Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пропорция құруға  есептер шығару -

Пропорция құруға есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4086 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласының үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп – гимназиясының математика пәні мұғалімі Тастанова Мунира Охасовна

Мұғалімнің аты-жөні Тастанова Мунира
№30мектеп-гимназия
Сабақ атауы Пропорция құруға есептер шығару
Сілтеме Математика 6 сынып.
Оқыту әдістемесі.Дидактикадық материалдар
Жалпы мақсаты Пропорцияның негізгі қасиетін есептер шығаруда қолдана білу,пропорцияның белгісіз мүшелерін таба білу.
Күтілетін нәтиже 1.Пропорцияның негізгі қасиетін есептер шығаруда қолдана алады,пропорцияның белгісіз мүшелерін таба алады.
2.Топта жұмыс жасауға үйренеді.
3.Өзін өзі,өзара бағалауды үйренеді
Негізгі идеялар -оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі
оқытуын қалыптастыру,
-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,
- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру
Оқытудың/оқудағы тәсілі

1..Бірлесіп ойлау,қарам –қатынасты ынталандыру үшін топтарға бөлу..
2. «Ой қозғау» қызығушылығын ояту
3. «Кім тапқыр?» ойынын ұйымдастыру
4. Топтық жұмыс
5. Сергіту сәті
6. Оқушыларды формативті бағалау
7.Жиынтық бағалау
8.Үйге тапсырма беру
Оқыту әдістері СТО
АКТ
Топтық жұмыс
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Диалог
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
2 минут

3 минут

5минут

5 минут

10 минут

1 минут

6 минут

6 минут

2 минут

2 минут

2 минут

1 мин

I Ұйымдастыру
1) Сыныппен амандасу
2) Сенімге негізделген мықты қатынасты дамытуға көмектесу.
3) Топқа бөлу.

II «Ой қозғау» Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сынып материалдарын еске түсіру, пысықтау мақсатында интерактивті тақтадағы ауызша сұрақтарға
жауап беру, мысал келтіру.

ІІІ «Кім тапқыр?» ойыны арқылы қызығушылығын ояту
Интерактивті тақтадағы қатынастардан пропорцияларды дұрыс құру және оның дұрыстығын дәлелдеу.

ІV Топтарға тапсырма беру
І топқа қозғалысқа берілген есеп.
ІІ топқа тіктөртбұрыштың қабарғаларын табу
ІІІ топқа проценке берілген есеп

V Сергіту сәті
музыка ырғағына билеу

V І Топтарға логикалық тапсырмалар беру

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.бірлесе талдап,шығарып бір біріне түсіндіреді.болған соң тақтаға шығарып есептерін қорғайды.

VІІ «Кім шығармашыл» әр топ есептер құрады
Бір біріне күрделі және жеңіл сұрақтар қояды

V ІІІСабақ барысында мұғалім оқушының жауаптарын, атқарған жұмысын мадақтап формативті бағалау жүргізеді, бірін-бірі бағалайды.

ІХ жиынтық бағалау

Кері байланыс
БҮҮ стратегиясы бойынша парақшалар беріледі. Оқушылар бұрыннан білетінін, бүгін білгенін, тағы нені білгісі келетінін жазып береді.

ІХ Үйге тапсырма беру
Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап бір –біріне тілектер айтады.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сыни ойлау арқылы мысалдарды түсіндіреді.

Әр топ құрған пропорцияларын оқиды ,басқа топтар қатесі болса түзетеді.

Үдеріске барлық оқушы қатысады.Бірін бірі тексереді,тақтаға шығарып қорғайды.

оқушылар сергиді

топта бірлесе жұмыс жасайды,
өзара түсіндіреді

Топ мүшелері есептер құрады,басқа топтарға күрделі және жеңіл сұрақтар қояды,жауаптарын бағалайды.

белсенді қатысқан оқушыларды смайликтер арқылы бағалау

Бағалау парағына ұпайларын қойып,жалпы ұпайды есептейді

Оқушылар сабақтан алған әсерін
стикерлерге жазып тақтаға іледі

Сабақтың жабдықтары А- 3-4қағаз,түсті маркерлер,қарындаш,
стикерлер,интерактивті тақта,слайдтар
Келесі тапсырмалар/портфолио/ Жеке портфолиоға тақырыпқа қатысты жинаған деректерін енгізу
Келесі оқу Пропорцияға есептер құру , сұрақтар дайындау
Сабақты талдау Оқушылар түрлі фигуралар құрастыру арқылы топқа бөлініп,қағаздың арғы бетінде сабақ тақырыбын шығарып алады.Ой қозғау бөлімінде ауызша сұрақтарға жауап бере отырып,өтілген тақырыпты пысықтап еске түсіріп алады.Кім тапқыр бөлімінде интерактивті тақтада берілген қатынастардан пропорциялар құрады,олардан жаңа пропорциялар шығарады.Топтық жұмыстарды жарыса орындап,есептерін тақтада қорғап,дәлелдейді.Басқа топтар қосымша сұрақтар қояды.Сергіту сәтінде бәрі билеп,көңілдері көтерілді.Логикалық есептер шешуде,бір біріне сұрақтар қоюда,ойдан есеп құруға белсене қатысқан оқушылар көп болды.Тек бірен саран оқушылар тасада қалып қойды.Олардан келесі сабақта үй жұмысында осы тапсырмаларды бірінші сұрайтын боламын.Кері байланыста БҮҮ бойынша түсінбеген сұрақтарын сабақтың соңында түсіндіріп,қортындыладым.Сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.Үйге тапсырмаға пропорцияға бір есептен құрыпкелуді бердім.

Бағалау парағы
Оқушы________________________________
Сынып_______
Жұмыстың түрі
3 ұпай 2 ұпай 1 ұпай
1. «Ой қозғау» сұрақ жауап
2. «Кім шапшаң?» ойыны
3.Мазмұнды есеп шығару

4.Логикалық тапсырма

5. «Кім шығарма
шыл »есеп құру
6.Топтар бір-біріне сұрақ, есеп қояды

Барлық ұпай:_______

Бағалау критериі:
«5» алу үшін 16-18
«4» алу үшін 10-15
«3» алу үшін5-9
5 ұпайдан төмен алсаң, осы тақырыпқа қайтадан дайындалыңыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.