Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Рационал сандарға амалдар қолдануға  есептер шығару -

Рационал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2615 | Размер: | Автор: Публикатор
. 6-сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Спандияр Көбеев атындағы №56 жалпы орта
мектебінің математика пәнінің мүғалімі
Жусипова ҚаршығаЖорабекқызы

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдануға
есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Теріс сандарды қосу жолдарын меңгере отырып,
әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білуге
үйрету.
2. Дамытушылық – есептер шығару арқылы
оқушылардың ой-өрісін логикамен байқау,
математикалақ сауаттылыққа тәрбиелеу.
3. Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа,
жылдамдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
ІІ. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Үйге берілген есептердің шыққан, шықпағандығын тексеру.

Сабақтың жоспары:
1. Сәлемдесу
2. Тақырып бойынша анықтамалар беру (әр топ)
3. Есептер шығару
4. Сиқырлы квадраттар ойыны
5. Кім жылдам
6. Сергіту сәті
7. Ойлан тап
8. Қорытындылау

1. Сәлемдесу
«Алғырлар тобы»: Топ басшысы – Өсербай Сымбат
Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде.
Есеп шешіп жарысып,
Бар өнерге салайық ,-деп қарсылас топқа сәлем жолдайды.

«Білгірлер тобы»: Топ басшысы- Әлімбаев Әмірхан
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін мыйы бар- қарсылас топқа жалынды сәлем жолдаймыз.

ІІ. Әр топқа сұрақ:
1. Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?
2. Бүтін сандарға қандай сандар жатады?
3. Рационал сандар дегеніміз не?
4. Екі теріс санды қосу дегеніміз не?
5. Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін не істейміз?
6. Қарама- қарсы екі санның қосындысы неге тең?
7. Рационал сандарды азайту дегеніміз не?
8. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін не істейміз?

ІІІ. Есептер шығару
№408. Сандарды салыстырыңдар:
1. -4,35 және 4,3 -4,35 ˂ 4,3
2. -8 және -7 -8 ˂ -7
3. 6,81 және -6,9 6,81 > -6,9
4. - және – - ˂ -
5. - және - - > -
6. 0,9 және -1 0,9 > -1

№478. Қосуды орындаңдар:
-12+(-13)= -25; -85+(-91)= -176; -156+(-63)= -219;
-39+(-51)= -90; -64+(-56)= -120 ; -207+(-91)= -298;
-27+(-43)= -70; -57+ (-41) = -98

№479. Қосындыны табыңдар:
1) 17+(-50)=-33; 5) 58 + (-31) = 27 ;
2) 36 + (-60)=-24; 6) 130 + (-203) = -73;
3) 41 + (-73) =-32 7) 113+(-150) = -37
4) 210 + (-76)=-134; 8) 300 +(-39) = 261;

ІҮ. Сиқырлы квадраттар

«Алғырлар» тобына «Білгірлер» тобына

4

10

16



9
11

13


Шарты: бос тор көздерді тиісті сандармен толтыру керек. Сонда торкөздегі цифрларды тігінен де, көлденеңінен де, қиғашынан да қосқанда бірдей мәнге тең сандар шығуы тиіс.
1. 30 болатындай етіп 2. 33 болатындай етіп
орналастыру керек. орналастыру керек

Ү. Кім жылдам ойыны
1=2+2-2- 6=2+2+2+2-2
2=2+2+2-2-2 7=22:2-2-2
3=2+2-2+ 8=2*2*2+2-2
4=2*2*2-2-2 9=2*2*2+
5=2+2+2- 10=2+2+2+2+2

6. Сергіту алаңы:
1. Ереженің әріп түрінде жазылуы. (Формула)
2. 13 санның квадраты неге тең? (169)
3. Санауға қолданылатын сандар (натурал)
4. Қазақ тілінде қандай әріп цифрға ұқсайды? (З әрпі)
5. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді (радиус)
6. π-санының мәні. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы (π=3,14)

ҮІІ. Ойлан тап:
Логикалық сұрақтарға жауап беру керек
1. Футбол ойынында Ордабасы командасы бірінші тайымда өз қақпасына екі доп жіберіп алды. Ал, екінші тайымда бір доп жіберіп алды. Нәтижесінде қанша болды? (-3)
2. Ауа температурасы түсте үш градус суық еді. Ал, түстен кейін тағы бес градусқа төмендеді. Нәтижесінде қанша градус? (-8)
3. Сүңуір қайық 10 м ереңдікте болатын. Кейін тағы 5 м тереңдікке батты. Жалпы қанша метр тереңдікте болады?
-10м + (-5м)= -15м
4. Сатушы бірінші күні 500 теңге шығынға тағы ұшырады. Ал, екінші күні 210 теңге шығынға тағы ұшырады. Екі күнде қанша теңге шығын болды?
Сұрақтың жауаптарын өрнек түрінде жазып, нәтижесін шығарып айту керек.
-500+(-210)=-710

ҮІІІ. Қорытындылау:
Таңбалары әр түрлі, модуольдері тең емес екі санды қосу үшін;
1. Үкен модульден кіші модульді азайту керек;
2. Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек;

Үй тапсырмасы: №481, №482, №483

Оқушылар білімін бағалау
Үй жұмысын орындағандарына қарай, сыныпта сұраққа жауап беріп, ойындарға белсене қатысқандарына қарай оқушылар білімін бағалаймын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.