Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
П п  дыбысы және  әрпі. -

П п дыбысы және әрпі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2024 | Размер: | Автор: гость
. 6.10.2015.
Білім беру саласы:Қатынас.
Білім көздері:Сауат ашу.
Тақырыбы:П п дыбысы және әрпі.
Мақсаты:Өткен әріптерді еске түсіре отырып,ойлау қабілеттерін арттыру.
П п дыбысымен таныстыру,п дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар
келтірту және осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту.
Дыбыстық талдау жасауға және сауатты жазуға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:парта,піл суреттері,кеспе әріптер,буындар,текшелер.
Іс-әрекет бөлімдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту. Шаттық шеңбері

Қуан,шаттан,алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгінде күн. Балалар барлығы бірігіп шаттық шеңберін орындайды.
Ізденістер.Ұйымдастыру. Балалар !өткен әріптерді қайталап алайық.
Ал,балалар бүгін бізге П дыбысы,әріп таңбасымен қонаққа келді.Мына көріп отырғанымыз П п дыбысының үлкен және кіші әріп таңбалары.
1.Пп дыбысы қатаң ,дауыссыз дыбыс.Айтылғанда ерініміз бір-біріне тиіп ,дыбыс кедергіге ұшырап айтылады. Сондықтан дауыссыз дыбыс.Көк түсті текшемен белгіленеді.
2.П п дыбысынан келетін сөздер айту,өткен дыбыстарды қатыстырып буын айту.(хормен)
АТ,ТА,ПА,АП

Пілдің суретін көрсете

отырып ,піл туралы білетіндерін әңгімелету. Піл туралы таныстыру.
(слаид)
3..Жұмбақ:

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(пияз)
Мұрыны насос ,кран да,
Кім таңқалмас бұл аңға.
(піл)
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.(піл).
4.Тақпақ оқу, П дыбысы кездесетін сөздерді табу.

Пайдалы деп , пияз жеп,
Парлады жас көзімнен.
(Піссінші біраз) , - деп,
Пысылдадым төзіммен.
Ұшақпенен ұштық,
Парашютпен түстік.
Паравозбен кеттік,
Астанаға жеттік.
Қабырғада карта,
Класс толы парта.
Керек енді оқу,
Оқығанды тоқу.!

Піл
Піл-ау, зілдей денеңді
Шаршадың ғой ауырлап,
Тынықсаңшы сен енді,
Бір уақыт жер бауырлап!

5.Піл ,парта,пияз суреттерін
Сыпаттата айтқызу,текшемен жазғызу.

6 .Дәптермен жұмыс:Балапан,піл,доп , сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,п дыбысының сөздегі орнын түсіндіру.
7.. Өткен дыбыстармен П дыбысын қосып буын,сөз құрастыртып оқыту.Хормен қайталату.
8.Қолды ауада жазып үйрету.
9.Жазба жұмысын жүргізу.
Үлгі бойынша П дыбысының кіші және бас
Әрпінің таңбасын үзік сызықтарды қосып жазу.

10 . КІТАП,ПАРТА,ПІЛ,ПИЯЗ
Сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
Сергіту.
Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой,Алақай ,Тамаша!
Шашу шашты жапырақ,бақтың іші алаша.
«Сөз ойла, тез ойла » ойыны.
,
Қорытындылау Балалардың жаңа дыбысты
Танып,берілген тапсырмаларды орындағандарын мадақтау. Балалар өз ойларын ортаға салып отырды.

Күтілетін нәтеже:Пп дыбысы оның әріп таңбасы туралы ұғымдарының қалыптасуы.
Түсінігі:Дыбыстың дауыссыз дыбыс және әріп таңбасының жазылуы туралы.
Көрсете білуі:Әріпті жазып, буындарды,сөздерді оқи білуі керек..
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.