Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы -

Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1494 | Размер: | Автор: гость
. Сражова Саида Амановна,
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға құрақ құру, өрнектер құрудың техникасын түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау
жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын
және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ертеден келе жатқан салт- дәстүрін білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Нұсқау картасы, құрақ көрпеше, буклет, үлгілер, компьютермен жасалған слайдта.
Қажетті құралдар: мата қиындысы, ине- жіп, қайшы.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, сурет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, қажетті құралдарды тексеру, сабаққа даярлау.
ІІ. Өткен тақырыптағы, үйге берілген тапсырманы тексеру, қайталау.
Өткен тақырыбымыз матамен жұмыс, матамен жұмыс кезінде қажет құрал- жабдықтар. Матаның неден тоқылатынын, астарымен өңін қалай ажыратамыз осы жайында біліп үйрендік. Балаларға үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қойылады?
Сұрақтар:
1. Мата неден тоқылады?
2. Ертеде інені неден пайдаланған?
3. Табиғы талшықтарды ата?
4. Қандай геометриялық фигуралар бар?
Балалар енді матамен жұмыс кезінде құрал- жабдықтар пайдаланамыз. Сол құралдарды атап өтейік. Сызғыш, қайшы, ине- жіп, оймақ, бор, карандаш.
Енді мен сіздерге матамен жұмыс кезінде керек заттар туралы жұмбақтар жасырамын. Сендер жылдам шешуге тырысыңдар.
Жұмбақтар:
1. Күнде оны көремін,
Қиып, қырқып жүреді.
Тек өзіне керегін,
Ойып алып жүреді. (қайшы)
2. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,
Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине- жіп)
3. Саусаққа киіп ем тобатай,
Инені жүгіртіп оп- оңай.(оймақ)
ІІІ. Актуальдау.
Енді балалар матадан әртүрлі бұйымдар жасайтынын білеміз. Мата қиындыларын да іске асыруға болады екен. Бүгінгі сабағымыз сол қиындылардан құрақ құрау. Оны қалай құрамыз, түрлері қандай? Сол бойынша түсініп алайық.
ІV. Жаңа сабақ. Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы.
«Құрақ құрау да өнер» демекші бұл құрақ құрау ертеден келе жатқан олөнердің өзіндік мәні жоғалмай, сақталып келе жатқан өнердің бірі. Халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алған сәндік тәсіл. Құрақ дегеніміз түр түсі әртүрлі геометриялық пішіні әр алуан матадан, мата қалдықтарынан құрастырылатын өрнек.
Құрақ негізінен «құрау» деген сөзінен алынған. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады. Әр елде оны әрқалай атайды. Орыстарда «мозайка» немесе «пэчверк», ал батыста құрақ көрпеше жастық мағынасында атайды. «қалауын тапса, қар да жанады» демекші құрақты құрағанда, өзіндік реттерімен құрайды. Екі түрлі матаны қиылыстыра отырып, осы екі матаны түрін 5-6 рет қайталап, белгілі бір тәртіппен келіп отырса, өрнек болып шығады.
(Құрақ түрлерін көрсету)
Құраққа қойылатын талап – біреу- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және оның түстерінің үйлесімді болуы. Ертедегі шеберлеріміз, әжелеріміз, апаларымыз математиканы оқымаса да үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб жасай отырып құрақтардың үйлесімділігін тауып құраған. (Өрнектер құрау техникасы көрсетіледі)
Яғни, мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып отырған. Құрақтан: көрпеше, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсек жапқыш, төсегіш тігіледі. (бұйым түрлері көрсетіледі)
Құрастырылған қиындылар таза үтіктелген болуы керек алдын ала құрақтың суретін салып, сол бойынша пішеді. Одан соң бір- біріне жалғап тігеміз.

Сарамандық жұмыс
1. Жұмыс орнын дайындау.
2. Қажетті құралдарды орналастыру.
3. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
4. Оқушыларға жұмыс беру.
5. Жұмыстарын тексеру.
6. Кемшіліктерін айту.
7. Сабақты аяқтау, қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Ал тұмарша майда мата қалдықтарынан жасалады. Енді балалар алып келген мата қиындымыз бойынша біз құрақ көзін біріктіріп құрақ құрап көрейік.

Қауіпсіздік ережелері.

1. Сынған инені қолданба.
2. Жіпті тісіңмен қырқпа.
3. Қайшының үшкір жағымен, қасыңдағы адамға ұсынба.
4. Қайшыны көзіңе жақындатпа.
5. Қайшыны арнайы қобдишаға салып қой.
6. Жұмысың аяқталған соң, стол үстін жина.

Енді балалар жұмысымызды бастаймыз.
Мен сіздерге нұсқау картасын таратамын. Сол нұсқау картасы арқылы сіздер жұмыс жасай аласыздар.
Нұсқау картасы таратылады.
Жұмыс кезінде оқушыларға ережені естеріне түсіріп, көмек беру керек.
Физ минутка «Қаражорға» әні, кірпімен қосылып барлығымыз бийлейміз.
Жұмыс аяғында


«Сөзжұмбақ» көрсетіледі.

1 Т і г і н ш і 1. Шебер.
2. ...түбі береке.
3. Медбике киімі.
4. Ұлттық тағам.
5. Ұлттық өрнекі.
6. Тропик жеміс.
7. Көрпеше көктегенде пайдаланатын құрал.
8. Пропан.
9. Киім тігетін құрал.
10. Қыстың екінші айы.
2 Е ң б е к
3 Х а л а т
4 Н а р ы н
5 о ю
6 Л и м о н
7 О й м а қ
8 Г а з
9 И н е
10 Я н в а р ь

V. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта құрақ құрауды үйрендік, олай болса аяқтаған бұйымызды анамызға сыйлық жасайық .
VІ. Үйге тапсырма. . Қатырма қағаздан құрақ түрін жасап келу.
VІІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.