Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қозы-Көрпеш-Баян сұлу -

Қозы-Көрпеш-Баян сұлу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2010 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О.А.Жаутыков атындағы
жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Асанова Индира Мукаевна

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;
ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;
б) Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген лиро-эпостық жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.
Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.
Жыр көп вариантты болып келеді.
Зерттеуші ғалым жылы Қай жерде,кімнен формалары
Орыс ғалымы
Саблуков 1830 Семейдегі көкпектілік жыраудан Жазып алған

Ғ.Дербісалин 1834 Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істеген Бір үлгісін хатқа түсіреді.
Андрей Фролов 1841 Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашы Қазақ ақындарының айтуынан жазып алған.
Ш.Уалиханов 1851 Атақты Жанақ ақыннан Жазып алады.
А.С.Пушкин Орынбор жанындағы ауылдарда болып Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.
М.Путинцев 1865 Қазақстанға келіп Жазып алып орыс тіліне аударады.
Академик Радлов 1870 Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді.
Профессор Н.Н.Березин 1876 «Түрік хрестоматиясы» кітабында Бір вариантын жариялайды.
Археолог ғалым Н.Пантусов 1898 Түрік өлкесін зерттеуші Қозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған.
Орыс тарихшысы
И.А. Кастанье 1910 Оренбург мұражайында Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады.
Советтік дәуірде М.Әуезов 1925
1936

1939 Мәскеуде
Алматыда

«Батырлар жыры» Бірінші рет басылып шығарылады.
Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады
«Батырлар жыры» жинағына енген.

Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.

Зерттеушілердің аты-жөні жылы еңбектері тұжырымдама
С.Сейфуллин 1932 «Қазақ әдебиеті» Радлов варианты бойынша тоқталады.
С.Мұқанов 1935 «батырлар жыры» туралы еңбегінде Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.
Қ.Жұмалиев 1944 «Қазақ әдебиеті» Халық жыры
Ә.Марғұлан
М.Ақынжанов 1958 «Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады.

Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.
Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.
Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.
Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.
Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Жырдың қандай варианттары бар?
2.Кімдер зерттеген?
3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқып, мазмұндап келуге беремін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.