Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Поэзия, менімен егіз бе едің?! -

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1586 | Размер: | Автор: гость
. Байқаудың тақырыбы: «Поэзия, менімен егіз бе едің?!»
Өткізілетін күні: 18.02.2015 жыл
Өткізілетін орны : № 34 орта мектебінің АКТ залы
Байқауға қатысушылар: 5-11-сынып оқушылары
Байқаудың мақсаты: М.Мақатаевтың мұрасын насихаттау,ұлы ақыннның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу,жас таланттарды,ақындарды тану,өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар ,қанатты сөздер, таңдамалы шығармалар жинағы, ақын туралы лебіздер.
Кеш барысы : -Қайырлы күн, ұлағатты ұстаздар, қымбатты қонақтар, озық ойлы үміткерлер!
«Ақынмын деп мен қалай айталамын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттау, жас таланттарды,ақындарды тану,өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты байқауымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі байқау үш тапсырма бойынша өткізіледі.
1. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» тапсырмасында қатысушы М.Мақатаевқа арналған өлеңін оқуы тиіс. Бұл ақынның поэзияда алатын орнын,суреткерлік бейнесін,қаламгерлік шеберлігін таныта аларлық шығарма болуы шарт.
2. «Ал екінші бақытым- тілім менің» кезеңінде қатысушының тіл тақырыбына арналған өлеңі оқылады. Шығармада ана тіліміздің баға жетпес байлығы ,сонымен бірге бабалардан қалған асыл қазынамыз және мелекттің басты тілі екендігі көрініс табуы тиіс.
3. «Болашағым, сен тұрсаң мен өлмеспін!» тапсырмасында «Күнделік жаз,жарқыным!» тақырыбында ақынның күнделігінен сыр шерту,ой толғау « Есіңе мені алғайсың» тақырыбында ақынның өлеңіне жазылған әнді орындау қажет.
Бүгінгі байқауға төрелік етіп,әділ шешімін шығаратын қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Әділқазылар алқасының төрағасы -----------------------------------
Мүшелері : 1--------------------------------------------------------
2------------------------------------------------------------
3-----------------------------------------------------------
«Сырым да осы, жырымда осы,
Алдыңда.
Байқашы сен,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ
Мақаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!»- деп ақын айтпақшы ақынның жолын жалғастырушы, байқау үміткерлерін қошаметпен ортаға шақырамыз
№1 үміткер----------------------------------------------------------------------
№2үміткер------------------------------------------------------------------------
№3 үміткер-----------------------------------------------------------------------
№4үміткер------------------------------------------------------------------------
№5 үміткер ----------------------------------------------------------------------
«Поэзия, менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім- деп поэзиямен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырымен бүкіл қазақтың жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды.
Бүгінгі біздің үміткерлер де жүрегінен орын алған аяулы ақынға жыр шумақтарын арнаған екен.
Олай болса байқаудың алғашқы алғашқы бөліміне кезек берейік.
Үміткерлер ақынның поэзияда алатын орнын,суреткерлік бейнесін,қаламгерлік шеберлігін таныта алатын ақынға арналған өлеңін оқиды.
(Ортаға үміткерлер кезекпен шақырылады)
Бірінші кезең бойынша қазылар алқасының шешіміне кезек берейік.
Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мүқағали ақын:
Ал екінші бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім-деп ана тілін бақытына балап,қасиетіне бас иді. Біздің байқауға қатысушы үміткерлер де ақын жолын жалғастырып, бабалардан қалған асыл қазына ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін жырға арқау етіп келіп отыр.
(Үміткерлерді кезекпен ортаға шақырамыз)
Екінші кезең бойынша қазылар алқасының шешіміне кезек берейік.
Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.
Сел-жырым ақтарылса арнасынан,
Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар.
Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,-деп тебіренген ақынның күнделігінен сыр шертіп ,ой толғайтын немесе ақынның өлеңіне жазылған әнді орындау үшін ортаға тағы да үміткерлерді шақырамыз.
(Үміткерлерді кезекпен ортаға шақырамыз)
Үшінші кезең бойынша қазылар алқасының шешіміне кезек берейік.

Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе-
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!-деген ақын жаратылысы бөлек жауһар жырларын болашаққа аманаттап кетті.
Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер.Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінер.Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге,әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау сәтіне кезек берейік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.