Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пайдалы қазбаларды қорғау. -

Пайдалы қазбаларды қорғау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1421 | Размер: | Автор: гость
. Мыңжасар Сәлима Шеріқызы,
№38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды қорғау.

Мақсаты: Пайдалы қазбаларды өндіру әдісімен таныстыру.
Міндеті:
1. Пайдалы қазбаларды өндіру әдісі олардың орналасуына байланыстылығын анықтау.
2. Пайдалы қазбаларды өндіруге қандай техника керек екендігін түсіндіру.
3. Пайдалы қазбаларды үнемдеу және қорғауға үйренеді.
Әдістері: Сөздік, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру, тест.
Түрі: Аралас сабақ.
Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық проектор.
Барысы: 1. Ұйымдастыру.
Ауа райын бақылау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест.
1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә)3
Б) 4
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ
Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ
Ә)құм
Б)металл
4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен, Семей
Ә)Қарағанды, Екібастұз
Б)Маңғыстау, Атырау
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А)тас көмір, мұнай
Ә)қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда
Ә)Орталық Қазақстанда
Б)Солтүстік Қазақстанда
7. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тұз, фосфорит,әктас
Ә) мұнай, гранит, тұз
Б) фосфорит, газ, металл
8. Бос тау жынысына не жатады?
А) құм, цемент
Ә) мұнай, газ
Б) құм, саз
9. Кен орны деп нені айтады?
А) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
10. Гранит қай тау жынысына жатады?
А) тығыз
Ә) бос
Б) жанғыш
Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.
1. Ә 6.ә 1 қате – “5”
2. А 7.а 2 қате – “4”
3. Б 8.б 3 қате – “3”
4. Ә 9.а 4 қате – “2”
5. Б 10.а
3.Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Суреттермен жұмыс.
Пайдалы қазба дегеніміз не?
Табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шауашылыққа пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтамыз.
Пайдалы қазбаларды үш түрлі әдіспен өндіретінін көрсету. Мұнайды бұрғылау әдісі арқылы құрлықта да, су түбінен де өндіреді. Оны темір жол арқылы немесе су жолы арқылы тасымалдайды (танкер). Оларды құбырлар арқылы да тасымалдайды. Мұнайды тасымалдау өте қиын. Тасымалдау кезінде әр түрлі апатты жағдайлар болуы мүмкін. Мұнаймен бірге газ да өндіріледі.

-Қазақстанның қай жерлерінде мұнай мен газ өндіріледі? Картадан көрсет. Ең көп шоғырланған жері қай жер?
Тас көмірді ашық карьерде немесе жер қойнауында болса шахта қазып та өндіреді. Оны арнайы бұрғылайтын комбайн арқылы бұрғылап алады.
-Қайда тас көмір өндіріледі? Картадан көрсет? Ол көмірдің қандай түрі?
Тасымалдағанда көбінесе темір жолды пайдаланады.
Шымтезек кенге жатпайтын пайдалы қазбаның түрі. Бұған алдымен алаң дайындалып одан кейін өндіріледі. Шымтезекті өндіріп болғаннан кейін ол дер болотаға айналады.
- Шымтезекті не ретінде пайдаланады?
Мынау кенді пайдалы қазбаны өндіру жолы. Металды осылай өндіреді. Өндірілген кенді пайдалы қазбаны металлургия зауытына апарады. Онда металды домна пешінде қатты қыздыру арқылы алады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын осы металлургия зауытында бастаған.
- Темір қай жерлерде өндіріледі? Картадан көрсет?
Сазды Қазақстанның барлық жерінде өндіреді деп айтуға болады. Құмды ашық карьерден де, су түбінен де өндіреді.
-Оны қайда қолданады? Таза құмнан не жасаушы еді?
Тұзды ашық карьерден өндіреді.

Пайдалы қазбалардың түрлері
1. Жанғыш пайдалы қазбалар
2. Кенді пайдалы қазбалар
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді талдай отырып оқыту.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Табиғи газ бен мұнай жайлы толтыру.
Кескіндеме картамен жұмыс. Мұнай мен газды картада белгілеу.
4.Бекіту.
Схема арқылы алған білімдерін бекіту.
Қорытындыла (схема бойынша мысал келтіріп)
Пайдалы қазбалардың қоры шексіз емес.
Оны қорғауға өз үлесіңді қос.
-Өз үлесіңді қалай қосатының жайлы пікірлеріңді айтыңдар.
Бағалау.
Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау, мұнайдан, жанармайдан басқа не өндірілетінін табу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.