қалып,аяқты алшақтау ұстау,қол белде,тұлғаны айналдыру.
Жаттығу:1-4- денені сол жаққа айналдыру,5-8- денені оң жаққа айналдыру.
-Бастапқы қалып негізгі тұрыс.
Жаттығу:1- қолды жоғары көтеріп атқа шалқаю,2-алға иіліп қолды аяқтың ұшымен тигізу,3- қолды алға созып отыру, қолды алға созып отыру,4- бастапқы қалыпқа келу.
Секіру жаттығулары:1-секіріп аяқты алшақ қойып,алақан соғу,2-бастапқы қалыпқа келу,3,4-жаттығуды қайталау.
Негезгі бөлім
Сапқа тұрғызу.1-2 санағы бойынша екі топқа бөлу.
Өткен сабақты қайталау арқылы балалардың дене бітімін дағдыландыру және қалыптастыру.
Ойын техникасы элеметтері.
-допты алып жүру жетілдіру,
-допты бір орында соғу,
-допты оң қолмен алып жүру,
-допты сол қолмен алып журу,
-оң,сол қолмен алма-кезек алып жүру,
-оң жақпен сол қолмен алып жүру,
-сол жақпен оң қолмен алып жүру.
Допты қағып алуды және басқаға беруді үйрету.
-допты кеудеден екі қолмен беру,
-допты иықтан бір қолмен беру,
-допты екі қолмен бастың үстінен беру,
-допты екі қолмен жерге соғып беру,
-секіріп екі қолмен беру,
-екі жақты ойын.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау:Баскетбол ойын элеметтерін дұрыс әрі нақты орындаған оқушыларды атап өту.
Үйге тапсырма:Допты себетке тастау әдісін үйрену.Қоштасу.
Тақырыбы:Тоғызқұмалық үйірмесі
Бағдарлама бұл оқу-жаттығу және тәрбие жұмыстарының үйірмелерде жүргізілуін анықтайтын негізгі құжат.
Мақсаты-бапкерлердің оқу- жаттығу және үйірмелерде бірыңғай жүйелерді орнықтыру болып табылады.
Міндеттері:
-Балалар ағзасын дұрыс дамыту және денсаулығын нығайту;есте сақтау,логикалық ойлауын дамыту және келешекте тоғызқұмалақпен айналысатын дарынды балаларды іріктеу.
-Бастапқы дайындық кезеңінің негізгі міндеттері ақыл- ой қабілеттерін дамытуға,есте сақтау,логикалық ойлау,сараптаушылық пен интуициялық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тоғызқұмалақ ойынының спорттық дайындық жүйесіне балалар мен жасөспірімдерді барынша көп тарту,өздігінше ойлау қабілетін тәрбиелеу,жалпы дене дайындығы және тоғызқұмалақ ойынының негізгі техникасын меңгерту,жеке тұлғаның еріктік және адамгершілік- этикалық қасиеттерін арттыру,салауатты өмір салтына үгіттеу,денсаулығын нығайту және жасөспірімдердің денесінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.
Түсінік хат
Спорт түрлерінің елімізде дамуы мемлекеттің маңызды ісі болып табылады.Адамның рухани байлығы мен мәдениетінің дамуына тоғызқұмалақ ойыны көп әсер етеді.
Спорт түрлерінің үйірмелері спортпен әрдайым шұғылдануға мүмкіндік береді.
Спорт үйірмелерінің жақсы жұмыс істеуі үшін бапкерлер мен спорт ұжымының белсенді қызметкерлері төмендегі мәселелерге мұқият назар аудару керек:
-әрдайым жұмыс жасайтын спорт түріне кешенін табу,таңдаған спорт түріне деген қызығушылығын ояту,таңдаған спорт түрімен үнемі айналысу және шеберлігін көтеру:
-үйірме оқушыларын дене шынықтырумен қамту,президенттік тестілерді тапсыруға атсалысу;
-дене шынықтырумен қатар тактикалық және техникалық дайындықтарын қамтамасыз ете отырып,жаттығуларды үнемі жақсартып отыру;
-жаттығушыларда спорттық әдеп,тәртіп және ұжымға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
-жеке және жалпы гигиенаны,дәрігер нұсқауларын сақтауға,денсаулығын нығайтуға дағдыландыру;
-жүйелі түрде жарыстар өткізуге және үйірме жаттығушыларының аудандық,қалалық жарыстарға белсенді қатысуы;
-БЖСМ-нің,ЖСШМ-нің жұмысының жақсара түсуі үшін әр спорт түріне арналған арнайы бағдарлама қажет.
Балалар-жасөспірімдер мектептеріне (БЖСМ) арналған тоғызқұмалақ бағдарламасы ҚР-ның «Дене тәрбиесі және спорт»туралы 2 желтоқсан 1999 ж №490 Заңына және ҚР спорт және туризм Агенттігі Төрағасының 15.07.2003 ж.№06-2/214 бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібінің регламентіне сәйкес жасалған.
Тақырыбы:Гимнастикалық жаттығулар
Дене тәрбиесі сабағында спорттық әскери-қолданбалық бағыттылығын арттыруға арналған гимнастикалық жаттығулар тақырыбындағы сабақтың мақсаты:Ағаш аттан аяқты ашып секіруді үйрету.Салауатты өмір салтын қалыптастыру,оқушылардың париоттық сезімін ояту.Әскери- спорттық қолданбалық бағыттылығын дамытуда шеберліктерін жетілдіру.
Өтетін орны:Гимнастикалық зал.
Қажетті құрал-жабдықтар:белтемір,спорт матылары 5,бөрене,арқан,штанга,гир(16кг),қазақ күресі белбеуі-2.
Сабақтың өту әдісі:
1)Топтық жаттығу.
2)Айналмалы әдіспен тапсырма арқылы жаттығу.
3)Жекелеме әдіспен үйренуін қадағалау.
4)Сайыс
Сабақтың типі:Білімді бекіту,дағды мен іскерлік қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс:Музыка
Дайындық бөлім
Сапқа тұру.Кезекші баяндауы.Сәлемдесу.Сабақ мақсатын түсіндіру.Қауіпсіздік ережесін ескерту;
Спорттық жүріс,жеңіл жүгіріс,ЖДЖ,секіру жаттығуы,екпінмен жүгіру,жартылай отырып жүру,толық отырып жүру.
Шеңберге тұрып бір орында қыздырыну жаттығуларын жасау:
1.Б.Қ.Қол белде,аяқ иық деңгейінде ,басты оңға 4 рет,солға 4 рет айналдырамыз.
2.Б.Қ.Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып алға,артқа иығымызды айналдырамыз.
3.Б.Қ.Қол кеуде тұсында,аяқ иық көлемінде.1,2-алға,3,4-оңға.1,2-алға.3,4- солға қолды ашып жаямыз.
4.Б.Қ.Сол қол белде,оң қолды жоғары көтереміз.1,2-оңға,3,4-cолға иеміз.
5.Б.Қ.Қолымыз белімізде,аяқ иық көлемінде,белімізді оңға 4рет,солға 4рет айналдырамыз.
6.Б.Қ. 1-қол жоғары шалқаямыз;2-қол еденде еңкейеміз;3-қолды алға созып отырамыз;4-Б.Қ.
7.Б.Қ.Қолымызды алдымызға созамыз,сол аяқты оң қолға,оң аяқты сол қолға тигіземіз.
8.Б.Қ.Қол белде.1-оң жақ аяққа отырамыз,қолды алға созу.2-Б.Қ.Н.Т.;3-сол аяққа отырамыз,қолдарымыз оңға созылуы.4-Б.Қ.Н.Т.
Негізгі бөлім
Тіреліп секіру
Қарқыммен жүгіріп келіп,ағаш аттан аяқты жазып секіру(қыздар,һ-110cм)
Сол секілді биіктігі жоғары ағаш аттан секіру(ұлдар һ -125cм).
Кіші ағаш аттан аяқтардың арасын ашып секіру һ-130см.Көпіршеден снарядка дейінгі арақашықтықты есептей секіру(ұлдар).
Көпіршеден снарядқа дейінгі арақашықтықты есептемей аяқтардың арасын ашып секіру(һ-130 қыздар).
Аялдамалар арқылы айналмалы әдіспен жасалатын жаттығулар
№1Аялдама.Арқанға өрмелеу.
№2Аялдама.Бөренемен жүру,секіріп түсу.
№3Аялдама.Белтемір:күшпен тартыла аударылып түсу
№4Аялдама.Штангамен отырып тұру.
№5Аялдама.Шалқадан жатып,кеудені көтеру.
Ек бетімен жатып қолды бүгіп –жазу.
Сайыс
Екі топқа бөлу:Қазақ күресі:белдеуден ұстасып,шеңберден шығару.
Тартысу( Шеңберден қолдарымен құлып қылып ұстасып,тартып шығару.) Жеңімпаз топты атау.
Қорытынды бөлім
Би жаттығулары: «Қара жорға», «Қамажай».
Сабақты қорытындылау,баға қою.
Ескетру.Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.