.
.
Атырау қаласы Пайдалы қазбалар түрлері.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1305 | Размер: | Автор: гость№9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің
Бастауыш мұғалімі:
Жапакова Нура Шегирткалиева
Дүниетану
Тақырыбы: Пайдалы қазбалар түрлері.
Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. – оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Тау жыныстары қандай күйде болады? - Майда тау жынысына не жатады? - Пайдалы қазбалар деген не? - Кен деген не?
- Жердің төмен қойнауындағы қазбаларды қалай айтады? 2. Қорытындылау
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Пайдалы қазбалар түрлері.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі. Пайдалы қазбалар үш топқа бөлінеді. 1. Жанғыш пайдалы қазбалар. 2. Кен пайдалы қазбалар. 3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Жаңғыш пайдалы қазбалар: тас көмір, мұнай және газ.Кенге пайдалы қазбалар: темір, мыс, қорғасын, алюминий. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: фосфор, тұз, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз. 2. Сергіту сәті
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу: - Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? - Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі? Кенге жатпайтындардан ше? 3. Дәптермен жұмыс: пайдалы қазба деген не?
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.
VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Пайдалы қазбалардың түрлері – оқып түсінгенін айту. 2. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.