.
.
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері. Пайдалы қазбалардың түрлері.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1685 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам
өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге,
өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық
қабілетін дамыту.
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп
пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,
сұрақ –жауап, ойын, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер,
слайд
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық.
- Қайырлы күн деп айтамыз
- Түсте бірге қайтамыз
- Отбасының гүліміз
- Көңілді өтер күніміз
3топқа бөлу
- 1 топ – «Әктас», 2 топ – «Күміс», 3 топ – «Қола».
Өткен сабақты еске түсіру
Есте сақта!
«Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады»
ІІІ Жаңа сабақ
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай үшке бөлінеді
1. Жанғыш пайдалы қазбалар
2. Кенді пайдалы қазбалар
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
- Қазақтың тұңғыш геологі Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен орны деп мақтан етеміз.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді оқыту (3 минут)
І топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.
ІІ топ: Кен пайдалы қазбалар.
ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелеу
Сурет бойынша жұмыс
Суретті толықтыру, қандай қазбадан жасалғанын айту.
Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:
- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.
Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын -
Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий - А
Дәптермен жұмыс:
Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу
Ойын «Сен –маған, мен-саған» сұрақ қою
ІV. Сабақты қорытындылау:
Ұсынылған тізімдегі қазба байлықтарды қасиеттерімен байланыстар. Нұсқалармен жұмыс.
Таскөмір, құм, мұнай, саз, темір, әктас
1. Жанғыш 9. Су өткізгіш
2. Қатты 10. Сусыма
3. Сұйық 11. Судан жеңіл
4. Судан ауыр 12. Газтәріздес
5. Қара түсті 13. Ақ түсті
6. Сары түсті 14. Ериді
7. Морт сынғыш 15. Созылмалы
8. Иісі бар 16. Су өткізбейді
17. Қоңыр түсті
көмір, шымтезек, темір, қорғасын, гранит, әктас,
мұнай, табиғи газ мыс, алтын, алюминий құм, саз, тұз
V. Үйге тапсырма:
Мәтінді оқу, Қазақстан картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Қобда мектеп-балабақша комплексі
Бастауыш сынып мұғалімі
Курганбаева Жанар Жасталапқызы
Ашық сабақ «Пайдалы қазбалардың түрлері»
Өткізген: Курганбаева Ж.Ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.