Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Педагогикалық технологияларды оқыту жүйесінде қолданудың тиімді жолдары -

Педагогикалық технологияларды оқыту жүйесінде қолданудың тиімді жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1595 | Размер: | Автор: гость
. Педагогикалық технологияларды оқыту жүйесінде қолданудың тиімді жолдары
Адилбекова Салиха- «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ, ОҚО ПҚБАИ ДБО тренері
Джылкыбаева Улмекен Батырхановна -Шымкент қаласы №82 Кенесары Қасымұлы атындағы жом, ағылшын тілі пәні мұғалімі
Нишанбаева Эльмира Бахадировна -Түркістан қаласы Шараф Ниязов атындағы жом,ағылшын тілі пәні мұғалімі
Қазақстанда білім беру жүйесінің басты мақсаты халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау. Яғни, адамды үздіксіз білім алуға үйрету. Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуде еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуде педагог мамандарымыздың білімі, біліктері жоғарғы деңгейде болуы үшін компьютерлік сауатты, инновациялық оқыту негізінде білім беруді меңгеруі шарт. Оқытудың инновациялық технологияларын сабаққа пайдалану заман талабы. Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық /оқыту/ технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әр түрлілік басым.Технология – Tehne – искусство, ремесло, мастерство, учение – деген мағынаны білдіретін грек сөзі.“Технология – өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы”, - деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген.Сонда педагогикалық технология дегеніміз не? Белгілі практик ғылымдардың осы сұраққа берген жауаптарын келтірейік.Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді /Кларин М.В./.Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі /Монахов В.М./.Технология – дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі /Чошанов М./.Педагогикалық технология практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы /Беспалько В.П./.Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда, оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады /Селевко Г./.Оқу процесін технологияландыру дегеніміз – білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі – қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті, оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.В.Л.Беспалько: “Технология – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба” – десе, Монахов: “Педагогикалық технология – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі” – деген анықтама бергені мәлім. Инновациялық технологиялардың мақсаты оқушыларға жаттап алу үшін білім бермейді, ол, әрдайым шығармашылық тәжірибені байытады, болашақ кәсіби маман ретінде әрбір оқушының тұлғалық өзін-өзі жетілдіру механизмін қалыптастырады. Инновациялық технолногиялар оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылық кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға, білімді сапалы, жүйелі қабылдай алуына септігін тигізеді. Сондықтан, оқытудың жаңа инновациялық технологиялары оқытудың ұжымдық түрін сақтай отырып, оңтайлы бағдарлама бойынша оқытуға мүмкіндік туғызатын, оқушылардың толық мөлшерде танымдық шығармашылық қабілеттері, мотивациялары мен жеке қажетсінулерін ескеретін тұтас дидактикалық жүйе. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Білім жүйесінің сыныптары мен топтарын сыни ойлауға жетелейтін технологиялардың көмегімен зерттеушілердің қауымдастығына айналдыру керек. Осылайша, баланың қарапайым табиғи қызығушылығы баға жетпес қасиет-танымға құштарлықты қалыптастырады. Әрине, ол үшін ең алдымен білім беру ордасы осы қабілетті қолдауы керек. «Зерттеушілер қауымдастығы» деген сөз тіркесін алғаш рет Чарльз Сандерс Пирс қолдана бастаған, алғашында бұл ұғымның аясы тар болған. Ғылыми зерттеулерге қатысушылардың тәжірибиесіне ғана қатысты айтылыпты және қауымдастық мүшелері ордтақ мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланатын процедуралар жиынтығы ретіне ғана қаралған. «Зерттеушілер қауымдастығы» деген ұғымның мәнісін орыс ғылымы М.В. Кларииннің анықтамасы да бере алады. Ол бұлай деген: «Бұл оқыту кезінде оқушылар түрлі ситуациялармен бетпе-бет келеді, мұғалімнің бағыт-бағдары мен танымы арқылы мәселені ұғынады және шеше алады». Зерттеушілер қауымдастығы дегеніміз тәлім алушылардың қауымдасып, өзара пікір алмасуы, сөйтіп зерттеуге деген талпынысы, мұнда оқушылар бірін-бірі құрметпен тындайды, өзгелердің пікірімен санаса отыра өз пікірлерін айтады, бір-бірінің ой түюіне көмектеседі. Педагог осы функциялардың бәріне асқан шеберлікпен бағыт беріп, зерттеу процесінің басты қатысушыларының бірі болуы тиіс. Оның міндеті – жаңа ақпарат іздеуге қол ұшын беру, мәселені шешу жолдары немесе жаңа амаладарын көрсету. Зерттеушілер қауымдастығы өзгені тыңдау , оның ұстанымын құптау арқылы қолдау көрсету, өзге көзқарастарды зерттеу тұрғысынан сынай алу секілді әлеуметтік дағдыларды қалыптастыра алатындығымен құнды. Қауымдастықта қарым-қатынас жан-жақты болады. Бұл дегеніміз –сан түрлі көзқарастар тоғысады. Уақыт өте ол күш-жігерді де талап етуі ықтимал. Өйткені, көптің талқысына түскен кез-келген ой күмән туғызуы мүмкін. Қайта қарауға мәжбүрлеуі де ықтимал. Ал, оған уақыт керек. Осы аралықта оқушы өзін қолайсыз сезінуі де ғажап емес. Егер қауымдастықта өзара сенім мен қамқорлық қалыптасқан болса, адам өз пікірін ешбір қиындықсыз ортаға сала алады. Ең өкініштісі – дискуссияға қатысушылардың үнсіз қалуы; біреулердің өз пікірін білдіруге батылы жетпейді, біреулердің ұялуы мүмкін, тағы біреу өз пікіріне наразылық білдіреді деп қорқуы ықтимал.Ақиқатты бірлесіп іздеу біреулер монологпен ғана шектелгенде немесе біреулердің еңбегін асыра мақтағанда нәтижесіз болуы мүмкін. Немесе әңгімелесуші өз көзқарасы туралы айтып жатқанда әлдекімнің өз идеяларымен ғана болуы, немесе әлдекімнің үстемдік танытуы ақиқатты бірлесіп іздеуге кедергі бола алады. Бірлесе іздену процесі адамды зор қуанышқа кенелтеді. Сондықтан қауымдастық мүшелеріне бірлесе әрекет ету тән. Өзгелердің идеясын талқылау ашықтыққа апарады, ол- ақиқатқа апаратын жол. Егер біз балаларымызды осыған баулығымыз келсе, диалог - білім берудің теңдесі жоқ тәсілі. Сәйкесінше, зерттеушілер қауымдастығы заманға сай қасиеттерді қалыптастыра алады. Мұғалім білім процесіндегі оқытудың «зерттеушілер қауымдастығы» атты моделін жүзеге асыратын маңызды тұлға. Өйткені қазір білімнің негізі әрекет болған шақта мұғалімніңде міндеті өзгеретіні анық. Ол ақпарат берушіден менеджерге айналып отыр. Педагог үшін қазір ең бастысы - оқыту процесін басқару , зерттеу. Мұғалімдер – координатор рөлінде, жетістікке жету жолындағы оқушының қызметін бағыттайтын көмекші ретінде болады. Модератор және оқушылардың жаңа оқу материалын ұғынудағы өзіндік танымын үйлестіруші. Оқу процесіндегі педагогтің рөлі оқушының өзіндік танымын ұйымдастырушы ретінде қаралуы керек. Оқушы өзі әрекет етуі тиіс. Мұғалім білім берудің осы философиясымен шәкірттерін әлемнің бар байлығын өз тәжірибесі арқылы сезінуге шақырады. Тәлім алатындай ситуациялар қалыптастырады және оны тәлімгердің өмірлік тәжірибесіне негіздейді, өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға көмектеседі,сан қырлылық пен ізденісті қолдайды. Сауал қойып,оған жауап іздеуге көмектеседі. Педагог зерттеуге , ізденуге, мәселені ұжым болып шешуге, ойлы диалогтарға деген қызығушылықты оятады. Педагог белсендірек болуға, ептілікке баулиды, әрекет етуге итермелейді, оқушыларға еркіндік бере отыра өз бастарымен ойлануға, ең қиын деген сауалдарды өз бетінше шешуге үйретеді.Осылайша, сыни ойлауды дамыту технологиясы мектеп, жоғарғы оқу орнындағы білім үдерісінде білім берудің заманауи ұстанымдарының бірі – жауапкершілікті бөлу принципіне осы үдерістің барлық қатысушыларын баулиды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ИмжароваЗ.У.,Ахметова А.У., Имжарова Ж.Н., Кушкимбаева А.С. Ақтөбе «ИПЦ-Көкжиек» 2012ж.
2. Стратегии для использования в любых предметных областях. Институт “Открытое общество”–Нью-Йорк. 2001.
3. Журнал. Некоторые вопросы образования. Алматы, 2003.
4. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004.
5. К.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.