.
.
Атырау қаласы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп Қожанасыр мен ашқарақ (аңыз)
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2898 | Размер: | Автор: гостьЖоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі:
Байсейтова Қарлығаш Жолдасқызы
Сыныбы: 2 «А» .Пәні:Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен ашқарақ (аңыз)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің үлгісі, жанры-аңызбен таныстыра отырып , қомағайлық, тойымсыздықтың ұятқа қалдырып, азапқа түсіретінін, қанағатшыл, байсалдылық бақытқа жеткізетінін түсіндіру.
2. Аңызды дұрыс түсініп, түсінгенін баяндай білуге баулу.
3. Топтық жұмысқа, шығармашылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,слайд-шоу,суреттер, төрт түлік малдардың бет пердесі, үлестірмелі қағаздар ...
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: проблемалық , сұрақ-жауап, қайталау,ой қозғау, түсіндіру, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
2.Топқа бөлу (3 топ)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау ,пысықтау, қайталау.
І топ
1. «Атадан қалған асыл мұра» бөлімінде халық ауыз әдебиетінің қандай жанрымен таныстыңдар?
2.Халық әдебиетінің қандай үлгілері бар екен, және барлығының ортақ белгілері қандай ?
3. Халық шығармалары бізге қалай жетті?
2 топ
1.Халық ауыз әдебиетінің – ертегілер жанры туралы нені білдіңдер?
2. Ертегілердің қандай түрлері бар?
3. Ертегіде көбінесе нелер туралы жазылған?
3 топ
1. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі – төрт түлік туралы жырлар.
Бұл бөлімде не үйрендіңдер? Төрт түлікке байланысты өлеңдерді сұрау.
(төрт түлік малдардың бет пердесін пайдаланды)
.Сөзжұмбақ шешу арқылы үй тапсырмасын қорыту.
1. Қазақтың ұлы ақыны
2. «Уф» десе ұшасың,
«Суф» десе қонасың – деген өлең жолдары қай кейіпкерге қатысты айтылған?
3. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұстаз
4. Шоқан Уәлиханов туралы жазылған әңгіме қалай айтылады?
5. Жиғанымыз дән,
Айналамыз толған ән – деген кейіпкерді ата
6. Түйенің төлі
7. Жұмыртқадай жұқа басын жарып, жан тапсырған ертегі кейіпкері
Осы сөзжұмбақты шешкенде, тігінен қандай сөз шықты? (Аңыздар)
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау - Ал, балалар аңыз деген сөзді кім қалай түсінеді екен?(оқушы жауаптары)
2.Қосымша мәлімет (интернет) Өмірде болған адам басына құрылған әңгі-мені аңыз дейді. Аңыз қазақ әдебиетінің фольклорлық проза жанрына жата-ды. Онда тарихи шындыққа негізделген, халықтың жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады.Қазақ арасына көп тараған Абылай, Қабанбай, Бөгенбай,Олжабай, Райымбек, Кенесары, Исатай, Құрманғазы, Қорқыт, Абай, Ыбырай, Ахмет, Бекет ата, Қожа Ахмет Яссауи, Мұқағали т.б. көрнекті тұлғалар туралы аңыздар бірінші топқа жатса, ал нақтылы қоныстар-дың тарихын баяндап, қай кезде қалай аталуының сырын ашатын Қорқыт, Асан қайғы, Алдар Көсе, Қожанасыр сияқты тарихи адамдар аңыздар екінші топқа жатады.
3.Электронды оқулықпен жұмыс “Қожанасыр мен ашқарақ” әңгімесін тыңдау.
4. Слайд-шоу.Сонау XIII ғасырдан бері ұмытылмай келе жатқан түрік халық-тарының ғүлама ойшылы, әулие-Қожанасыр туралы.
5.Оқулықпен жұмыс. Мазмұнын бір оқушыға оқыту .
(сұрақ – жауап алмасу арқылы мазмұнын әңгімелету)
-Аңыз кім туралы?
-Қожанасыр қайда барды?
-Қасындағы мейман қандай қылық істеді?
-Қожанасыр оған не істеді?
-Ашқарақ не деп айқайлады?
-Қожа оған не деп жауап берді?
-Бұл аңыздағы кейіпкерлер кімдер?
(Кейіпкерлерді анықтау, оқушыларға тізбектей оқыту, рөлге бөліп оқыту)
6.Мәтінмен жұмыс.
1- бөлім. Кіріспе бөлімі. Қожанасырдың тойда болуы.
2- бөлім. Негізгі бөлім. Қожанасырдың тойдағы қылығы.
3- бөлім. Қорытынды бөлімі . Қожанасырдың ашқарақтың әрекетіне
берген жауабы. (Әр топ бөлімді әңгімелеп, қорғайды)
- Яғни, осы аңыздың негізгі идеясын ашатын соңғы бөлігі екен.
7.Шығармашылық тапсырма:
1- топқа «Қонаққа бару»
2-топқа «Қонақта»,
3-топқа «Қонақ күту» (Әр топтың жауаптарын тыңдау)
8.Сергіту сәті -Барлығымыз қонаққа барып, көңіл көтергенді жақсы көреміз бе?
- Той ,мерекелерге барғанда не істейміз?
- Би адамның көңілін көтеріп, денсаулыққа едәуір пайдасын тигізеді. Көп би-леп, қимылдаған адам артық салмақ қоспай, әдемі, сымбатты болып өседі. Олай болса, қазақ халқының аңызға айналған биін билеп бой сергітіп алайық. «Әлқисса » биін билету.
9. Дәптермен жұмыс . Оқулықтағы аңыздың түсініктемесін жазу
10.Жаңа сабақты қорыту. - Сонымен балалар, бүгінгі аңыз жанры бойынша алғашқы тақырыппен та-ныстық, соның ішінде бүгін: аңыз ,Қожанасыр ,ашқарақ, қомағай , қанағат қылу – сөздерімен таныстық. (әр сөзді оқушы ауызша мағынасын айтып толықтырады.)
11.Бекіту. Топтық – шығармашылық тапсырмалар.
І – топ Қожанасыр мен ашқарақтың әрекеттері дұрыс па? Сенің ойыңша? Дәлелің қандай?
ІІ – топ.Аңыздағы кейіпкерлерді сипаттаңдар, олардың ортақ қасиеті туралы жаз.
ІІІ – топ Өлең жолдарындағы жасырын сөзді аңыз мазмұнының желісі бойынша табу керек.
Тойға барған ... .
Көріп қалды .... .
Қылығына ашуланып,
Құйды ... қалтасына.
Ашуланған ... ,
Дүрсе қойды ... .
Жауап берді ... сонда,
... керек адамға
12.Көрініс көрсету: Қожанасыр мен ашқарақ
13. Бағалау.
14.Қорытындылау: Бүгін біз, сөзтапқыш, халықтың сүйікті кейіпкері, жуас, ай-лакер, күлкілі, жақсылыққа жақ, қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қал-жыңбас Қожанасырмен таныстық.Қожекең өмірде қазір де бар, өлмейтін ке-йіпкер. Озбыр тап, бай - манап, әкім - қаралардан зорлық, қорлық көрген қа-ра халық өз айтарын бір керемет қайтпас-қайсар, қушыкеш, әзілқой адам-ның образымен солардың құлағына жеткізгісі келгендіктен осы бір құдіретті образ туған. Бұл образ қазір де бар,тірі. Мысалы кешегі Құдайберген, Тоқсын, Уәйіс,т,б, сияқты, қазіргі сахнадағы Бауыржан, Уәли, Жүсіп, Тұрсынбек сияқты актерларымыз бір замандарда Қожекеңнің прототипі болуы әбден мүмкін. Міне, балалар қазақ халқы үнемі шүкіршілікті, қана-ғатшылдықты еш уақытта жадынан шығармаған халық. Қазақтың ұлы ақыны Абай адамзатты бес асыл іске талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой - деп адамды адамгершілікке, ұқыптылыққа, әдемілікке шақырды емес пе.Олай болса, бар болғанымызға қанағат тұтып, сендерді салиқалы азамат пен азаматша болады деген үлкен сенім білдіре отырып, әділқазыларға сөз кезегін беремін. ( 2-ші топ жеңіске жетті, барлық оқушыларға «Қожанасыр әңгімелері» кітапшасы тараттым)
ІV.Үйге тапсырма: Аңызды әңгімелеу, мазмұны бойынша сурет салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.